бет 159/340 Дата 06.02.2022 өлшемі 0,75 Mb. #48445
Фатима . Менің күйеуім бар ғой.
Сәлима. Бар. Шақырған жұмысқа бара ғой , қарағым. Көппен араласасың , жақсылық көріп ашыласың , жамандық көріп ашынасың. Жаның байып , өрең өседі.
Фатима. Кім біледі?
Сәлима. Мен білемін. Қаншама кеңшілік кернеп , демократия орнасын , адам билік , мансап дейтін құдіреттерден қол үзе алмайды. Құзыры жоқ адам – қызыры жоқ адам. Билікке ие болатын жер – бұрын да, қазір де өзің барайын деп отырған – ақ үй. Онда аспай-таспай жүрген адам аз емес. Сен де сөйт! Жолың болсын!
Фатима. Рахмет, мама!
Қайрат келеді. Жаңағыдан гөрі қызулау.
Қайрат. Немене, әңгімелерің тағы да мен туралы ма? Айтыңдар-айтыңдар , мен оларыңа түкірмеймін де. Өмір "адамға бір-ақ рет беріледі , оны өкінбейтіндей етіп өткізу керек: ойнап-күл, ішіп-же!
Достарыңызбен бөлісу: