Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет3/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Экологиялық талаптарды сақтау


  1. Энергетикалық қондырғылардың жұмысы кезінде атмосфераға лас заттар шығарындысының және су объектілеріне лақтырындылардың қоршаған ортаға зиянды әсерінің, шу, діріл, электр мен магнит өрісі мен өзге де зиянды физикалық әсерінің алдын алу немесе шектеу үшін, сондай-ақ суды тұтыну көлемі мен қайтымсыз шығынын қысқарту бойынша шаралар қабылданады.

  2. Атмосфераға шығарылатын лас заттардың мөлшері жол берілетін норманың шегінен (лимитінен) аспауы тиіс, су объектілеріне төгілген лас заттардың мөлшері жол берілетін немесе уақытша келісілген норманың шегінен аспауы тиіс.

Электр және магнит өрісінің кернеулілігі осы факторлардың жол берілетін деңгейінің шегінен, шу әсері жабдықтың дыбыс кернеуінің нормасынан аспауы тиіс.

  1. Әрбір жылу электр станциясы мен жылыту казандығы қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармаларымен келісілген аса қолайсыз, метеорологиялық жағдайлар туралы хабарланған кезде атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды төмендету жөніндегі іс-шаралардың жоспары болуы тиіс.

  2. Әрбір энергия объектісінде авариялық және өзге да күл қалдықтарының шығарылуының және қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілуінің алдын алу іс-шаралары әзірленеді.

  3. Уытты қалдықтар пайда болатын энергия объектісін жергілікті немесе өңірлік әкімшілік өкімімен олардың уақытылы кәдеге жаратылуын, залалсыздандыру және мамандандырылған полигондарда көмілуін қамтамасыз етілуі қажет. Энергия объектісінің айналасына қалдықтарды қаттап тастауға немесе көмуге жол берілмейді.

  4. Белгіленген санитариялық нормалар мен табиғатты қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етпейтін құрылғылары бар энергия қондырғыларды пайдалануға жол берілмейді.

  5. Су объектілерін ластанудан сақтау мақсатында энергия қондырғыларының негізгі және қосалқы жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама басшылыққа алынуы қажет.

  6. Ластанған ағынды суларды тазалау мен өңдеуге арналған қондырғылары жылу-энергетикалық жабдықтың іске қосар алдындағы тазалауын бастағанға дейін пайдалануға беріледі.

  7. Электр станциялары мен жылыту қазандықтарының газ тазалау және тозаңды ұстау жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама нормалары мен талаптары басшылыққа алынуы қажет.

  8. Энергия объектілері ластанушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін, су көздеріне ағатын және төгілетін су көлемін қадағалау және тіркеу, сондай-ақ электр қуатын жеткізудің әуе желілерінің санитариялық-қорғау аймағындағы электр және магнит өрісінің кернеулілігін қадағалау қажет.

  9. Қоршаған ортаны ластайтын шығарылған заттарды, ағатын және төгілетін су көлемін бақылау үшін әрбір энергия объектісі үнемі жұмыс істеп тұратын автоматты құралдармен жабдықталады, ал олар болмаған немесе оларды пайдалану мүмкін емес болған кезде кезеңділікті өлшеу мен есептеу әдістері қолданылады.

Электр желілері электр және магнит өрісінің кернеулілігін өлшеу құралдарымен жабдықталады.

  1. Генерациялық қондырғының иесі генерациялық қондырғының ПТҚ және басқа НҚА және НТҚ талаптарына сәйкестігіне кепілдеме береді. Осы талаптарға сәйкестік қондырғыны пайдаланудың барлық мерзімі ішінде қамтамасыз етіледі.

  2. Генерациялық қондырғының иесі сынамалар мен тексерулерді ПТҚ-да баяндалған талаптарға сәйкес жүргізгені үшін жауапкершілікке ие болады.

  3. Сынамалар мен тексерулер жүргізу кезінде генерациялық қондырғының иесі қызмет көрсететін қызметкердің қауіпсіздігіне және қондырғының қауіпсіздігіне жауапкершілікке ие болады.

  4. Сынамалар мен тексерулерді жүргізгенге дейін генерациялық қондырғының иесі Желілік операторға:

генерациялық қондырғының техникалық сипаттамаларын;

жабдық иесінде орнатуға арналған аккредиттелген халықаралық ұйымдардың нотариалды бекітілген сертификат көшірмелерін ұсынады.



  1. Генерациялық қондырғыны кешенді сынамалау мен тексеру бағдарламаның Желілік операторының келісімімен жүргізіледі.

  2. Желілік оператор генерациялық қондырғыны пайдаланудың барлық мерзімі ішінде генерациялық модульдің осы ПТҚ және басқа НҚА және НТҚ талаптарына сәйкестігіне мониторинг және бағалау, оның ішінде ЖЭК-тегі генерациялық қондырғыларда орнатылған ауыспалы режимдер мониторингі жүйесінен (АРМЖ) ақпаратты алу арқылы жүргізеді.

  3. Желілік оператор генерациялық қондырғының иесінен қарапайым және үлгілендірген сынамалар мен тексерулерді тұрақты жүргізуді немесе ПТҚ және басқа НҚА және НТҚ-ге қойылатын талаптарға генерация модулінің сәйкестігіне әсерін тигізуі мүмкін жабдықтың жұмысымен байланысты қандай да бір оқиғадан кейін оны қалпына келтіру немесе ауыстырумен байланысты талап етуге құқылы.

  4. Генерациялық нысандардың иелері оларды желіге немесе қосу нүктесіне НҚА және НТҚ, желіге қосуға арналған техникалық талаптарда немесе қандай да бір екі тарапты шарттарда белгіленген талаптарда рұқсат етілген сәйкестіктен артық қосу желідегі қоректенетін кернеудің бұрмалануына немесе ауытқуына алып келмейтіндігіне кепілдік беруі керек.

Көрсетілген талаптар сондай-ақ Халықаралық электр техникасы комиссиясының (ХЭК) стандарттарына сәйкес келуі керек – «Орташа және жоғары кернеулі электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылған үйлеспе токтың сәулеленуінің шектері мен шектелуін бағалау» (IEC/TR3 61000-3-6), енгізілген түзетулерді ескере отырып және «Орташа және жоғары кернеулі электрмен жабдықтаудың жүйелеріне қосылған жабдықтармен жұмыс істеу кезінде кернеудің ауытқуларының шектері мен шектелуін бағалау» (IEC/TR3 61000-3-7), енгізілген түзетулерді ескере отырып.».

3. Аумақ, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар
Аумақ


  1. Энергия объектісі аумақтарының, ғимараттары мен құрылыстарының тиісті пайдаланушылық және санитариялық-техникалық жай-күйін қамтамасыз ету үшін:

1) ғимараттар мен құрылыстардан барлық аумақтан жоғарғы және жерасты суды ағызу жүйесі (дренаждар, каптаждар, арықтар, су бұру каналдары);

2) пайдаланылған құбырлардың шу тұншықтырғыштары, сондай-ақ шу көздерін оқшаулау мен оның деңгейін өз нормасына дейін төмендету үшін арналған басқа да қондырғылар мен құрылыстар;

3) су құбырының, арналық кәріздің, дренаждың, жылытудың, көліктің, газ және сұйық отынның, су-күл алу жүйелері мен олардың құрылыстары;

4) ауыз су көздері, су қоймалары мен сумен жабдықтау көздерін қорғаудың санитариялық аумақтары;

5) темір жолдар мен өтпелер, автомобиль жолдары, өрт жолдары, өрт гидранттарының, су қоймасының және градирнялардың кіре берістері, көпірлер, жаяу жүргінші жолдары, өткелдер;

6) сырғымайтын, құламайтын, жағалауға нығайтылған, көшкінге және селге төзімді құрылыстар;

7) базистік және жұмыс реперлері мен таңбалары;

8) пьезометрлер мен жерасты суларының режимін бақылауға арналған бақылау ұңғымалары; қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының кешені (қоршаулар, бақылау-жіберу пункттері, бекеттер, қызметтік үй-жайлар); найзағайдан қорғау және жерге тұйықтау жүйелері жарамды күйде ұсталады.

Сонымен қатар, жүйелі түрде көгалдандыру мен аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізіледі.


  1. Жер астында жатқан су құбыры, кәріз, жылыту жолдары, сондай-ақ жабық аумақтардағы газ құбырлары мен ауа құбырлары, кәбілдер жер үстінде тиісті белгілермен көрсетіледі.

  2. Энергетикалық объект аумағында аралап жүретін ток болған кезде жерасты металл құрылыстары мен байланыстарының коррозиясынан электр химиялық қорғау қамтамасыз етіледі.

  3. Жүйелі түрде, әсіресе жауын-шашын кезінде еңістердің, қия беткейлердің, шұңқырлардың жай-күйі қадағалану тиіс және қажетті болған кезде оларды нығайту шаралары қолданылады.

  4. Көктемде барлық су бұру желілері мен құрылғылар тексеріледі және қар суын ағызуға дайындалады; ғимараттардың қабырғалары арқылы кәбілдер, құбырлар, желдету арналарының өту жолдары тығыздалады, ал айдап шығару механизмдері жұмысқа дайын болады.

  5. Электр станцияларындағы жерасты суларының жай-күйінің режимін ұңғымаларындағы (пьезометрлерде) су деңгейімен бақылау:

пайдаланудың бірінші жылында – айына кемінде 1 рет, келесі жылдары жерасты суларының деңгейінің өзгеруіне байланысты әр тоқсанда кемінде 1 рет өткізіледі.

Карстық аймақтардағы жерасты суларының жай-күйін бақылау режимі жергілікті нұсқаулықта қарастырылған мерзімде арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылады. Судың температурасын өлшеу және ұңғымалардан химиялық анализ үшін оның үлгісін алу жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Бақылау нәтижелері арнайы журналға жазылуы тиіс.



Энергия объектілерінде бақыланатын тораптардың ұңғымалары бойынша қалдықтарының ірі жинақтағыштарын жерасты суларының сапасын жүйелі химиялық-аналитикалық бақылау жарты жылда 1 реттік мерзімділікпен жолға қойылады. Талдаулардың деректері аумақтық геологиялық ұйымдарға беріледі.

  1. Энергетикалық объектінің аумағында шөгу және сырғыма құбылыстары, топырақтың тұңғиықтануы байқалған кезде топырақтың қалыпты бұзылу себептерін және олардың салдарын жою шаралары қабылдануы тиіс.

  2. Оқшаулау аймағының аумақтарында ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы жоба болған кезде ғана жүзеге асырылады. Оқшаулау аймақтарының айналасында барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға энергетикалық объектінің техникалық басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі. Газ құбырлары мен эстакадалардың астына ғимараттар мен құрылыстар салуға жол берілмейді.

  3. Теміржол жолдары, көпірлер мен электр станцияларын енгізудегі олардың құрылыстары темір жолдар техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес ұсталады және жөнделеді.

  4. Автомобиль жолдарын, көпірлер мен құрылыстарды күтіп ұстау мен оларды жөндеу автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  5. Жергілікті нұсқаулықта анықталған мерзімде және онда белгіленген көлемде көпірлерде мынадай көрсеткіштерге бақылау жүргізу ұйымдастырылады: тіреуіштерінің шөгуі және жылжуы; аралық құрылыс арқалықтарының (фермалардың) биік және жоспарлы күйі; жүргінші бөлігінің биік күйі.

Бұдан басқа, күрделі көпірлер 10 жылда 1 рет, ал ағаш көпірлер 5 жылда 1 рет тексеріледі, ал қажеттілігіне қарай сыналады. Көпірді алдын ала тексерусіз сынауға жол берілмейді. Тұтас дәнекерленген, тұтас тойтарылған, сондай-ақ күшейтіле дәнекерленген болат және болат темір бетонды аралық құрылыстар қыс мезгілінде айына кемінде 1 рет, ал -200С төмен температура кезінде күн сайын тексеріледі.

  1. Температура төмен болған мезгілде көпірдің жүргінші бөлігі, сондай-ақ көпірге келу жолдары қар мен мұздан тазартылады.


Өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен санитариялық-техникалық құрылғылар


  1. Энергия объектісінің өндірістік ғимараттары мен құрылыстары олардың ұзақ уақыт және сенімді пайдаланылуын, санитариялық-техникалық нормалар мен персоналдың еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін күйде болуы қажет.

  2. Энергия объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану процесінде оларды күтіп ұстау бойынша нұсқаулық арқылы анықталатын көлемде жүйелі түрде бақылау ұйымдастырылады.

Жүйелі бақылаудың қатарында жылына 2 рет (көктемде және күзде) ақаулар мен зақымдануларды айқындау үшін ғимараттар мен құрылыстар тексеріледі, ал төтенше жағдайлардан соң (дауылды жел, қатты нөсер немесе қар басу, өрт, 5 және одан да жоғары баллды жер сілкінісі) немесе авариялардан кейін кезектен тыс тексеру жүргізіледі.

Энергия объектісінің басшысы бекіткен, бас жобалаушымен келісілген тізім бойынша негізгі өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкциялары 5 жылда бір рет мамандандырылған ұйым техникалық куәландырады.



  1. Көктемгі тексеру кезінде жазғы мерзімде орындалатын ғимараттар, құрылыстар мен санитариялық-техникалық жүйелерді жөндеу жұмыстарының көлемі анықталады және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс көлемі оларды келесі жылға арналған жоспарға енгізу үшін айқындалады. Күзгі тексеру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың қысқа дайындығы тексерілуі тиіс.

  2. Электр станцияларында ғимараттардың, құрылыстар мен жабдықтардың іргетастарының шөгуін бақылау ұйымдастырылады:

пайдаланылудың бірінші жылында – 3 рет, екінші жылында – 2 рет, кейіннен іргетастардың шөгуі тұрақтанғанға дейін – жылына 1 рет, тұрақтанғаннан кейін (жылына 1 мм және одан аз) – 5 жылда кемінде 1 рет.

  1. Іргетастың шөгуін, құрылыс конструкцияларының деформациялануын бақылау, игерілген жерасты тау-кен қазбасы бар, жұмыс істеп тұрған жабдықтың тығындалып тұратын топырақта, орнықтырылған топырақта, карстық аймақтарда, көп жылдық тоңды аудандарда, 7 балл және одан да жоғары сейсмикалық қауіпті аудандардағы ғимараттар мен құрылыстарды тексеру жергілікті нұсқаулықта көзделген мерзімде, бірақ үш жылда кемінде 1 рет арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

  2. Электр станцияларының түтін құбырлары мен газ құбырлары жылына 1 рет (көктемде) сыртқы тексеруден өтеді. Түтін құбырларын ішкі тексеру олар пайдалануға берілгеннен кейін 5 жыл өткен соң, ал кейіннен қажеттілік туындап жатса, бірақ 15 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. Кірпіш және берік футеровкасы бар құбырларды ішкі тексеру жиілігі бес жылға кемінде 1 рет жылу шолғышпен ауыстырылуы мүмкін.

  3. Ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтардың іргетастарын бақылау кезінде жылжымалы тіректердің, температуралық тігістердің, дәнекерленген, шегеленген және болтпен қосылған металл құрылымының, жинақталған темір бетон құрылымының тораптары (коррозия немесе деформация байқалған кезде), кран құрылымдары мен динамикалық және термикалық жүктемесінен және ықпалының зақымданған учаскелерінің жай-күйі бақыланады.

  4. Су дайындау қондырғыларының үй-жайларында дренажды арналар, науалар, шұңқырлар, тұзды ұяшықтардың және коагулянтты дымқыл күйде сақтаушы ұяшықтардың қабырғалары, қышқыл мен сілті өлшеу үй-жайларындағы едендер жарамды күйде ұсталады және бақыланады.

  5. Құрылыс конструкцияларында жарылулар, сынықтар мен зақым келудің басқа да сыртқы белгілері табылған кезде осы конструкцияларға маякты пайдалана отырып және аспаптық өлшеу көмегімен бақылау жүргізіледі. Табылған ақаулар туралы мәліметтер ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы журналға жазылады.

  6. Тірек және қоршау конструкцияларындағы тесу, ою, құрылыс конструкцияларына технологиялық жабдықты, көлік құралдарын, құбыржолдары мен жабдықты монтаждау, демонтаждау мен жөндеу кезінде жүкті көтеруге арналған құрылғыны ілу мен бекіту, байланыстарын кесу жоюалау ұйымы мен ғимараттары (құрылысты) пайдалану үшін жауапты тұлғаның келісімінсіз, сондай-ақ белгіленбеген орындардағы резервтегі жабдық пен басқа бұйымдар мен материялдарды сақтауға жол берілмейді.

Жобалық деректер негізінде жабындардың әрбір учаскесі үшін көзге түсетін жерлерге ілінген тақтайшаларда көрсетілген шекті жүктемелер анықталады.

Пайдалану процесіндегі жабынның тірек қабілетінің өзгеруі (төмендеуі) кезінде жол берілетін жүктемелер тексеру мен тексеру есебінде айқындалған техникалық жай-күйін ескере отырып түзетіледі.



  1. Ғимараттар мен құрылыстардың шатырлары қоқыстардан, күлден және құрылыс материалдарынан тазартылады, нөсер суын ағызып жіберу жүйесі тазартылады, оның жұмыс қабілеттілігі тексеріледі.

  2. Ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялары коррозиядан қорғалады; коррозияға қарсы қорғаныш тиімділігін бақылау белгіленеді.

Ғимараттардың қасбеттерінің, негізгі үй-жайлардың ішкі көрінісінің жобалық шешімдерінен барлық шегінулер жобалаушы ұйыммен келісіледі.

  1. Құрылыс конструкциялары, ғимараттардың, ғимараттар мен жабдықтардың іргетастары минералды майлардың, қышқылдың, сілтінің, бу мен судың тиюінен қорғалады.

  2. Жылыту және желдету жүйесінің техникалық жай-күйі мен олардың жұмыстарының режимі әуе ортасының нормаланған параметрлерін, энергетикалық жабдық жұмысының сенімділігі мен қоршау конструкцияларының төзімділігін қамтамасыз етеді. Жүйелерді пайдалану нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Ғимараттар мен құрылыстардың алаңдары, конструкциялары мен көлік өткелдері жарамды және таза күйде күтіп-ұсталуы қажет. Үй-жайлар мен жабдықтарда тозаңның жиналуына жол берілмейді.

Отынды беру жолын сумен жинау осы Қағидалардың талаптарына және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес ұйымдастырылады.

4. Гидро техникалық құрылыстар мен электр станцияларының су шаруашылығы, гидротурбиналық қондырғылар
Гидро техникалық құрылыстар мен олардың механикалық жабдықтары. Гидро техникалық құрылыстар


  1. Гидро техникалық құрылыстарды пайдалану кезінде олардың жұмыстарының сенімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарын сақтауда электр станцияларының технологиялық жабдықтарының үздіксіз және үнемді жұмысын қамтамасыз етеді. Сүзгілеуге қарсы және дренажды қондырғылардың жұмыстарының сенімділігін қамтамасыз етуге аса назар аударылады.

Гидротехникалық құрылыстар тұрақтылығы, беріктілігі, төзімділігі бойынша нормативтік (жобалау) талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Су арыны астындағы құрылыстар мен конструкциялар сондай-ақ олардың негіздері мен біріктірілген тұстары су өткізбеу және сүзгіш беріктігінің нормативтік (жобалық) көрсеткіштерін қанағаттандыруы тиіс.

Гидротехникалық құрылыстар қолайсыз физикалық, химиялық, және биологиялық үдерістерден, жүктеме мен судың әсерінен туындайтын зақымданулардан қорғалады. Зақымданулар дер кезінде жойылады.

25 жылдан астам уақыт пайдалануда болған барлық арынды гидро техникалық құрылыстар олардың жай-күйіне қарамастан, мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың беріктігін, орнықтылығын және пайдалану сенімділігін бағалаумен көп факторлы мерзімді тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша құрылыстардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.



  1. Бетонды гидротехникалық құрылыстарда динамикалық жүктеме, сүзілетін су, минералды май, жүйелі түрде мұздату ықпалына ұшыраған учаскелерде және ауыспалы деңгей аймақтарында бетонның беріктігі бойынша тексеру жүргізіледі. Құрылыс конструкциясының беріктігі белгіленген жобамен салыстырғанда төмендеген кезде олар күшейтілуі тиіс.

  2. Жерасты плотиналарымен бөгеттер жота арқылы судың шайылуынан және қотаруларынан қорғалады. Құламалардың бекітпелері, дренажды және жауын суын бұру жүйелері жарамды күйде ұсталады. Жер асты құрылыстар, әсіресе үйінділердегі және су өткізетін топырақтардағы каналдар, плотиналар мен бөгеттер жануарлардың зақым келтіруінен қорғалады.

  3. Каналдардың бермалары мен жыралары жүйелі түрде шөгінді және шайылма топырақтан тазартылады, егер ол жобада қарастырылмаған болса, құламаларда және жер құрылыстарының жотасында ағаштардың және бұталардың өсіп кетуіне жол берілмейді. Суды жіберетін және бұратын қажетті орындарында баспалдақтар, көпірлер және қоршаулар салынуы тиіс. Деформациялық тігістердің сенімді нығыздау жұмыстарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

  4. Қандай да бір құрылыстарда, соның ішінде жағалауда, автомобиль және темір жолдарда, бермалар мен каналдарда, плотиналардың, бөгеттердің құламаларында және қопарылудың призмалары есептік шегінде тірек қабырғаларында жүктер мен құрылғыларды орналастыруға жол берілмейді. Қауіпті опырылу аймағының жерінде тиісті айыру белгілерімен белгіленуі тиіс.

  5. Төменгі сынадағы сүзілетін су жоғары деңгейде болған кезде жерасты плотиналары мен бөгеттердің құламаларының учаскелерінде мұздау мен күйреуге ұшырамас үшін дренаж немесе жылылау орнатылуы тиіс.

  6. Сүзілген суды ағызу үшін дренаждық жүйелер жарамды күйде болуы тиіс; олар су өлшегіш құрылғылармен жабдықталады.

Дренаждық жүйелерден ағатын су құрылыстан толассыз бұрылады. Сүзілген судан топырақ байқалған кезде оны тоқтату шаралары қолданылады.

  1. Тоңданған түрдегі топырақ плотниналары, олардың негіздері мен жағалауларға және плотинаға кіріктіріле салынған құрылыстары (суды ағызушылар, туннельдегі су өткізгіштер, су қабылдағыштар) үнемі тоңданған күйінде ұсталады. Арнайы қондырғылар болған жағдайда олардың жұмыс режимі нормативтік құжаттармен анықталады.

  2. Саздақты өзектер және жерасты плотиналарының экрандары аяздан және қатып қалудан, ал дренаж құрылғыларымен өтпелi сүзгiлер қатып қалудан қорғалады.

Маусымды қатып қалатын және еріп кететін табанды призмалардың ірі кесект материалы аязға төзімділігі бойынша нормативтік (жобалық) талаптарға сай болуы тиіс және пайдаланудағы әрбір 10-15 жыл сайын механикалық және жылжыту беріктігі бойынша сыналады.

  1. Көп жыл қатып тұрған мұзды негіздерде жерасты плотиналарын пайдалану кезінде температуралық режимді, сондай-ақ жердің еруіне байланысты деформацияларды бақылау ұйымдастырылады.

  2. Гидро электр станцияларының жерасты ғимараттарын пайдалану кезінде: сүзу нәтижесінде немесе су жүретін жолдардың күтілмеген бұзып-жарылулар салдарынан ағып келген суды сору үшін сорғылардың тұрақты жұмысқа дайындылығымен; желдету қондырғыларының, авариялық жарықтандырудың, қосымша шығу есіктерінің жарамдылығымен қамтамасыз етілуі қажет.

  3. Каналдардағы судың жылдамдығы каналқұл амалары мен түптерін шайып әкетуге, сондай-ақ шайындылардың жиналуына жол бермейтіндей ұсталады; мұз түзілімдері болған кезде судың тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етіледі. Судың ең жоғарғы және ең төменгі жылдамдығы нормативті құжаттарды ескере отырып белгіленеді.

  4. Су қоймаларының, бассейндердің, каналдар мен арынды су өткізгіштердің сумен толтырылуы және босатылуы, сондай-ақ су өткізгіштеріндегі су деңгейінің өзгеруі құрылыстың қаптауында жоғары қысымның болуын, еңістердің жылжуын, вакуумның туындауын және төтенше құбылыстарды болдырмайтын жылдамдықпен бірте-бірте жүргізіледі. Судан босату мен толтырудың жол берілетін жылдамдықтары нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Жоғары су тасу (су тасқыны) кезінде гидротораптардың жоғарғы бьефтерінің қалыпты тірек деңгейін (бұдан әрі – ҚТД) арттыруға тек қана суды ағызатын және суды барлық өткізетін тесіктерінің қақпақтарының толығымен ашық болуы кезінде және міндетті түрде барлық гидротурбиналар қолданылған кезде жол беріледі. Су ағыны толастаған кезде су қоймасының деңгейі техникалық мүмкін болатын қысқа мерзімде ҚТД-ға дейін төмендейді.

  1. Арынды су өткізгіштерді пайдалану кезінде:

  1. тіректердің қалыпты жұмысы, деформациялық тігістердің және өтемдік құрылғылардың тығыздалуы қамтамасыз етілу;

  2. сыртқы қабатының жоғары дірілі болмауы;

  3. коррозия мен абразивті тозудан қорғануының қамтамасыз етілу;

  4. болат бетонда бетонда және болат темір бетонды су өткізгіштерде 0,3 мм артық үстіңгі бетінде жарықтың болмауы;

  5. су өткізгіштің зақымдануы (жарылуы) кезінде гидро электр станцияларының (бұдан әрі – ГЭС) ғимараттарын су басудан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Аязды кезеңде гидро агрегаттартарды тоқтату кезінде су өткізгіштердің ішкі қабырғаларында пайдалану кезінде қауіпті болып табылатын мұздың түзілуінің алдын алу шаралары қолданылады.

  2. Арынды су өткізгіштердің аэрациялық құрылғылары сенімді жылытылады және қажет болған кезде жылыту жүйесімен жабдықталады. Өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жүйелі түрде аэрациялық құрылғының жай-күйін тексеруге жол беріледі.

  3. Электр станцияларының құрылыстарының ауданында жару жұмыстарын жүргізуге құрылыстар мен жабдықтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде жол беріледі.

Сыртқы ұйымдармен гидро техникалық құрылыстардың маңында жару жұмыстарын жүргізуге электр станциясының техникалық басшысының келісімімен ғана жол беріледі.

  1. Энергетикалық объектілер тиісті аумақтық әкімшілік органдарды (әкімшіліктерді) гидро тораптардың құрылыстары арқылы суды ағызу кезінде су басып кеткен аймақта құрылыс салуға жол берілмейтіндігі, сондай-ақ су қоймаларының көп жылдық реттеуінде су басу аймақтары туралы жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс.

Гидро торапты пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулыққа жобамен белгіленген жоғарғы және төменгі бьефтердегі гидро торапты қорғау аймақтарында аумақты және құрылыстардың жай-күйін қадағалау жөніндегі талаптар енгізілуі тиіс.

  1. Әрбір электр станциясының жергілікті нұсқаулығында гидротехникалық құрылыстарда авариялық жағдайлар туындаған кезде атқарылатын іс-шаралар жоспары баяндалады. Бұл жоспарда: персоналдың әрекеті, авариялық жағдайларды жою жолдары, материалдар қоры, байланыс және хабарлау құралдары, көлік құралдары мен қозғалыс жолдары анықталады.

Гидро техникалық құрылыстарда авария туындаған кезде: ертерек алдын алу бойынша қажетті жобалау құжаттамасы (су қоймаларынан бұзып-жару толқындарының салдарының есептеу материалдарын тіркей отырып) және оларды жою жөніндегі тиісті нұсқаулықтар алдын ала әзірленеді.

  1. Адамдар, жабдықтар мен басқа да құрылыстар үшін қауіп туғызатын гидро техникалық құрылыстардың зақымдануы тез арада жойылады.

  2. Аварияға қарсы құрылғылар, суды ағызу және құтқару құралдары жарамды күйде болуға және үнемі әзірлікте болуға тиіс.

  3. Өзен сағаларында және жыраларда сел салдарынан туындайтын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін қажет болған кезде тау-кен суын бұру жұмыстары жүргізіледі. Каналдар қиып өтетін сел жүру жолдарына кіретін учаскелер және сел жүру жолдарының өздері қажеттілігіне қарай тазартылады.

  4. Қызмет көрсетуші персонал, электр станцияларының жабдықтары мен құрылыстары үшін қауіпті тастардың құлауы мүмкін шатқал еңістері және жартас құламаларының учаскелері жүйелі түрде тексеріледі және тастардан тазартылады.

Тастан қорғайтын құрылыстар (тасты ұстайтын торлар, тас ұстағыштар) жарамды күйде ұсталады және жиналған тастардан дер кезінде босатылады.

  1. Гидро техникалық құрылыстарды күрделі жөндеу мүмкіндігінше электр станциясының жұмысына ешбір кедергі келтірусіз жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет