БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары қандай жағдайларда қалыптасады?
2. Сұр күрең топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
3. Күрең топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
4. Қызыл топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
5. Сары топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
ЖАЙЫЛМА ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Жайылма топырақтарының классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма: 1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып жайылма топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Жайылма топырақтарының классификациясымен танысу.
3. Жайылма топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме. Жайылма өзен арнасы бойындағы тасқын су басатын, оның шөгінділерінен (аллювий) құралатын ойпаң жер. Жайылма үш бөліктен тұрады: арна бойындағы жайылма, орта немесе өзен бойы және терраса бойы. Жайылманың негізгі топырақтары шымды қатпарлы топырақтар, аллювиальды шалғындық топырақтар және аллювиальды батпақтық топырақтар.
Шымды қатпарлы топырақтардың беткейінде аз қалыңдықты шымды қабат Ад орналасады. Оның астында жеңіл механикалық құрамды нашар байқалатын кесек құрылымды қалыңдығы 20 см–ге дейін қарашірікті А қабаты орналасады. Кескіннің ерекшелігі анық байқалатын қатпарлылық. Қалыңдығы әртүрлі аллювийдің құмды, құмдақ және өте сирек жеңіл құмбалшықты қабаттар кезектеседі. Қарашірікті қабаттың төменгі бөлігінен жеке В ауыспалы қабатын бөледі. Кескінде тотықсыздану процестерінің белгілері болмайды. Шымды қатпарлы топырақтар арна бойы жайылмасының биіктеу бөлігінде орналасады.
Аллювиальды шалғындық топырақтар топырақ түзілуіне ықпалы болатын жер асты сулары жақын орналасқанда бірқалыпты аллювиальды режим жағдайында қалыптасады. Бұл топырақтар жақсы қалыптасқан гумусты кескінді, төменгі бөлігінде (В және С қабаттары) глейлену мен заттардың гидрогенді аккумуляция белгілері болады. Шымды қабаттың (Ад) астында анық байқалатын дәнді құрылымды ауыр механикалық құрамды қарашірікті қабат орналасады. Төменде дәнді-жаңғақты құрылымды және әртүрлі дәрежедегі глейлену белгілері бар жеке алмасу қабаты (В1 немесе В1g) орналасады. В1 немесе В1g қабатынан кейін жекеленген гумус дақтары мен анық глейлену белгілері бар, жаңғақты призмалы құрылымды В2g алмасу қабаты орналасады.
Аллювиальды батпақтық топырақтарда кескіннің үстіңгі бөлігінде торфты қабат немесе балшықты-шірінділі масса орналасады. Төменде глейлену жылдам дамиды. Торфты глейлі топырақтарда торфты қабат қалыңдығы 50 см-ден жұқа, торфты топырақтарда 50 см –ден қалың. Қалыпты жағдайда торфты қабат типті батпақтық төмегінгі торфты топырақтардағыдай ыдырау дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Бұл қабат жиі балшықтанған немесе темір, әк, кейде вивианттың аккумуляциясы байқалады. Далалы, шөлейт, шөл аймақтарда жиі батпақтық топырақтар тұзданған болады.
Балшықты- батпақтық топырақтардың кескінінде күшті ыдыраған жағылатын балшықты органикалық затпен қаныққан, ашық қызыл-сары глейлі дақтары бар шірінділі (гумусты) қабатты бөледі.
Жайылма топырақтарының кескінінде аймақтық топырақ түзілу ерекшеліктерінің белгілері сақталады – күлгіндену іздері, кебірлену, солодтану, сортаңдану және т.б.
Орманды далалы және далалы аймақ аллювиальды шалғынды топырақтары қарашірікті қабатының қалың болуы және гумуспен боялуының қою болуымен ерекшеленеді. Бұл топырақтарда карбонаттылық, кебірлілік пен сортаңдану байқалады.
Субаридті және аридті аймақ аллювиальды топырақтары қалыпты жағдайда карбонатты, жиі жеңіл еритін тұздар болады және қарашірікті қабаттың төменгі жағында химиялық байқалған кебірлі қабат болады немесе бүкіл кескінінің құйма қалыпты болуымен сипатталады.