Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет10/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Құбыржолдары мен арматура


  1. Арнайы өкіммен энергетикалық объектінің әкімшілігі инженерлік-техникалық жұмыскерлердің (цехтар мен қызметтердің басшылары) ішінен құбырлардың жарамдылығы мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адамдарды тағайындайды.

  2. Күрделі және орташа жөндеуден кейін, сондай-ақ құбыржолдарының учаскелерін кесу және дәнекерлеумен байланысты жөндеу жұмысынан кейін, арматураларды ауыстыру, тіреуіштерді ретке келтіру мен жылу оқшаулығышын ауыстырудан кейін, жабдықты іске қосу алдында мыналар анықталады:

уақытша монтаждау және жөндеу тартқыштарының, конструкцияларының және құрылғылардың, ағаштардың жоқ болуы;

қозғалмайтын және жылжымалы тіреуіштері мен серпінді бекіткіштердің, құбыржолдарымен және арматуралармен қызмет көрсету баспалдықтары мен алаңдарының жарамдылығы;

салқын күйінде ілмек серіппелерінің және тіреуіштерінің тартылу мөлшері;

жылу орындарын ауыстыру индикаторларының жарамдылығы;

жылыту мен басқа да пайдалану режимдеріндегі құбыржолдардың еркін орын ауыстыру мүмкіндігі;

дренаждар мен ауаның, сақтандыру құрылғыларының жай-күйі;

құбыржолдарының көлденең учаскелеріндегі еңіс өлшемі мен олардың нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі;

арматураның қозғалмалы бөліктерінің жеңілдігі;

басқару қалқандарындағы тиекті арматураның шеткі жағдайының сигнализациясының нақты жағдайындағы (ашық-жабық) сигнализациясына сәйкестігі;

жылу оқшаулағышының жарамдылығы;

жөндеу құжаттамасының толық кешенінің болуы (схемалар, формулярлар, дәнекерлеу құжаттамасы, металлографикалық зерттеулердің хаттамалары, жөндеу жұмысынан кейінгі қабылдау актілері).


  1. Энергетикалық объектінің әкімшілігі аталмыш энергетикалық объектідегі құбыржолдарын пайдалану кезінде нақты шарттарын ескеретін жергілікті нұсқаулықты әзірлеуі және бекітуі керек.

Құбыржолдары мен арматураларды пайдалану кезінде нұсқаулыққа сәйкес мыналар бақыланады:

құбыржолдарының жылу ауыспалылығының мөлшері мен олардың индикатор көрсеткіштері бойынша есептік мәніне сәйкестігі;

құбыржолдарының қысылуы мен жоғары дірілінің болмауы;

сақтандыру құрылғылары, арматуралар мен ернемектік қосылыстарының тығыздылығы;

іске қосу мен тоқтату кезіндегі металл жұмысының температуралық режимі;

ілмек пен тіреуіш серпілісінің жұмыс орнында және салқын күйде созылу деңгейі – 2 жылда кемінде 1 рет;

арматураның сальниктік тығыздалуының тұмшалануы;

нақты орналасуы бойынша басқару қалқанындағы реттеуші арматуралардың жай-күйі көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ЖК) сәйкестігі;

мойынтіректер майының, жетек механизмдері тораптарының, шпиндель винт буының, арматураның электр жетектерінің редукторларында оймалы төлкенің болуы.


  1. Суытылмаған бу құбырларының ортасын толтыру кезінде құбыржолдары мен жұмыс ортасындағы температураның әртүрлілігін бақылау қамтамасыз етіледі, ол есепті мән шегінде болуы керек.

  2. Дренаж жүйесі құбыржолдарының ысу, суу және босауы кезінде ылғалды толық жоюды қамтамасыз етеді, ол үшін соңғылардың ортаның жұмыс қысымы кезінде тиісті қанықтыруға сәйкес температураға дейін сақталатын, көлденең учаскелердің еңісі 0,004 градустан артық болмау керек. Құбыржолдарының бөлшектері мен элементтерін ауыстыру кезінде құбыржолдары білігінің жобалау жағдайын сақтау қажет.

Дренаж желісінің қабатында құбыржолдарының қысылуынан алшақ болу үшін жылу ауыстырушылығының бағыты ескеріледі.

Бірнеше құбыржолдарының дренаж желілерін қосу кезінде олардың әрқайсысына бекіту арматурасы орнатылады.



  1. Құбыржолдары мен арматураларды жинақтау кезінде қызмет көрсету мен арматураларды жөндеу мүмкіншіліктері қамтамасыз етіледі. Бу құбырларының жылу орталықтарының индикаторлары мен арматураларын орнату орындарында қызмет көрсету алаңы орнатылуы тиіс.

  2. Арматурада құбыржолдарының технологиялық схемаларына сәйкес атауы мен нөмірі, сондай-ақ штурвалдың айналым бағыттарының көрсеткіштері жазылады.

Реттеуші қақпашалары реттеуші органдардың ашылу деңгейінің көрсеткіштерімен, ал тиекті арматура «Ашық» және «Жабық» деген сөздермен жабдықталады.

  1. Құбыржолдары, арматуралар мен арматураны қашықтықтан басқару элементтерін жөндеу, құбыржолдарының жөнделетін учаскелерін бөлшектеу бітеуіштерін орнату және алып тастау рұқсат беру наряды бойынша ғана орындалады.

  2. Шеберхана жай-күйінде жөнделген арматура қақпақтың бітелгендігі, жұмыс кезінде 1,25 тең, қысымды сальник, сильфон және ернемек тығыздылығы бойынша сыналады.

Құбырлар жолдарынан кесілмей жөнделген арматура жабдықты іске қосу негізінде ортаның жұмыс қысымының тығыздылығы бойынша сыналады.

Құбыржолдары мен арматуралардың жылу оқшаулығышы жұмысқа жарамды болуы тиіс. Оның қоршаған ауа температурасы 25 0С болған кезде оның жоғарғы қабатының температурасы 45 0С жоғары болмауы тиіс. Мерзімді бақылануға тиіс ернемек қосылыстарының, арматура мен құбыр учаскелерінің жылу оқшаулағышы (дәнекерлеу байланыстырушылары, жылжығыштығын өлшеу үшін дөңесше) алмалы-салмалы болуы тиіс.

Ашық ауада және май бактарына, май құбырларына, мазут құбырларына жақын орналасқан құбыржолдарының жылу оқшаулағышы ылғалдылық немесе жанушы мұнай өнімдерін сіңіруден сақтандыру үшін металл немесе басқа жабыны болуы тиіс. Кәбіл желілеріне жақын орналасқан құбыржолдарының да металл жабыны болуы тиіс.

Жұмыс ортасының температурасы қоршаған ауа температурасынан төмен объектілер коррозиядан қорғануы тиіс, гидро және жылу оқшаулығышы болуы тиіс.

Жылу оқшаулағышы үшін металл құбыржолдарының коррозиясын тудырмайтын материалдар қолданылады.

Қорғау жабыны жоқ құбыржолдары оқшаулағышы сырлануы тиіс. Қорғану жабыны болған кезде оның беткі қабатына таңбалау дөңгелектері қойылады.

Жаңа бу мен аралық қызып кету қоректік құбыржолдарында, бу құбырларында, сондай-ақ олардың арматураларында құйым, жарық байқалған кезде авариялық учаскесі жедел түрде ажыратылады. Егер ажырату кезінде авариялық учаскені резервілеу мүмкін болмаса, осы учаскемен байланысты жабдық тоқтатылады.

Арматура қатаң түрде оның функционалдық белгілеріне сәйкес пайдаланылады. Реттуші ретінде тиекті арматураны пайдалануға жол берілмейді.



Күлді ұстау және күлді шығару
Күлді ұстау қондырғылары


  1. Қатты отынмен қазандықтың жұмыс істеуі кезінде күлді ұстау қондырғыларының үздіксіз жұмысымен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс істемейтін күлді ұстау қондырғылары бар қазандықтарды пайдалануға жол берілмейді. Электр сүзгілерінің әр түрлі өрістеріндегі екі немесе одан да көп бункерлердегі күлдің ең жоғары деңгейіне дейін жеткені туралы дабыл түскен кезде ылғалды күл ұстаушы қондырғылармен тамшы ұстаушыларды суландыруды тоқтату немесе одан пульпаны жоюды тоқтату кезінде олқылықтардың себептерін анықтау мен жою шараларын қолдану қажет.

Ұсталған күлдердің жиналуы үшін күл ұстаушы қондырғыларының бункерлерін пайдалануға жол берілмейді. Ол бункерден үздіксіз жойылуы тиіс.



  1. Газ немесе мазутпен қазандықты жағу кезінде электр сүзгілерінің жоғары кернеуі төмендемеуі тиіс, қағу механизмдері жұмысқа кіруі тиіс, бункерлер мен оқшаулағыш қорапшалар жылумен қамтамасыз етіледі. Қатты отынды жағу үшін қазандық ауыстырылғаннан кейін бункерлердің дірілді қопарғыштары немесе аэрациялау құрылғылары іске қосылады, электр сүзгілеріне жоғары кернеуді жеткізу уақыты өндірістік нұсқаулықта көрсетіледі.

  2. Электр сүзгілерінің бункер астындағы үй-жайларында ауа температурасы 12 0С төмен болмауы тиіс. Бункерлердің қабырғаларының температурасы мен күл ұстағыш қондырғыларының кеміп қалуы түтін газынан тұратын су буының конденсациясының температурасы 15 0С жоғары болған күйінде ұсталады.

15 0С және одан төмен температуралы аймақтарда электр сүзгілерінің ашық тұтастандырылуы бар электр станцияларында электр сүзгілері іске қосылар алдында жағылған отынның түтін газының өсуінен жоғары температураға дейін алдын ала ыстық ауамен жылытылады.

Дымқыл күл ұстағыш қондырғыларын суландыру, сондай-ақ электр сүзгілері мен батареялық циклондардың күлді ағызу аппараттарына суды жеткізу, ауа-күлді шығару жүйесінің аппаратына ауаны жеткізумен электр сүзгі жұмыстарына бақылау жүйесін қосу мен бункерлердегі күлдің болуы қазандық жағылғанға дейін жүзеге асырылады.



  1. Электр сүзгілерінің түтін газдарының температурасы көтерілген кезде барлық өрісінен жоғары кернеулікті алып тастау қажет. Электр сүзгіде оттың тұтануы байқалған кезде, қазандықты тоқтатып, авариялық жай-күйін жоюға кіріскен жөн.

  2. Күл ұстаушы қондырғыларды пайдалану режимі төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

электр сүзгілері үшін – түтін газының белгілі температурада электр қуатымен қоректендірудің оңтайлы параметрлерімен және электродтарды қағудың оңтайлы режимдері;

дымқыл күл ұстайтын қондырғылар үшін – кемінде 15°С дымқыл газ шығы нүктесінен жоғары (су буы бойынша) аппараттардан кейінгі газ температурасы мен суаратын судың оңтайлы шығыны;

батареялық циклондар үшін – аппараттардың оңтайлы аэродинамикалық кедергілері.


  1. Ылғалды күл ұстағыш қондырғыларын пайдалану кезінде шашырата алып кетудің алдын алу шаралары қарастырылады. Ылғалды күл ұстаушы қондырғыларға электр сүзгілерді орнату кезінде шашырата алып кетуге жол берілмейді.

  2. Күл ұстаушы қондырғылардың жай-күйі оларды пайдалану жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес бақыланады.

  3. Қазандықтың 3 тәуліктен артық мерзімге тоқтатылуы кезінде күл ұстаушы қондырғылар тексеріледі және шөгінділерден тазартылады.

  4. Күл ұстаушы қондырғыларды сынау олардың монтаждаудан, мамандандырылған аттестациялаудан өткен ұйымдардың күрделі жөндеуі мен қайта жаңғыртуынан кейін пайдалануға енгізуі кезінде орындалады.

Күл ұстаушы қондырғыларды сынау үшін газ өткізгіштерінің өлшеу учаскелері болуы тиіс және штуцерлермен, лючкалармен және басқа да құрылғылармен, сынау кезінде пайдаланылған құралдармен қызмет көрсету үшін жарықтандырылған стационарлық алаңдармен жабдықталуы тиіс.

  1. Күл ұстаушы қондырғылар жылына кемінде 1 рет оларды пайдалану тиімділігін тексеру мақсатында және жұмыстарын жақсарту бойынша шараларды әзірлеу қажеттілігі туындаған кезде жедел әдістеме бойынша сыналады.


Күл-қожды шығару жүйелері мен күл үйінділері


  1. Күл-қожды шығару жүйелері мен күл үйінділерін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:

күл үйінділеріне, құрғақ күл қоймаларына күл және қождарды уақтылы, үздіксіз және үнемді жою мен қаттап тастау, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тиеу;

ішкі және сыртқы күл-қожды шығару жабдықтарының, қондырғылары мен құрылыстарының сенімділігі;

құрғақ күл қоймалары мен күл үйінділерінің жұмыс сыйымдылығын тиімді пайдалану;

ауа және су бассейндерінің, сондай-ақ қоршаған аумағының күлмен және ағынды сумен ластануының алдын алу.



  1. Гидро және ауа-күлді шығару жүйесін пайдалану мыналарды қамтамасыз ететін режимде ұйымдастырылады:

су, ауа және электр энергиясының оңтайлы жұмсалуы;

күл-қож құбырларының барынша ескірмеуі;

сыртқы қойыртпақ өткізгіштер мен су құбырларын мұздатуды, күлді ағызу аппараттарын, арналар мен қойыртпақ қабылдаушы бункерлерді тұнбаландыруды, бункерлерде, тесіктер мен тұрып қалған күлдерді тазалайтын күл құбырларында күл қалдықтарының жиналуын болдырмау.

Ауыр еритін қосылыстармен судың қанығуын және өлшенген қатты бөліктердің тұнығуын (ағару) жою үшін бассейннің қажетті көлемі мен тұндырма тереңдігі қарастырылады.



  1. Гидро-күлді шығару жүйесін пайдалану кезінде трактілер мен жабдықтардың тығыздылығы, арналардың, күл-қож құбырларының, жабдықтарды жедел қайта қосу қондырғыларының қаптау және жабу жарамдылығы қамтамасыз етіледі.

Ауа-күлді шығару жүйелеріндегі май, ылғал және тозаңнан қалған ауаның тазартылуы, сондай-ақ күл құбырларының, аралық бункерлерінің және күл қоймаларының ыдыстарының ылғалды болуының алды алынуы тиіс.

  1. Күл-қождың айналымды (жабық) гидравликалық жүйесін пайдалану мыналарды қарастыратын ағынсыз режимде ұйымдастырылады:

орташа есеппен жылына су теңгерімін қолдау;

техникалық мақсатта тазартылған суды (қазандық жылытқышының, күлді ұстау қондырғыларының бетін жуу, күлді үй-жайларды гидротазалау, багералық сорғылардың мойынтіректерін тығыздау, күл үйінділерінің құрғақ учаскелерін суландыру, суды бүрку жолымен газды салқындату, бетон ерітінділерін дайындау) және гидрокүлді шығару (бұдан әрі – ГКШ) жүйесіне құятын ағынның бағытын басым пайдалану.



Күл үйінділерінен тазартылған суды өзенге және табиғи су қоймаларына құюға аймақтық табиғатты қорғау органдарының келісімімен ғана жол беріледі.

  1. Қосылған судың жалпы саны күнтізбелік жыл ішіндегі жүйе бойынша оның нақты шығынынан аспаған кезде ГКШ-дың айналым жүйесіне бөгде суларды ағызуға жол беріледі.

Қосылма су ретінде ең ластанған өнеркәсіптік ағынды су пульпаны айдайтын құрылғыға қарай ағызылады.

  1. Тазаланған су жетпеген кезде ГКШ айналым жүйесін техникалық сумен толықтыруға сорғылардың оқшауланған тобының техникалық суға ауыстыру арқылы жол беріледі.

Сорғылар мен құбыржолдарында, таза судың бейтарап немесе қышқыл реакциясының жүйесінен басқа, техникалық және таза суларды араластыруға жол берілмейді.

  1. Қож шығарудың механикаландырылған жүйесінің қож ванналарында қождың салқындауын қамтамасыз ететін және оттықтың ауаны соруын болдырмайтындай су деңгейі болуы тиіс.

  2. ГКШ-дың шаю және қозғау шүмегінің жүйесінің жай-күйі жүйелі түрде бақыланады және де есептеумен салыстырғанда оның ішкі диаметрі кемінде 10 % ұлғайған кезде шүмек ауыстырылады.

  3. Гидро- және ауа-күл шығару жүйесінің бақылау-өлшеу құралдары, технологиялық қорғану құралдарының, блоктауы мен сигнализациясы жарамды болуы тиіс және жүйелі түрде тексеріледі.

  4. Резервке немесе жөндеуге шығарылатын гидро- және ауа күл шығару трактының іші тазартылуы және қажет болған кезде сумен шайылуы немесе ауамен үрленуі тиіс.

  5. Сыртқы ауаның теріс температурасы кезінде ГКШ жүйесінің істен шығарылатын кезде таза суының пульпа құбырлары мен құбыржолдары олардың мұздап қалуын болдырмау үшін уақытында дренаждалуы тиіс.

  6. Күл-қож құбырларының тозуы мен уақтылы құбырды бұру жүйелі (кесте бойынша) бақылануы тиіс. Минералдық шөгінділерден құбыржолдарын тазарту құбыржолдарының гидравликалық кедергісі 20 % (судың, пульпаның өзгеріссіз жұмсалуында) көтерілген кезде ғана жүргізіледі.

  7. Күлқождарын (пульпақұбыр, күлқұбыры, шүмек) жинақтау мен шығару жүйесінің элементтерінің жоғары абразивтік тозуы кезінде осы элементтерді тозудан қорғау үшін (тастан құйылған бұйымдарды, абразивтік төзімді металдарды) шаралар қабылдануы тиіс.

  8. Қажет болған кезде, пульпа құбырларының және жер үстіндегі құбырлардың еңісі тексеріледі, құбырларды түзету жүргізіледі немесе қосымша дренаждар орнатылуы тиіс.

  9. Жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру күл және қож шығаруды пайдалану тәжірибесі негізінде құрылған кесте бойынша ұйымдастырылуы тиіс. Аталған кестеге күл-қож шығару жүйесі жұмысының өзгертілуі кезінде (отын түрінің өзгеруі, қосымша қазандықтарды қосу) түзетулер енгізілуі тиіс.

  10. Күл үйінділерін сумен және күл-қожбен толтыру, сондай-ақ, күл үйінділерінен күл-қожды шығару жоба бойынша жүзеге асырылады.

  11. Күл-үйінділер бөгетін пайдалану және техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың 5-тарауының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

  12. Жұмыс істеп тұрған электр станциясының күл үйіндісімен толтырылуы аяқталғанға дейін кемінде 3 жыл ішінде жаңа сыйымдылықты құру жобасының болуы қамтамасыз етіледі.

  13. Күл үйінділерінің, бассейндер және таза су арналарының шекарасында, сондай-ақ жолдарда, күл шығарудың сыртқы жүйесінің орналасқан аймағында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.

  14. Күл үйінділерін толтыру деңгейін бақылау үшін жылына 1 рет су деңгейінен жоғары орналасқан бетінің күл-қож шөгуін тегістеу және тіркелген тұстамалар бойынша су тоғанының тереңдігін өлшеу жүргізіледі.

Күл-үйінділерін толтырудың жол берілген деңгейі рейкалармен (реперлермен) белгіленеді.

  1. Қоршау бөгеттерін жобасыз көбейтуге жол берілмейді. Күл-қож материалдарынан және жұмсақ топырақтан (саздақ, құмдақ) бөгеттерді көбейту кезінде жұмыс жылдың жылы уақытында орындалады.

  2. Құрылыстардың күтімін және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар (баспалдақтар, көпіршелер, қоршаулар және басқалары) жарамды күйде болуы қажет.

  3. Әрбір электр станциясында жыл сайын күл мен қожды шығару мен жинақтау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді және орындалады.

Жоспарға мыналар енгізілуі тиіс:

жабдықты, таза судың пульпақұбырларын қарап тексеру мен жөндеу кестесі;

шөгінділерден құбыржолдарын тазалау, бөгеттерді көбейту кестесі, тозаңданудың алдын алу бойынша іс-шаралар, істен шыққан күл үйінділері жерін қайта қалпына келтіру және басқалары.

Станциялық жылыту қондырғылары


  1. Жылыту қондырғыларының жұмыс режимі (кері және берілу құбырларындағы қысым және берілетін құбыржолдарындағы температура) жылу жүйесі диспетчерінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылады.

Су жылу желісінің берілетін желісіндегі су температурасын жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температура кестесіне сәйкес желінің ұзындығына, климаттық жағдайы мен басқа да факторларға байланысты жылу желісінің диспетчері белгілейтін 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша беріледі.

Электр станциясының бас ысырмасының берілген режимінен ауытқуы мынадан аспауы тиіс: жылу желісіне түсетін су температурасы бойынша ±3 %; берілу құбыржолдарындағы қысым бойынша ±5 %, кері құбыржолдарындағы қысым бойынша ±0,2 кгс/см2 (± 20 кПа). Жылу желісінен берілетін кері судың орташа тәуліктік температурасы берілген кестеден 3 % ғана асуы мүмкін. Кестемен салыстырғанда кері су температурасының төмендеуі шектелмейді.

Желілік судың есептелген шығысының асып кетуі кезінде, жылу желісінің диспетчері есептеу шығыстарын қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет.

Электр станцияларының коллекторларында будың қысымы мен температурасын ауытқуы берілген параметрлерден ±5 % артық болмауы тиіс.



  1. Әр желілік жылытқыш және жылытқыштар тобы үшін жобалық деректер мен сынақ нәтижелері негізінде:

есептелген жылу өнімділігі және оған сәйкес жылытатын бу мен желілік параметрлері;

температуралық арын және желілік суды жылытудың ең жоғары температурасы;

су және будың шекті жол берілетін қысымы;

желілік судың есептелген шығысы және оған сәйкес арынның шығыны орнатылады.

Сонымен қатар, осы сынақтар негізінде желілік судың жұмсалуын есептеу кезінде жылыту қондырғысының су қосымша жабдығында, құбыржолдарында, жылыту қазандықтарында арынның шығыны анықталады.

Сынақтар қайтадан жөнделген жылыту қондырғыларында және жүйелі түрде пайдалану процесінде (3-4 жылда 1 рет) жүргізіледі.



  1. Желілік жылытқыштардан шығатын, жылу желілерінің істен шығарылуы кезіндегі, сондай-ақ, жылу желісінде орналасқан араластыру станцияларындағы су температурасын реттеу сағатына 30 0С аспайтын жылдамдықпен бір қалыпты болуы тиіс.

  2. Желілік жылытқыштар жұмысы кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:

конденсат деңгейін және деңгейді автоматты ұстап тұратын құрылғысының жұмысын бақылау;

бу кеңістігінен конденсатталмайтын газдарды бұрып әкету;

температуралық арынды бақылау;

тораптық судың жылытылуын бақылау;

жылытылатын бу конденсатының сапасы бойынша гидравликалық тығыздықты бақылау.

Жылуалмасу аппараттарының ластанған құбыр жүйесі жүйелі түрде, бірақ кемінде жылына 1 рет (жылу беру маусымының алдында) тазартылып отырады.



  1. Резервті автоматты қосу үшін арналған құрылғылар іске кірісуге әрдайым дайын болуы тиіс және энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрде тексерілуі тиіс.

  2. Жылу желілерін толықтыруға арналған қондырғы жұмыс режимінде химиялық тазартылған деаэрацияланған сумен және шаруашылық-ауыз су жүйесінің немесе өндірістік су құбырларының сумен авариялық қоректендірілуін қамтамасыз етеді.

  3. Осы Қағидалардың 495-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін толықтыру үшін суды ағызып жеткізудің әр жағдайы электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен жүргізіледі және ағызылып жеткізілген судың мөлшері және сумен жабдықтау көзін көрсете отырып, жедел журналға белгіленеді.

Толықтыру құрылғысының техникалық, айналымды немесе су құбырының суымен құбыржолдарының жалғану кезінде екі жабық және пломбаланған ысырма арасында бақылау мақсатындағы қақпақшалар көзделеді. Жылыту желілерінің қалыпты жұмысы кезінде бақылау қақпақшалары ашық болуы тиіс.

  1. Толықтыру-ағызу құрылғылары тораптық сорғылардың сору жағынан берілген қысымды ұстап тұруы тиіс.

Қысымның кенеттен көтерілуінен кері құбырларды қорғау қарастырылуы керек.

  1. Бак-аккумуляторлар мен қор ыдысы температурасы 95 0С жоғары емес химиялық тазартылған деаэриацияланған сумен ғана толтырылады. Жеткізуші құбырдың өткізу қабілеттілігі бактың толтырылу мен тазартылуының ең жоғары жылдамдығына сәйкес келуі тиіс.

Жылу оқшаулағышсыз жобаланған бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарын толтырудың шекті деңгейі оқшаулауды орындау кезінде жылу оқшауламасының массасы бойынша эквивалентті биіктігіне дейін төмендеуі тиіс.

Егер бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстары ретінде өнімнің 0,9 т/м3 тығыздығына есептелген мұнай өнімдері үшін бак қолданылса, бактың толтырылу деңгейі 10 % азайтылуы тиіс.



  1. Бактың көшкін тәрізді қирауының алдын алатын сыртқы конструкциясын күшейтпей және ішкі бетінің коррозияға қарсы қорғаныссыз бак-аккумуляторларды пайдалануға жол берілмейді.

Бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының жай-күйін бағалау, олардың бұдан әрі пайдалану жарамдылығын анықтау ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын ажырату кезінде құрылым мен бак негіздерін, құбырлардың қарымталау қондырғыларын, сондай-ақ, энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен актіні құрастырумен жеткізуші құбырларды көзбе-көз қарау арқылы жыл сайын жүргізіледі.

Құбырлары мен түбінің қалыңдығын анықтай отырып, бак-аккумуляторының конструкциясын құрал-саймандық тексеру нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес 3 жылда кемінде 1 рет орындалады.

Бактың қабырғалары мен түбінің жобалық қалыңдықтан 20 % және одан да астам пайыз коррозиялық тозуы кезінде коррозияға ұшырайтын алаңның көлемі мен тозу сипатына қарамастан бакты әрі қарай пайдалануға жол берілмейді.


  1. Монтаждау мен жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының сынағы жүргізіледі.

Пайдалануға қабылданған әрбір бак-аккумуляторы мен қор ыдысының паспорты әзірленеді.

  1. Бак-аккумуляторы мен қор ыдысын мынадай жағдайларда пайдалануға жол берілмейді:

жоғары шекті деңгейіне жеткен кезде бакқа суды жеткізуді толығымен тоқтатуды қамтамасыз ететін блоктау болмаған кезде, сондай-ақ оның төменгі шекті деңгейіне жеткенде, бәсеңдету сорғыларын ажырату кезінде;

егер бактар су деңгейін бақылау үшін аппаратурамен және шекті деңгейінің сигнализациясымен, толтырудың шекті жол берілген деңгейінің белгісінде орнатылған ағызу құбырымен және жеткізуші құбырмен жабдықталмаса жол берілмейді.

Сигналнализацияның электр сызбасы жедел журналға жазылып, ауысымда 1 рет сыналуы тиіс.

Станциялық жылу тарату құбыржолдарын пайдалану осы параграфтың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Жылу тарату құбыржолдарының қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты электр станциясының жұмыскерлері айына кемінде 1 рет қарайды және жыл сайын гидравликалық тығыздығын тексереді.


  1. Егер жылу желілерін пайдаланылатын ұйымдардың құжатпен ресімделген басқа келісімдері болмаса, электр станцияларының жылу тарату жабдығының шекарасы оның аумағынан қоршалуы тиіс.

Станциялық бақылау-өлшеу аспаптары - шығын өлшеуіштің өлшеу құрылғылары (өлшеу диафрагмалары), осы аспаптардың датчиктері, бірінші тиектік қақпақшалар, импульстік желілер және аспаптардың өзін – оларды орнату орнына қарамастан, электр станцияның қарамағында болады және олардың персоналы қызмет көрсетеді.

  1. Жылу тарату жабдықтары жылу желілерін пайдаланатын ұйымдармен келісілген, кестеге сәйкес жөнделеді.


Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет