Мағжан:
Әке, мен де осыны көптен бері сұрайын деп жүр едім.....
Қазір
,
(Айфонын алып алдына қояды. Сұхбат)
Сіз, ...мамам... мамандық пен
жар таңдауда кетелескен
жоқпын
-
деп ойлайсыз ба?
Бекжан:
Адаспадым демеймін, мен де адастым.
Періште емес, өйткені, пенде
-
баспын.
Жетім
-
өкпем желпілдеп жүргенімде
Тобырға еріп, топалаң селге қаштым.
Босқа өткізген сәттерім, өкінішім
-
әттеңім... болмады емес, болды.
Бірақ,
оны қайталауға сенің қақың жоқ, балам!
Ал, енді анаң екеуіміз бір ауылдың түлегіміз. Көршінің қызы...
Анаңа келетін болсақ,... анаңның жөні бөлек, балам....
Қайта
айналып бір оралмас қайран жастығым
-
ай...
...Шешеңнің алдына барған кезде лүпілдеген жүрегіңді арпалыстырып,
жанарыңды тіктей алмай....
-
Сәлем....
-
Сәлем...
Айтайын деген сөзіңді айта алмай, мылқаудың күйін кешіп, жасырынып
қана жанасар үнсіз,тілсіз ғашықтықпен иығына иығыңды ғана түйістіріп
сырласар
қайран жастығым, қай қырдың астында қалдың екен....
Ең бастысы балам, анаң екеуміздің арамызда бауырмалдық болды.
Мейірім болды. Махаббат болды.
Достарыңызбен бөлісу: