БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар қандай жағдайларда түзіледі?
2. Сұр-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?
З. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың классификациясы кандай?
4. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар Қазақстанның қай облысында кең таралған?
ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ-ШӨЛДІ ДАЛАЛАР ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың классификациясымен танысу.
3. Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтар субтропиктердің тау етегіндегі- шөлді далаларда таралған.
Сұр топырақтарға мынадай белгілер тән: кескінінің генетикалық қабаттарға нашар жіктелінуі; қарашірік мөлшерінің төмен болуы; сұрғылт-жалынды немесе жалынды түсті боялу; нашар қалыптасқан макроқұрылым; бүкіл кескінінің карбонаттылығы; топырақ фаунасының тіршілік әрекетінен пайда болған кеуектілік пен қазылған жолдардың болуы.
Бұл топырақтардың кескіні мынадай қабаттарға бөлінеді: А, В1, Вк, С. Сұр топырақтардың классификациясы 30- кестеде берілген.
30-кесте Сұр топырақтардың классификациясы
Тип
|
Типше
|
Тегі
|
Сұр топырақтар
|
Ашық
Типті (кәдімгі)
Күңгірт
|
Тұзданбаған
Сортаңданған
Шала дамыған
|
Сұр топырақтарды тұздану дәрежесі мен жеңіл еритін тұздардың орналасу тереңдігі бойынша және қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша (аз қалыңдықты А+В 40 см, орташа қалыңдықты 40-80 см және қалың 80 см) түрлерге бөледі.
Ашық сұр топырақтардың гумус мөлшері төмен. Қарашірікті қабаттың жалпы қалыңдығы (А+В1) 4050 см. Ашық сұр түсті болуына байланысты қарашірікті қабат А аналық жыныстан қиын ажыратылады. Оның қалыңдығы 6-12 см. Тың жерде қабаттың жоғарғы бөлігі тақталанған-қабыршақты құрылымды, төменгі бөлігі – нашар байқалатын кесекті. Ауыспалы қабат В1 өте аз гумусты, қоңыр-жалын реңді ашық-сұр түсті. Тығыздалған, құрттар мен жер қазушылар тіршілік әрекетінің іздері байқалады. Иллювиальды карбонатты қабат Вк анық байқалмайды, карбонаттардың жиналуына байланысты ашықтау жалынды түспен бөлінеді. С қабатында 100-120 см тереңдікте жиі дақтар, кристалдар түріндегі гипс кездеседі.
Типті (кәдімгі) сұр топырақтардың гумус мөлшері жоғарырақ. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 5580 см. А қабаты ашық-сұр немесе сұр түсті, жоғарғы бөлігінде жақсы шымданған, кесек құрылымды. В1 қабаты сұрғылт-жалынды түсті, бос, ірі тесікті кеуек. Карбонатты қабат сұрғыл-жалынды түс және ақ көзше таңбаларымен бөлінеді. Гипс кристалдары 130-200 см тереңдіктен бастап кездеседі.
Күңгір сұр топырақтар қалың қарашірікті кескінді, жиі 80 см –дейін және жоғары. Қарашірікті қабат күңгірт-сұр түсті, кесек құрылымды. Ауыспалы В1 қабаты қоңыр-жалынды реңді сұр түсті, тоң кесекті-кесекті құрылымды, кеуекті. Карбонатты иллювиальды қабат анық байқалады, карбонаттар ақ көзшелер түрінде болады. Гипс кристалдары 200 см тереңдікте жыныста кездеседі.
Бұл аймақта сұртопырақтармен қатар жеке тип шалғындық сұр топырақтар кездеседі.
Шалғынды-сұр топырақтар қарашірікті қабаттардың (А және В1) сұр немесе күңгірт-сұр түспен айқын бөлінуімен сипатталады, оларда таттанған дақ тар түріндегі артық ылғалдану белгілері жақсы байқалады. Гипс пен жеңіл еритін тұздардың бөлінуі жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |