«Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі



Дата27.02.2020
өлшемі14,33 Kb.
#58922
«Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі

іс-шараның қорытынды есебі

9-20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндік өткізілді. Іс-шара 9- қыркүйекте салтанатты түрде ашылып, оқушыларға Тіл мерекесіне орай өткізілетін ісшараның жоспарымен таныстырып өтті.

9-20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне орай әр сынып қабырға газетін шығару. 10 қыркүйекте «Тіл жүйрік те кім жүйрік» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Какимова А. С. 6-7 «б» сыныптар арасында танымдық сайыс өткізсе, 13 қыркүйекте «Жұлдызды сағат» дебаты 9 «б» сыныптар арасында Закымова С.Қ. ұйымдастырды. Қазақ тілінің құндылығын, оның бай екендігін түсіндіре отырып оқушылардың шеберліктері мен білімдерін терендете түсті. Сайыс екі команда арасында ұйымдастырып, оқушылар өз білімдері мен біліктіліктерін аямады және талас тартыспен оқушылар өздерінің мықты екендігін, қазақ тілін сүйе оқитындығын дәлелдеді.
Оқушылар әр сайысқа белсенділікпен қатысып өз білімдері мен біліктіліктерін көрсете білді. 14 қыркүйек аралығында 9-10 сыныптар арасында сурет пәнінің мұғалімі Хосан Ж «ТІЛ – тірлігімнің айғағы» интелектуалды сайыс (9-10 «а» сыныптары) өткізілді.
16 қыркүйекте «Абай дана, Абай дара қазақта» Абайдың 175 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы 5-7 «а» сыныптары ұйымдастырылды. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысында 7 «а» сынып Байтан Наурызбек бірінші орын иеленсе, Абайдың әндерін айтудан 7 «а» сынып оқушысы Қуандық Сүйіндік оза алға шықты.
«Язык –мост дружбы» атты сайысты орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Дюсембаева У. К 9-11 сынып аралағында ұйымдастырды. Сайыста оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете түсті. Сайыс өте тартымды өтті.

Ағылшын тілінен 5,7 «б» сыныптар арасында «We are the best of all» интеллектуалды сайысты Имаканова өткізсе, «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалді сайысты 5-8 сыныптар арасында жас маман Айбат Г. ұйымдастырды.



17 қыркүйекте «Біржан сал – өңір мақтанышы» Біржан салдың 185 жылдығына орай қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалісһмі Сагитова А. С. 5, 8 сыныптар арасында Біржанның өмірбаяны, өлеңдері жайында талдау, талқылау сайысы өткізілді. Оқушылар өз елімізтарихы және Біржан Сал жайында көптеген мағұлматтар алды. Сайыс өте қызықты, оқушылар арасында көптеген пікір таластар болды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Какимова А. С., Сагитова А.С орыс тілі пәнінің мұғалімі Дюсембаева Ұ. Қ, ағылшын тілі пәнінің Имаканова И. Ж. және Айбат А. ұйымдастыруымен 5-11 «а» сыныптар арасында «Үш тұғырлы тілдің әлемі» танымдық сайыс өткізілді. Мұғалімдер бірлесіп сайысты қызықты да, тартымды етіп, әртүрлі пәндер бойынша үш тілде сұрақтар қойып, оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім, біліктіліктерін кеңейтті. Оңкүндіктің соңғы күні жабылу салтанатына орай шағын концерт ұйымдастырды, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында онкүндікте белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет