Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет16/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

8. Жедел-диспетчерлік басқарма
Басқарманың міндеттері мен оны ұйымдастыру


  1. Қазақстанның желілік операторы, өңірлік диспетчерлік орталықтар, электр желілерінің диспетчерлік қызметтері энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың келісілген жұмысына тәулік бойы диспетчерлік бақылауды ұйымдастырады, олардың міндетіне:

тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың берілген талаптарын қамтамасыз ететін электр станциялардың, ұлттық және өңірлік электр желілерінің жұмысы режимдерін әзірлеуді және жүргізу;

БЭЖ-де тұрақтылықты қамтамасыз етуді;

электр энергиясының сапасына қойылатын талаптарды орындау;

электр станцияларының және электр желілері жұмыстарының үнемділігін және тұтыну режимдерін сақтай отырып,энергия ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

электр энергиясын өндіруде, қайта түрлендіруде, беру мен таратуда технологиялық бұзушылықтарды болдырмау және жою кіреді.


  1. Әрбір энергетикалық объектіде (электр станцияларында, электр және жылу желілерінде) жабдықты тәулік бойы жедел басқару қызметі ұйымдастырылуы қажет. Оның міндеттері:

талап етілетін жұмыс режимін енгізу;

ауыстырып қосуды, іске қосуды және тоқтатуды жүзеге асыру;

аварияларды жою және жұмыс режимін қайта қалпына келтіру;

жөндеу жұмыстарын жүргізуге даярлау болып табылады.



  1. Жедел диспетчерлік басқарма жекелеген деңгейлері арасында жедел бақылау мен басқару қызметтерін бөлуді, басқарманың төменгі деңгейінің жоғары тұрған деңгейге бағыныштылығын көздейтін иерархиялық құрылым бойынша ұйымдастырылады.

  2. Диспетчерлік басқару қызметі: Қазақстанның БЭЖ-нде – Қазақстанның ЖО ҰДО-да, өңірлерде – ӨДО-да, электр желісінде – осы желінің диспетчерлiк қызметi, жылу желісінде – осы желiнiң диспетчерлiк қызметi орындалады.

  3. Әр диспетчерлік деңгей үшін жабдықты және құрылымды басқарудың екі санаты – жедел басқару және жедел жүргізу орнатылады.

Диспетчердің жедел басқаруында жылу сымдары, электр беру желілері, реле қорғанысының құрылғысы, аварияға қарсы жүйе мен режимді автоматиканың аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқарудың құралы, бағынысты жедел-диспетчерлік қызметкердің әрекеттерін үйлестіруді және әр түрлі жедел бағынысты бірнеше нысандарда келісілген өзгерістерді қажет ететін операциялар болады.

Көрсетілген жабдығы және құрылғылары бар операциялар диспетчердің басшылығымен жүргізіледі. Диспетчерлік басқару өзінің басқаруында тұрған РҚА және АҚ параметрлерін есептеуді, бекітуді және беруді жүргізеді.



  1. Диспетчердiң жедел жүргiзуiнде жабдық, жылу өткізгіштер, электр жеткізу сымдары, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимді автоматика жүйелерінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, қалып-күйі мен режимі орналастырылатын қуатқа және электр станциясы мен энергетикалық жүйесінің сақтық қорына ықпал ететін жедел-ақпараттық кешендер, желілер режимі мен сенімділігі, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканың баптауы болады.

Көрcетiлген жабдықпен және құрылғылармен жүргізілетін операциялар диспетчер рұқсатымен жүргізіледі.

  1. Барлық электр жеткізу сымдары, жылу өткізгіштер, электр станциясы және желісінің жабдығы мен құрылғылары диспетчерлік басқару деңгейлерi бойынша бөлiнеді.

Электр немесе жылу желілерінің, энергетикалық объектілердің диспетчерлері жедел басқаратын немесе жедел жүргізетін электр жеткізу сымдарының, жылу өткізгіштердің, жабдықтар мен құрылғылардың тізімі жоғарғы жедел-диспетчерлік басқару органының шешімімен әзірленеді және осы энергетикалық объектінің, электр және жылу желісінің техникалық басшысымен бекітіледі.

  1. Жедел-диспетчерлік басқарудың әр түрлi деңгейіңдегі персоналдардың арақатынасы энергетикалық объекті иелерiнің Қазақстан БЭЖ-мен қатарласа жұмыс істеуіне қатысты тиiстi үлгілік ережелермен және шарттармен белгіленеді. Шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді. Келісімшарт жасасу кезінде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

  2. Жедел-диспетчерлік басқару диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен және бақылау жүйелерімен, сондай-ақ тасымалданған жедел схемалармен жабдықталған диспетчерлік пункттерден және басқару қалқандарынан жүзеге асырылады.

  3. Әрбiр энергетикалық объектіде, электр және жылу желілерінде жедел-диспетчерлік басқару, жедел келiссөздер және жазбалар жүргiзу және энергия жүйесінің ерекшеліктері мен құрылымдық артықшылықтарын есепке ала отырып, авариялық режимдерді ауыстырып қосуды және жоюды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.

Барлық жедел келiссөздер, диспетчерлік басқарудың барлық деңгейлерiндегі жедел-диспетчерлік құжаттамалар көпшілікпен қабылданған бірыңғай терминологияны, үлгілік өкімдерді, мәліметтер мен жазбаларды пайдалана отырып жүргізіледі.

Жұмыс режимін жоспарлау


  1. Жұмыс режимін жоспарлау кезінде:

энергетикалық ресурстарды, жабдықтың жай-күйін, электр құрылыстарының өткізу қабілетін есепке ала отырып, электр станциясының, электр желілерінің, Қазақстанның БЭЖ-інің тұтыну және жүктеме кестесінің теңгерімділігі;

режимді жедел басқару қағидаларының және аварияға қарсы және режимді автоматика жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі;

электр энергиясын өндірудің және жеткізудің сенімділігі мен үнемділігі;

энергетикалық объектілердің негізгі жабдықтарын жылдық жөндеу кестесінің орындалуы қамтамасыз етіледі.



  1. Режимді жоспарлау ұзақ және қысқа мерзімге жасалады және мыналардың:

тәуліктік ведомость деректері мен электр станциясының, электр желілерінің, Қазақстанның БЭЖ-нің алдыңғы күндердегі және мерзімдердегі статистикалық деректері;

жоспарланған мерзімдегі электр станциясының, электр желілерінің, Қазақстан БЭЖ-інің жүктемесін болжау;

электр желілерінде, Қазақстан БЭЖ-інде жылына 2 рет, маусым мен желтоқсан айларының жұмыс күндерінде жүргізілетін ағынды тарату, кернеу жүктемесі мен деңгейін қорытынды өлшеу нәтижелері;

жаңа өндіруші қуаттарды және желілік объектілерді енгізу туралы деректер;

тұтынушылар өтінімдерін ескере отырып, жүктеменің өзгеруі туралы деректер;

жабдықтың және электр жеткізу желілерінің жол берілетін жүктемелері туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.



  1. Қазақстан БЭЖ-інің, энергетикалық объектінің жұмыс режимін ұзақ мерзімге жоспарлау жылдың өзіндік бір мерзімі үшін (жүктеме максимумы, жылдық жүктеменің жаздық минимумы, су тасқынының мерзімі, жылыту мерзімі) жүзеге асырылады. Жоспарлау:

жүктемелердiң максимум сағаттарына жылдық, тоқсандық, айлық энергия теңгерімін және қуат теңгерімін әзірлеуді;

берілген қуатты пайдалану тиімділігінің коэффициентiн және жылдың айлары бойынша энергетикалық ресурстары болуын есепке ала отырып, электр станциясының орнатылған қуатының электр энергиясының электр жүктемесі мен тұтынылуының максимум мәнін анықтауды және беруді;

гидроэлектр станцияларының гидроресурстарын пайдалану жоспарын әзірлеуді;

электр станциясының, қосалқы станцияның негізгі жабдықтарын және электр жеткізу желілерін, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын жөндеудің жылдық және айлық жоспарын әзірлеуді;

қалыпты және жөндеу режимдері үшін электр станциясын, электр желілерін қосу схемаларын әзірлеуді;

6 ) БЭЖ-де жаңа өндірілетін қуатты және желілік объектіні енгізуді және аварияға қарсы және режимді автоматика құралдарының баптау параметрлерін таңдауды есепке ала отырып, қалыпты жөндеу және авариядан кейінгі режимдерді есептеуді;

желінің қалыпты және жөндеу схемаларына электр жеткізу желілері (қималар) бойынша орнықтылығының нормативтік қорларын есепке ала отырып, қуат ағындарының максималды және авариялық мүмкін болатын мәндерін есептеуді және анықтауды;

қысқа тұйықталу тоқтарын есептеуді, жабдықтың электр серпінді және термикалық орнықтылығының және ажыратқыштардан ажырату қабілеттерінің схемалары мен режимдерінің сәйкестігін тексеру, сондай-ақ аварияға қарсы және режимдi автоматиканың параметрлерiн таңдауды;

режимді ұтымды жүргiзу үшiн электр станциясының, электр желілерiнің техникалық-экономикалық сипаттамаларын есептеуді;

жедел персонал үшін аварияға қарсы және режимді автоматика құралдарын пайдалану және режимді жүргізу бойынша нұсқаулықты айқындауды;

автоматиканың жаңа құрылғыларындағы қажеттiліктерді анықтауды;

электр энергетикасы объектілерiнiң күзгi-қысқы мерзiм жұмыстарына дайындығын растайтын паспорт алуды көздейді.



  1. Қазақстан БЭЖ-інің, электр станциясының, электр желілерінің режимін қысқа мерзімге жоспарлау 1 тәуліктен 1 аптаға дейін алдын-ала шартпен жүргізіледі. Қысқа мерзімге жоспарлауда:

БЭЖ және электр желілерінің тәулiктiк электр жүктемесiн болжауды;

БЭЖ, электр желілері, электр станциясы және жекелеген электр қондырғылары арасында жүктемені ұтымды бөлуді, қуаттың жүйеаралық ағындарының (немесе қуаттың сальдо ағындарының) тәуліктік кестелерін және БЭЖ, электр желілері, электр станциясы жүктемелерінің тәуліктік кестелерін беруді;

жөндеуге шығару немесе аварияға қарсы және режимді автоматиканы баптау параметрлерін өзгерту, режимді жүргізу бойынша іс-шараларды есепке ала отырып, жабдықты іске қосу өтінімдері бойынша шешім қабылдауды көздейді.


  1. Қазақстан БЭЖ-інің, электр желiлерінің, электр станцияларының қуат қорлары мен белсенді жүктемелерінің тәуліктік кестесі, сондай-ақ қуат ағындарының кестесі Қазақстанның ЖО ҰДО, ӨДО бас диспетчерімен, энергетикалық объектінің техникалық басшысымен бекітілгеннен кейін тиісінше диспетчерге беріледі.

Электр станциясындағы жекелеген энергетикалық қондырғылардың жүктеме кестесі осы электр станциясының техникалық басшысымен бекітіледі.

Гидроэлектр станциясының жүктеме кестесі қолданыстағы ведомствоаралық құжаттарға сәйкес өндірістің аралас салаларының (суда сүңгу, суландыру, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) қажеттіліктерін ескереді.

Әрбір ЖЭО және басқа да жылу көздерінің жылу жүктемелерінің кестесі жылу желісінің диспетчерлік қызметімен әзірленеді және жылу желісінің бас диспетчерімен (диспетчерлік қызмет басшысымен) бекітіледі.


  1. Алдағы жылға арналған электр станциясының негізгі жабдығы мен құрылысының (түтiн құбырлары, градирен және басқалары) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының кестелері жылдың айлары бойынша жөндеу қуатының берілген мәндері мен нормативтері негізінде әзірленеді, ӨДО-мен немесе Қазақстан ЖО ҰДО-мен келісіледі және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының жылдық кестесін өзгерту ерекше жағдайларда ғана, өзгерісті белгіленген тәртіппен бекіту арқылы Қазақстан ЖО ҰДО, ӨДО келісімімен жол беріледі.

  1. Электр жеткізу желілері мен қосалқы станция жабдықтарын, жүйелік автоматика және байланыс құрылғыларын жөндеудің жылдық кестесі жедел бағыну деңгейіне байланысты Қазақстан ЖО ҰДО-ның, ӨДО-ның бас диспетчерімен, энергетикалық объектінің техникалық басшысымен бекітіледі.

Ажыратылуы жылытуаралық мерзімде ыстық сумен жабдықтауды шектеуге әкелетін, жылу желілерін жөндеу кестесі басқарудың аумақтық атқару органдарымен (әкімшілікпен) келісіледі.

  1. Қазақстан ЖО ҰДО жыл сайын ӨДО-ға, ал ӨДО электр желілеріне көлем және автоматты жиіліктегі жүктеме (АЖЖ) мен жиіліктегі АҚҚ (ЖАҚҚ) құрылғылары орнатылған диапазондарын беруі қажет.

ӨДО ҰДО-ның көрсеткішін есепке ала отырып, ал оқшауланған жұмыс істейтін желілер - өздігінен мыналарды анықтау қажет:

қуаттың жергілікті теңгерімін есепке ала отырып, АЖЖ құрылғылары көлемінің орнатылуы және орналасуы, сондай-ақ ЖАҚҚ құрылғыларының көлемі мен орнатылуы;

жиілігін азайту кезінде гидравликалық және гидроаккумуляциялайтын электр станциясының (ГАЭС) және ГТҚ агрегаттарын автоматты түрде іске қосу;

синхронды компенсатор режимінде жұмыс істейтін гидроагрегаттарды автоматты түрде генераторлық режимге, сондай-ақ ГАЭС агрегаттарын сорғыш режимінен турбиналы режимге ауыстыру.

АЖЖ құрылғыларына қосылған тұтынушылар тізімі энергетикалық объектінің техникалық басшысымен бекітіледі.


  1. Жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына (бұдан әрі – ЖААА) қосылатын жүктеме көлемін және оның авариялық режим шарттары бойынша қолданылуын Қазақстанның ЖО ҰДО, ӨДО анықтайды.

Тұтынушылардың ЖААА-ға қосылу шарттары мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органымен келісіледі.

ЖААА-ны іске қосу туралы шешімді Қазақстанның ЖО ҰДО қабылдайды.



  1. АЖЖ құрылғыларының жекелеген кезегіне және ЖААА-ға нақты қосылған жүктеменің мәні жылына екі рет (маусымда және желтоқсанда) бір жұмыс күні ішінде әр сағат сайын өлшенеді.



Жұмыс режимін басқару


  1. Энергия қондырғыларының жұмыс режимдерін басқаруды тәуліктік кестелер негізінде ұйымдастырылады.

Электр станцияларға және жылу көздеріне қалыпты жағдайларда жүктеменің берілген кестесі мен қосылған резервті орындау қажет.

Электр станциясының және жылу көзінің жедел-диспетчерлік қызметкері кестеден мәжбүрлі ауытқу туралы тез арада РДО кезекші диспетчеріне және жылу желісінің диспетчеріне хабарлау қажет.

Электр станциясының жүктеме кестесі өзгерген кезде БЭЖ-дегі жүктеменің қосынды кестесі мен РДО, Қазақстанның ЖО ҰДО белгілеген қуат тогының артуы орындалады; одан ауытқу тек РДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің өкімі бойынша ғана рұқсат етіледі.

ЖЖ-200 және одан жоғары жүйе түзуші қуат тогының арту кестесінің өзгеруі РДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің өкімі бойынша жүргізіледі.

Электр станцияларға тиісті диспетчердің өкімі бойынша тез арада жүктемені толық жұмыс қуатына дейін арттыру немесе тиісті нұсқаулықта анықталған жылдамдықпен техникалық ең төменгі мағынаға дейін азайту қажет.

Қажетті бойынша Қазақстанның БЭЖ жұмысы режимін сақтау үшін, технологиялық бұзушылықтарды болдырмау және жою үшін РДО диспетчері, Қазақстанның желілік операторы агрегаттарды резервке қосуға немесее оларды резервтен шығаруға өкім береді.

Электр станциясының жұмыс қуатын шектеунемесе агрегаттардың рұқсат етілген ең төменгі жүктемесінің белгіленген нормалардан ауытқуы жедел өтінімде ресімделеді.


  1. Электр тогы мен қуатының жиілігін реттеу кезінде энергия жүйесінде қамтамасыз етіледі:

Электр тогының жиілігін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің бекітілген талаптарына сәйкестігін қолдау;

Қазақстанның БЭЖ-де параллельді жұмыс істеу кезінде бекітілген тәртіпте келісілген және Қазақстанның ЖО ҰДО-де жиілікті түзете отырып, сыртқы байланыстар бойынша берілген қуаттың жиынтық артуын (қуаттың арту сальдосы) қолдау;

Энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығының жағдайлары бойынша қуаттың артуын, электр беру желілерінің сымдарының қызуын, жабдықтың артық жүктемесін шектеу.


  1. Қазақстан БЭЖ немесе жеке жұмыс істейтін энергетикалық тораптарда жиілігі мен қуаттың ток ағынын реттеу:

реттеу диапазонының (жиіліліктің бастапқы реттеуі) шегінде турбиналарды реттеу жүйесінің ықпалымен қуатын өзгерте отырып жиілілігін өзгертудегі барлық электр станцияларымен жүзеге асырылады, бұл ретте реттеу статизмі мен жиілілік бойынша аймақ Қазақстанның ҰДО ЖО-мен келісіледі;

электр станцияларының жиілілігі мен қуаты бойынша режимді реттеу (режимнің екінші реттеуі) үшін бөлінгендермен жүзеге асырылады.



  1. Жиілілік пен қуаттың ток ағыны автоматты реттеу (бұдан әрі – ЖҚАР) мүмкіндігі болмаған кезде жүйенің жоқ болуы немесе жарамсыздығы, режимі бойынша шектеу) ЖҚАР Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчерінің өкімімен электр станцияларында жүзеге асырылады.

  2. Жиілік белгіленген шектен төмен жиіліліктен төмендеген кезде Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчері немесе жұмыс істеп тұрған желінің оқшаулағышы бар қуат резервтерін іске қосуы қажет.

  3. Егер жиілік азаюын тоқтатпай, ал барлық қуат қорлары пайдаланылған болса, диспетчерге тұтынушыларды нұсқаулыққа сәйкес шектеу немесе ажырату арқылы қалыпты жиілікті қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажет.

  4. Қуаттың ток ағынының жүйеаралық байланысы бойынша мәні авариялық мүмкін болатын мәнінен асып кеткен кезде Қазақстанның БЭЖ ӨДО, ӨДО диспетчері қуат қоры сарқылғаннан кейін қуат қабылдайтын желіден тұтынушыларды ажырату арқылы байланысты жүктемеден босатуы қажет.

  5. Жиіліктің авариялық ауытқуы кезінде электр станцияларының персоналы жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың нұсқауына сәйкес әзірленген жергілікті нұсқаулық бойынша әрекет ете отырып, оны қайта қалпына келтіру шараларын өзі атқарады.

  6. Қазақстан БЭЖС-нің жиілігін ұстап тұруды бақылауды Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчері, ал оқшауланған энергетикалық тораптарда Қазақстанның ҰДО ЖО немесе ӨДО диспетчерлері жүргізеді.

  7. Электр желілеріндегі кернеуді реттеу кезінде:

кернеу көрсеткіштерінің сәйкестігі;

электр станциясы мен желілерінің жабдықтары үшін мүмкін болатын мәндегі кернеу деңгейінің сәйкестігі;

Қазақстанның БЭЖ немесе оқшауланған желілерінің тұрақтылығының қажетті қоры;

электр желілеріндегі электр энергиясының минимум шығыны қамтамасыз етіледі.



  1. 6-35 кВ тарату желісіндегі қоректендіретін ТКР құрылғыларымен жабдықталған трансформаторлар мен автотрансформаторларда кернеудің автоматты реттегіштері қосылады. Автоматты реттегіштердің ажыратылуына тек өтінім бойынша жол беріледі. 6-35 кВ тарату желісінің трансформаторларында ТКР бар трансформаторлар кернеуінің 0,4 кВ желілердегі қабылдағыштардың кіреберісіндегі кернеуді қамтамасыз ететін қоздырғышсыз қосып ажыратқыштар (ҚҚА) тармақтауы пайдаланылады. ҚҚА трансформаторлары тармақтауының кернеуі мен жағдайларын реттегіштерді қалпына келтіру жүйе мен жүктеме өзгерісіне байланысты түзетіледі. ҚҚА трансформаторлары тармақтауының автоматты реттегіштері мен жағдайларын қалпына келтіру параметрлері энергетика объектісінің диспетчерлік қызмет басшысымен бекітіледі.

  2. 110 кВ және одан да жоғары желідегі кернеуді реттеу әрбір тоқсанға бекітілген уақыт қызметіндегі кернеу кестелеріне немесе қосылған жабдықтың құрамын есепке ала отырып, кернеудің режим параметрлеріне тәуелділігінің сипаттамасына сәйкес бақылау пункттерінде іске асырылады.

Бақылау пункттеріндегі реттеу сипаттамалары мен кернеу кестелері алдағы тоқсанға АДО, Қазақстанның ЖО ҰДО қызметтерімен анықталады және қажет болған жағдайда қысқа мерзімге жоспарлау режимінде түзетіледі.

Бақылау пункттері кернеу деңгейінің Қазақстан БЭЖ-і электр желілеріндегі электр энергиясының тұрақтылығына және шығынына әсер етуі дәрежесіне қарай тиісті диспетчерлік қызметтермен және диспетчерлік басқарулармен орнатылады.

Кернеуді реттеуді автоматика және телемеханика құралдарымен, ал олар болмаған жағдайда электр желілерінің, ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің бақылауымен энергетика объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жүзеге асырады.


  1. Кернеуі Қазақстанның ЖО ҰДО немесе ӨДО диспетчерімен бақыланатын пункттер тізбесі, сондай-ақ осы пункттердегі кернеу кестелері мен реттеу сипаттамалары Қазақстан ЖО ҰДО-ның немесе ӨДО-ның бас диспетчерімен бекітіледі. Кернеуі ӨДО-ның электр желілерінің жедел-диспетчерлік қызметінің диспетчерлерімен бақыланатын тиісті пункттер тізбесі, сондай-ақ олардың кернеу кестелері мен реттеу сипаттамалары ӨДО энергетика объектісінің техникалық жетекшісімен бекітіледі.

  2. Тұтынушылардың реактивтi қуат көздерін пайдалану тәртібі энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасында шарттар жасау кезінде беріледі.

  3. Синхронды компенсаторлары бар электр станциясы мен қосалқы станциясының ӨДО дипетчерімен бақыланатын басты пункттеріне энергия жүйелерінің және жүктеме тараптарының статикалық орнықтылығының шарттарымен анықталатын кернеуді азайтудың авариялық шектері белгіленеді.

Егер осы пункттердегі кернеу көрсетілген авариялық шегіне дейін төмендейтін болса, синхронды компенсаторлары бар электр станциясының және қосалқы станциясының жедел-диспетчерлік персоналы генераторлар мен компенсаторларды қайта жүктеу мақсатында пайдалану арқылы кернеуді өздігінен ұстап тұру керек, ал ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерлері электр станциялары мен электр желілері арасында реактивті және белсенді қуаттарды бөліп тарату арқылы электр станциялары мен электр желілеріне көмек көрсетуі қажет. Бұл ретте жекелеген бақылау пункттерінде кернеуді жабдық үшін барынша жол берілетін мәннен асыруға жол берілмейді.

Желінің жұмыс режимі немесе схемасы өзгерген кезде жүктеменің авариялық жол берілетін шектерінен де төмендеуі мүмкін болатын Қазақстан БЭЖ-інің электр желілері тораптарындағы тұрақтылығының бұзылуын алдын алу үшін қажетті көлемде жүктемені ажырататын автоматика орнатылады.



  1. Жылу желілерінің параметрлерін реттеу бақылау пункттерінде жылу тасымалдағыштың берілген қысымы мен температурасын ұстап тұруын қамтамасыз етеді.

Егер жылу желілері мен жылу тұтынушыларының арасында өзге де шарттық қатынастар көзделмесе, онда бекітілген кестені қысқа уақыт (3 сағаттан аспайтын) ішінде өзгерткен жағдайда жылу тасымалдағыш температурасының берілген мәнінен ауытқуына жол беріледі.

  1. Жылу желілеріндегі реттеу:

жылу көздері мен тұтынушыларының жұмысына;

жылу желілерінің гидравликалық режиміне, соның ішінде сорғыш станциялар мен жылу қабылдағыш жұмыстарының ток ағыны мен режимін өзгерту арқылы;

жылу көздерінің су дайындайтын қондырғыларының қоректік судың өзгермелі шығынын жабуға үнемі дайын болуы арқылы қоректендіру режиміне әсер ету арқылы автоматты немесе қолмен жүзеге асырылады.

Жабдықты басқару


  1. Пайдалануға қабылданған энергетикалық объект жабдықтары төрт жедел күйдің біреуінде болады: жұмыста, резервте, жөндеу немесе консервациялауда.

  2. Энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын, ЖАӨ құрылғыларын, сондай-ақ жедел-ақпараттық кешендер мен диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарын (бұдан әрі – ДТБҚ) істен шығару және жөндеу жұмысы үшін резервке және сыналуға шығару бекітілген жоспар бойынша да, олардың жедел басқаруына берілетін тізбесіне сәйкес берілетін өтініммен ресімделеді.

Өтінімдерді және олардың рұқсаты туралы хабар беру уақытын тиісті диспетчерлік қызмет белгілейді. Өтінімдерді электр станцияларының немесе желілерінің техникалық басшысы бекітеді.

  1. Нәтижесінде электр желісінің, Қазақстан БЭЖ-нің режимін өзгертуі мүмкін сынақтар энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен жұмыс бағдарламасы бойынша және Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО бас диспетчерімен (жедел бағыну бойынша) келісе отырып, жүргізіледі.

Энергетикалық объектілер жабдықтарының басқа да сынақтарының жұмыс бағдарламаларын энергетика объектісінің техникалық басшысы бекітеді.

Сынақтың жұмыс бағдарламасы оларды бастар алдында 7 күннен кешіктірілмей келісуге және бекітуге ұсынылады.



  1. Өтінімдер жөндеу жұмысы мен ажырату бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жоспарлы, жоспардан тыс және шұғыл жөндеу жұмысын жүргізу үшін жедел болып бөлінеді. Жедел өтінімдерді диспетчердің өзіне тікелей басқармаға тәуліктің кез келген уақытында беруге жол беріледі.

Диспетчер өзінің ауысымындағы мерзімде ғана жөндеу жұмысына кірісуге рұқсат бере алады. Рұқсатты ұзақ мерзімге энергетикалық объектілердің, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның бас диспетчері (диспетчерлік қызмет бастығы) ғана береді.

  1. Жабдықты жедел ажырату қажеттілігі туындаған кезде жоғары тұрған жедел диспетчерлік персоналды егер мүмкіндік болса, алдын ала немесе кейіннен хабардар ете отырып, ажыратылатын жабдық орнатылған энергетика объектісінің жедел персоналы өндірістік нұсқаулық талаптарына сәйкес ажыратады.

Жабдық тоқтатылғаннан кейін туындау себептері мен жөндеу жұмысының орындалатын болжамды мерзімі ресімделеді.

  1. Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-да, энергетика объектілерінде немесе басқармасындағы энергетика объектісінің негізгі жабдықтарын күрделі, орта немесе ағымды жөндеу жұмысына жіберуге немесе ауыстыруға рұқсат ӨДО-ның, энергетика объектілерінің диспетчерлік қызметінің өтінімі бойынша белгіленген тәртіппен беріледі.

  2. Жабдықтар мен электр жеткізуші желілердің жөндеуге берілуімен және іске қосылуымен, сондай-ақ қазандықтарды тұтатумен, турбиналарды іске қосумен байланысты операциялар уақыты өтінім бойынша рұқсат етілген жөндеу жұмысының уақытына қосылуы тиіс.

Қандай да бір себеппен жабдық белгіленген уақытта өшірілмеген жағдайда жөндеу жұмысының жүргізілу ұзақтығы қысқартылады, ал қосылу күні бұрынғыдай болып қала береді. Жөндеу мерзімін энергетика объектісінің, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның диспетчерлік қызметтері (жедел бағыну бойынша) ғана ұзарта алады.

  1. Рұқсат берілген өтінімге қарамастан, жабдықтың істен және резервтен шығарылуы немесе сыналуы электр станциясының немесе Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО тиісті диспетчерлік желілерінің ауысым басшысының рұқсатымен ғана жабдықты істен және резервтен шығару алдында немесе сынау алдында орындалуы мүмкін.

  2. Электр станцияларының немесе электр желілері персоналының электр станциясының ауысым басшысының, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның, электр станциялары диспетчерлерінің рұқсатынсыз жүйелік автоматика қондырғыларын, сондай-ақ тиісті диспетчердің басқаруында (электр станцияларының ауысым басшысы) болатын ДТБЖ-ны қосуды, ажыратуды, сынауды және өзгертуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Релелік қорғау және автоматика құрылғыларын, екі немесе бірнеше объектіде орналасқан аппаратураны тексеру (сынау) осы объектілердің барлығында бір уақытта орындалады.

  1. Электр станцияларының ауысым басшысы, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның, электр желілерінің диспетчері электрлі қосылыстардың схемаларында өзгерістер туындаған кезде осы схемалардың жаңа жай-күйіне аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйесінің қалпына келтірудің сәйкестігін тексеруі қажет.

  2. Жөндеу жұмысының аяқталуы, оны желіге қосу мен жедел өтінімді жабу туралы пайдаланушы ұйымға хабарлағаннан кейін жабдық жөндеу жұмысынан кейін жұмысқа қосылды деп есептеледі.

  3. Режимнің бұзылуы немесе рұқсат берілген шұғыл өтінім бойынша қорытынды немесе күрделі, орта немесе ағымдағы жөндеу жұмысына ауыстыруға рұқсаты бар жабдықтардың зақымдануы бірыңғай электр энергетикалық жүйенің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру мен тіркеу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес бұзушылық (авария немесе бас тарту) ретінде ресімделеді.



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет