Бастауыш сынып бірлестігінің 2014 – 2015 жылындағы атқарған жұмыс есебі. ӘБ жетекшісі Нұрмұхаматова Гүлжаухар Өтегенқызы.
Еленовка орта мектебінің бастауыш сыныптарында 5 мұғалім еңбек етеді. 1 «А» сынып мұғалімі Файзуллина А.Ж, 2 «А» сынып мұғалімі Нұрмұхаметова Г.Ө, даярлық топ мұғалімі Житенова Г.И, 3 «А» сынып мұғалімі Жанұзақова Н.К, 4 «А» сынып мұғалімі Мағаз Мейрам.
Қарағай бастауыш мектебінде 2 мұғалім еңбек етеді. Даярлық тобының мұғалімі Толай Нургузар, 1,2,3 сыныптардың мұғалімі Әшербекова Р.А.
Жана-ауыл бастауыш мектебінде 2 мұғалім еңбек етеді. 2,4 – сыныптардың мұғалімі Махметова Ұ.Е, даярлық тобының және 1 – сыныптың мұғалімі Махметова Г.Н.
Әр мұғалім бастауыш сынып білім беру стандартына сай етіп еңбек етуде. Енді әр сыныпқа жеке-жеке тоқталар болсақ, биылғы оқу жылының 1 жарты жылдығында
1 «А» сыныбында 12 – оқушы бар. Оқушыларға бірінші жарты жылдықта баға қойылмайды. Файзуллина Анар Жасұланқызы оқушылармен дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылар барлығы әріп таниды, жаза алады. Бірінші жарты жылдықта мәтіндерді буынға оқыса, оқу жылының аяғында оқушылар толық оқи білді. Суреттер бойынша әңгіме құрады, өз ойларын айта білуге тырысады. Файзуллина Анар Жасұланқызы әдебиеттік оқу пәнінен, және математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Сабаққа оқушылар толық белсене қатысты. Оқу жылының аяғында білім сапасы 85% көрсете білді. Сыныпта 7 үздік оқушы бар.
2 «А» сыныбына тоқталар болсам, 13 – оқушы білім алуда. Оқушылардың барлығы толық сабақты меңгереді. Бірінші жарты жылдықта білім сапасы 69% көрсетсе, оқу жылының аяғында 85% көрсетуде. Нұрмұхаметова Гүлжаухар Өтегенқызы « Сын Тұрғысынан Ойлау» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізуде. Оқушыларға өздігінен тапсырмалар беріп топпен жұмыс жүргізді. Оқушылар көбінесе кеспе қағаздармен өздігінен жұмыс жүргізді. Математика пәнінен есептерді еркін меңгеріп шығарады. Есеп шығара алмайтын оқушы жоқ. Барлығын өздігінен орындайды. Логикалық есептерді тез ойлайды және есепке кері есептер құрастырады. Өлшем бірліктерін, уақыт өлшемдерін жақсы меңгереді.Математика пәнінен Құрманғали Әлішер, Жаныбек Ислам, Шакей Абай өте жақсы меңгереді. Әдебиеттік оқудан шапшаң оқиды. Булатбек Аружан, Боткен Жаннұр, Ерік Жазира, Жаныбек Ислам өз ойларын жан – жақты жеткізе біледі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Боткен Жаннұр, Ерік Жазира өз шығармаларын « Мектеп жаршысы» газетіне суретімен жарияланды. Минутқа нормаға сай оқи алады. Булатбек Аружан, Жаныбек Ислам, Мәулетхан Кенжебек минутына 130 сөз оқи алады. Боткен Жаннұр, Ерік Жазира, Яхияев Думан минутына 80 – 90 сөз оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |