Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары
Электр станциялары, электр және жылу желілері, электр қосалқы станциялары диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен (бұдан әрі – ДТБҚ) жабдықталады. ДТБҚ-ны пайдалану энергия жүйесінің қалыпты және авариялық режимде ақпаратты жеткізудің белгіленген сапасы болған кезде олардың әрдайым жұмыс істеуге және іске қосуға дайындығымен қамтамасыз етіледі.
Электрленген темір жолдарының, газ және мұнай құбырларының, өндірістік кәсіпорындардың ведомстволық диспетчерлік пункттерінде энергетикалық жүйенің диспетчерлік пункттері бар қажетті телемеханика және байланыс құралдары болуы тиіс. Кернеуі 35 кВ және одан жоғары кернеулі абоненттік қосалқы станциялардан ақпарат ведомстволық диспетчерлік пункттердің де, энергиямен жабдықтаушы диспетчерлік пункттердің де нақты шарттарына байланысты жіберіледі. Абоненттік қосалқы станциялардан жіберілетін ақпараттың көлемі мен бағыты Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-мен келісіледі.
Энергия объектілерінің диспетчерлік пункттерінде орнатылған ДТБҚ аппаратурасы телемеханика және байланыс қызметіне немесе басқарудың тиісті деңгейіндегі ДТБҚ қызметтеріне бекітіледі. Басқарудың төменгі деңгейлі объектілерінде орнатылған басқарудың жоғары деңгейлі байланыс және телемеханика аппаратурасын осы энергетикалық объектісінің ДТБҚ-ға қызмет көрсететін персоналы пайдаланады.
Электр жеткізу желісі бойынша телефон байланысы мен телемеханиканың жоғары жиілікті жабдықтарын (байланыс конденсаторлары, жоғары жиілікті бөгегіштердің реакторлары, жерге тұйықтағыш пышақтар, антенналы байланыс құрылғылары, өтпелі оқшаулағыштар, жөнге келтіру элементтері мен жалғастыру сүзгілерінің разрядтағыштары) пайдалану жоғары кернеулі қондырғыларға қызмет көрсететін персонал арқылы жүзеге асырылады.
Ток және кернеу трансформаторларының екінші орамының тізбегіне енетін телеөлшеу датчиктеріне техникалық қызмет көрсету мен тексеруді РҚА (ЭТЗ) қызметтері мен метрологиялық қамтамасыз ету персоналы жүргізеді.
ДТБҚ-ның өндірістік бөлімшелерінде қызмет көрсететін құрылғылар мен жабдықтардың тізбесін қызмет көрсету шектерін көрсете отырып, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО мен энергетика объектісінің басшылығы бекітеді. ДТБҚ-ның қызметтері мен қызмет көрсету шектері арасындағы өзара байланысы нақты энергетика объектілері үшін әзірленген ДТБҚ қызметі туралы ережеде көрсетіледі.
ДТБҚ-дың жедел және техникалық қызмет көрсетуі:
Қазақстанның ҰДО ЖО ӨДО басқарма құралдарының орталық тораптарымен (бұдан әрі – БҚОТ);
электр желілері мен электр станцияларын басқару құралдарының жергілікті тораптарымен (бұдан әрі – БҚЖТ);
ДТБҚ-ның қызмет (энергия объектісі) құрамына кіретін зертханалармен қамтамасыз етіледі. Басқару құралдарының орталық және жергілікті тораптарында ДТБҚ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жедел-диспетчерлік персоналдың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады; БҚОТ пен БҚЖТ коммутациялық, өлшеу және тексеру құрылғыларымен жабдықталады, құралдармен, материалдармен, қосымша бөліктермен қамтамасыз етіледі. ДТБҚ қызметіне бекітілген автокөлік жедел-диспетчерлік жұмыс режиміне теңестіріледі және алдын ала өтінімсіз бөлінеді.
Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары кепілдікті электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Желілік кәсіпорындардың, ДТБҚ қызметі мен учаскелерінің ДТБҚ қызметі туралы үлгілік ережеге сәйкес пайдалану-техникалық құжаттары болуы және жүргізілуі тиіс.
Сымды байланыс құрылғылары жоғары кернеулі электр қондырғыларының қауіпті және кедергі келтіретін ықпалынан қорғалады.
Кедергі келтіретін ықпал ету мен кедергі деңгейін өлшеу тәртібі мен мерзімділігі, сондай-ақ байланыс торабында жұмыс істейтін персонал әрекетінің реті ықпалдар мен кедергілердің мәнін арттыру кезіндегі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.
ӘЖ және электр қосалқы станцияларында пайда болатын радио кедергілер өрісінің кернеулілігінің өлшенген мәні индустриялық радио кедергі нормаларына сәйкес болуы тиіс.
Байланыс пен телемеханиканың жоғары жиілікті арналары ұйымдастырылған электр жеткізу желілерінде жерге тұйықтауды талап ететін жұмыстар барысында жерге тұйықталатын жоғары жиілікті бөгеушілер қолданылады.
Диспетчерлік байланыс құралдарының және телемеханика жүйелерінің жұмыстарының қорытындысы жедел өтініммен ресімделеді.
Телебасқару құрылғылары осы құрылғылардың қандай да бір элементіне зақым келген кезде басқарылатын жабдықты жалған ажырату (қосу) мүмкіндігін жояды. Құрылғылар мен панельдерді қысу және телемеханика қысуының қосындысында жабдықтың ажыратылуына немесе қосылуына алып келуі мүмкін байланыстарға жол берілмейді.
Телеөлшеу мен телесигнализация датчиктерінен ақпарат қабылдау мен өңдеу құрылғыларына дейін электр тізбегін орындау жолы мен пайдалану режимі осы ақпараттың бұрмалануына әкелетін кедергілерді жояды.
Аппарат корпусына қатысты олардың (ЭЕМ байланыстары мен телемеханика арналарының аппаратурасын қоспағанда) сыртқы байланыстарымен бiрлесiп телемеханика құрылымдарының электрмен жалғанған тізбектерінің оқшаулау кедергiсi, сондай-ақ тізбектердің байланыспаған электрмен 250-500 мегаомметрiмен және кемінде 0,5 МОм өлшенді. Жартылай өткізгіш элементтерінен тұратын телемеханика құрылғыларының тізбектерінің оқшаулану кедергісі кезінде олардың зақымдалуын алдын алу шаралары қолданылады. Нөлдік сымдармен жерге тұйықталған құрылғыларда оқшаулауды тексеру алдында бұл сым жерден ажыратылады. Телебасқару және кернеуі 220 В ток көзінің тізбегін оқшаулау кедергісі кернеуі 1000-2500 В мегаомметрмен өлшенеді және 10 МОм-нан төмен болмауы тиіс.
Электр станциялары, қосалқы станциялар мен диспетчерлік пункттердегі теле басқарудың соңғы сымдарының жұмыс істеуін тоқтату үшін арнайы жалпы кілттер немесе ажыратушы құрылғылар пайдаланылады. Жекелеп қосылған телебасқару және телесигнализация сымдарын ажырату қысқаштармен немесе жекелеген ажырату құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Телебасқарудың жалпы кілттері мен телебасқару және телесигнализация тізбектерінің жекелеген ажырату құрылғылары бар барлық операцияларды диспетчердің нұсқауымен немесе рұқсатымен ғана орындауға жол беріледі.
Құрылғылардың алдыңғы және келесі беттерінде, ДТБҚ панельдері мен пульттерінде диспетчерлік атауларға сәйкес олардың қызметі көрсетілген жазбалары, ал оларға орнатылған аппаратурада жазбалар немесе таңбалаулар болуы тиіс. Телемеханика, құрылғыларының ішкі сымдарын орындау схемаларына сәйкес таңбалануы болуы тиіс.
ДТБҚ қызмет көрсететін өндірістік бөлімше персоналы ауыстырып- қосылатын құрылғылардың орналасуы мен сигнализацияның жай-күйінің жарамсыздығына аса көңіл аудара отырып, аппаратураны өндірістік нұсқаулыққа сәйкес мерзімді түрде тексеріп тұруы қажет.
ДТБҚ-ны толығымен және біртіндеп тексеру мен жөндеу жұмыстары диспетчерлік қызмет пен жоғары тұрған ДТБҚ қызметімен келісілген бекітілген кесте бойынша орындалады.
ДТБҚ-ның барлық ақаулары мен бұрыс әрекеттері белгіленген тәртіпте жедел түрде жойылады, ескеріледі және талданады.
Құрылғылар дұрыс жұмыс істемеген, олар зақымданған немесе параметрлер нормаланған көрсеткіштерден ауытқыған кезде қосымша тексеру жүргізіледі және диспетчер мен жоғары тұрған ДТБҚ қызметіне хабарлай отырып, көрсетілген бұзушылықтар жойылады.
Жедел-диспетчерлік персонал
ӨДО мен энергетика объектілерінің жедел диспетчерлік персоналына мыналар жатады:
жедел персонал – энергетика қондырғыларын басқару органдарына тікелей ықпал етуші және ауысымдағы энергетикалық қондырғыларды басқару мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал;
жедел жөндеу персоналы – басқару органдарына тікелей ықпал ету құқығы бар жөндеу жұмысымен айналысатын персонал;
жедел басшылар – ауысымдағы бекітілген объектілер (электр желілері, жылу желілері, электр станциялары, энергия объектілері) мен бағынысты персоналдарды жедел басқаруды жүзеге асыратын персонал.
Жедел-диспетчерлік персонал энергия объектісінің, электр және жылу желілері жабдықтарының қауіпсіз, сенімді және үнемді жұмыс режимдерін өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтар мен жоғары тұрған жедел персоналдың жедел өкімдеріне сәйкес жүргізуі тиіс.
Саны мен біліктілігі бойынша жедел-диспечерлік персоналды жинақтау салалық нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ауысымда толық емес құрамымен жұмыс істеу кезінде жедел диспетчерлік персоналдың жұмыс орындарын біріктіруге энергия объектісінің, электр немесе жылу желілерінің техникалық басшысының жазбаша нұсқаулығы бойынша ғана жол берілуі мүмкін.
Жедел-диспетчерлік персонал ауысым кезінде осы Қағидаларға, дайындаушы-зауыттардың нұсқаулықтары мен жергілікті нұсқаулықтарға, ТҚЕ мен басшылыққа алынатын басқа да құжаттамаларға сәйкес жедел басқару немесе жұмыс істеуге тиіс жабдықты пайдалану үшін, сондай-ақ жоғарыда тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімін міндетті түрде орындау үшін жауапты болады.
Жұмыс режимі бұзылған, жабдық зақымданған кезде, сондай-ақ өрт туындаған кезде жедел-диспетчерлік персонал дұрыс жұмыс режимін қайта қалпына келтіру немесе авариялық жағдайды жою және технологиялық бұзушылықтардың дамуын алдын алу шарасын жедел түрде қолданады, сондай-ақ олар туралы бекітілген тізім бойынша тиісінше жедел диспетчерлік және басшы әкімшілік-техникалық персоналға хабарлауы тиіс.
Құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша жоғары тұрған жедел диспетчерлік персоналдың өкімін бағынысты жедел-диспетчерлік персонал міндетті түрде орындауы тиіс.
Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың жедел қолдануы немесе жедел басқаруы керек жабдықты жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың рұқсатынсыз адамдар мен жабдықтар үшін нақты қауіп төнген жағдайлардан басқа жұмыстарға қосуға болмайды.
Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың жедел өкімі анық және қысқа болуы тиіс.
Өкімді тыңдап, бағынысты жедел-диспетчерлік персонал сөзбе сөз өкімнің мәтінін қайталуы және өкімнің дұрыс жеткізілгендігі құпталуы тиіс.
Жоғары тұрған жедел диспетчерлік персонал өкімдерді жедел және нақты орындауы тиіс.
Жедел-диспетчерлік персонал өкімді немесе рұқсатты берген немесе алған кезде жедел журналға жазады. Журналда жазба болған кезде, оның көлемін тиісінше әкімшілік-техникалық басшылық анықтайды.
Жедел келіссөздер техникалық тұрғыдан сауатты жүргізілуі тиіс. Барлық релелік және технологиялық қорғау мен автоматика құрылғылары, энергетикалық жабдықтар мен байланыстырушылар толығымен белгіленген диспетчерлік атаулар бойынша аталады. Техникалық терминология мен диспетчерлік атаулардан бас тартуға жол берілмейді.
Электр станцияларының және ірі қосалқы станциялардың диспетчерлік басқармасы мен ауысым басшыларының жедел келіссөздерінің барлық деңгейінде жедел келіссөздер жазатын құрылғыларға автоматты түрде жазылып отырады.
Электр станциялары, электр және жылу желілері жабдықтарының жұмыс режимінің өзгергені жөніндегі өкімдерде өзгертілетін режимдік параметрдің қажетті мәні және көрсетілген параметрдің мәніне қол жеткізілуге тиіс уақыт, сондай-ақ өкімді беру уақыты көрсетіледі.
Жедел-диспетчерлік персонал жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылық ететін әкімшілік-техникалық персоналдың өкімін алып, оны тек соңғысының келісімімен ғана орындайды.
Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімін орындамағаны немесе кешіккені үшін өкімді орындамаған тұлғалар, сондай-ақ өкімді орындалмауы мен кешігуін санкциялаған басшылар жауапты болады.
Егер жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімі оған бағынысты жедел-диспетчерлік персоналға қате жеткізілсе, онда ол өкім берген адамға жедел түрде хабарлауы тиіс. Өкім құпталған кезде жедел-диспетчерлік персонал оны орындайды.
Құрамында ТҚЕ бұзушылықтары бар жоғары тұрған персоналдың өкімдері, сондай-ақ жабдықтардың зақымдануына, электр станцияларының, қосалқы станциялардың ЖМ қорегінен айырылуына немесе үзіліссіз электр жабдықталатын тұтынушыларды (авариялық броны бар тұтынушылармен) токтан ажыратылуға алып келуі мүмкін өкімдердің орындалуына жол берілмейді. Осындай өкімдердің орындауынан бас тартатындығы туралы жедел-диспетчерлік персонал дереу өкімді берген жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналға және тиісті әкімшілік техникалық басшыға хабарлауы тиіс, сондай-ақ жедел журналға жазуы тиіс.
Резервтегі жедел-диспетчерлік персоналдың тұлғалары лауазымдық нұсқаулық шеңберінде энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауға және тек қана ауысымдағы тиісті басшы жедел-диспетчерлік персоналдың рұқсатымен және тиісті құжаттардағы жазбаларымен тартылуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда ауысым басталғанға дейін жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы тұлғаның біреуін алмастыруға жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналға хабарлай отырып, кестеге қол қойған тиісті әкімшілік-техникалық персоналдың рұқсатымен жол беріледі.
Қатарынан екі ауысымда жұмыс істеуге жол берілмейді.
Жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы әрбір жұмыскер жұмыс орнына келгенде алдыңғы жұмыскерден ауысымды қабылдайды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін кесте бойынша келесі жұмыскерге ауысымды тапсырады.
Ауысымды тапсырмай кезекшіліктен кетіп қалуға жол берілмейді.
Жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы жұмыскер ауысымын қабылдаған кезде:
жедел басқарылатын энергетикалық қондырғы жұмысының тиісті нұсқаулықта анықталған жай-күйімен, схемасымен және режимімен танысуға;
ауысымды тапсырған адамнан жете бақылауды қажет ететін жабдық туралы, сондай-ақ резервтегі және жөндеуге тапсырылған жабдықтар туралы деректер алуға;
өзіне бекітілген учаскедегі жұмыстардың қайсысы тапсырыс бойынша, қайсысы наряд бойынша және өкім бойынша орындалатындығын анықтауға;
құрылғыларды, материалдарды, үй-жай кілттерін, жедел құжаттамалары мен жұмыс орнының құжаттамаларын тексеруге және қабылдауға;
өз кезекшілігіне дейінгі барлық жазбалармен және өкімдермен танысуға;
бағынысты персоналдан рапорт қабылдауға және кезекшілікте болу және ауысымды қабылдау кезінде айқындалған кемшіліктер туралы ауысым бойынша тікелей бастығына хабарлауға;
журналға немесе оның қолы мен ауысымды тапсырушының қолы қойылған ведомосқа жазба қалдыра отырып, ауысымды тапсыруды ресімдеуге тиіс.
Жедел-диспетчерлік персонал жергілікті нұсқаулыққа сәйкес мерзімді түрде автоматика, сигнализация құрылғыларының, байланыс және телемеханика құралдарының (ДТБҚ) қызметтерін сынап көруі тиіс, сондай-ақ жұмыс орнындағы сағаттардың дұрыстығын тексеруі тиіс.
Жедел-диспетчерлік персонал бекітілген кесте бойынша жұмыс жабдығынан резервке ауыстыруды жүзеге асырады, жабдықты сынап көру мен профилактикалық тексеруді жүргізеді.
Жедел және әкімшілік-техникалық басшылардың өздерінің міндеттерін орындамаған, оған бағынысты жедел-диспетчерлік персоналды жұмыс орнынан алып тастауға және тиісті түрде алмастыру немесе ауысымдағы міндеттерін қайта бөлуге құқығы бар. Бұл ретте жедел журналға жазба түсіріледі немесе жазбаша өкім шығарылады және жедел-диспетчерлік басқарманың тиісті деңгейлерінің персоналға сәйкес келмейтіндігі хабарланады.
Жоғары тұрған жедел диспетчерлік персонал рұқсатымен жедел диспетчерлік персонал жұмыс орнында атқаратын қызметінен сол уақытта босатыла отырып және жедел журналына жаза отырып, қысқа мерзімге жөндеу жұмысына және сынаққа тартылуы мүмкін. Бұл ретте ТҚЕ-нің талаптары сақталады.
_______________
Достарыңызбен бөлісу: |