Экономист (Жен)



бет56/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да
№18омл тұлғамен кездесу, 2 1 merged, 81 Урок Международный день Земли -3
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Тау етегіндегі- шөлді далаларда таралған топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?
2. Тау етегіндегі- шөлді далалар таралған топырақтардың классификациясы қандай?
3. Тау етегіндегі- шөлді далалар топырақтарының таралу аймағы?

ҚҰРҒАҚ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫ СУБТРОПИК ТОПЫРАҚТАРЫ


Сабақтың мақсаты: Сұр күрең, қүрең, қызыл, сары топырақтардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының морфологиялық белгілері мен қасиеттерін қарастыру.
2. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының классификациясымен танысу.
3. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Құрғақ субтропикалық дала аймағының негізгі топырақтары сұр күрең топырақтар мен күрең топырақтар, ал ылғалды субтропиктік аймақтың негізгі топырақтары қызыл және сары топырақтар.
Сұр күрең топырақтар ксерофитті шөптесін және бұталы өсімдіктер астында субтропиктік құрғақ климат жағдайында, карбонатты борпылдақ жыныста қалыптасады. Батыс Кавказ бен Батыс Тянь-Шань тауларының биіктеу бөктерлерінде таралған. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: АВtВкВСкСк. А қарашірікті қабат қалыңдығы 20-25 см, күрең-сұр түсті, кесек құрылымды. Метаморфты қабат Вt тығыздау, жаңғақ-кесекті құрылымды, карбонаттардың жаңа түзілістері байқалады. Вк карбонатты метаморфтық қабат. ВСк аналық жынысқа алмасу қабаты, карбонатты.
Сұр күрең топырақтар НСІ-дан беткейінен бастап қайнайды және жақсы қалыптасқан иллювиальды карбонатты Вк қабаты болады.
Сұр күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: күңгірт сұр күрең топырақтар, кәдімгі сұр күрең топырақтар, ашық сұр күрең топырақтар.
Күрең топырақтар құрғақ субтропиктік ормандар мен бұталар астында қалыптасады. Сұр күрең топырақтардан айырмашылығы күзгі-қысқы-көктемгі ылғалдану мөлшері жоғарырақ. Грузияда, Әзірбайжанның кейбір аудандарында, Орта Азиялық таулы өлкелерде және Қырымның оңтүстік жағасында орналасқан.
Күрең топырақтарда кескіннің ортаңғы бөлігінде балшықтану процесі анық байқалады. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: АВкtВС (ВСк)Ск. А қарашірікті қабат күрең немесе сұрғылт-күрең түсті, кесекті, қалыңдығы 15-30 см. Вкt метаморфты, тығыз, күрең, кесекті-жаңғақты, кейде карбонатты, қалыңдығы 20-30 см. ВС (ВСк) метаморфты, аналық жынысқа алмасу қабаты, біркелкі боялмаған, тығыздығы аздау, жиі карбонатты, Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.
Күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: сілтісізденген күрең топырақтар, типті күрең топырақтар, карбонатты күрең топырақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет