1. Дін әлеуметтануының пайда болуы мен қалыптасуы. Дін әлеуметтануы ежелгі дүниедегі діндерден бастап қазіргі таңда қоғамдарда әрекет етіп отырған діндердің бәрін зерттейді. Діннің тарихи даму жолын зерттей келіп, әлеуметтанушылар оның келесі формаларын бөліп көрсетеді:
- Фетишизм. Фетиш(латынның fetіsh-сыйқырлы) – мистикалық, аурудан жазу, жаудан қорғау, аңшылықта көмек көрсету қасиеттерін т.б. иеленіп дінді ұстанушылардың қиялын таңдандырған зат, атап айтқанда, ерекше тас, жанжануарлардың тісі, сәндік бұйымдар.
Фетишпен адамдар діни қатынастарды байланыстырып қана қоймады, олар сонымен қатар практикалық, күнделікті қатынастарында байланыстырып, көрсеткен көмегі үшін Фетишке алғысын білдіреді, ал сәтсіздігі үшін оны жазалайды немесе қасиетті саналатын басқа затпен ауыстырады.
-Тотемизм – бұл адам топтарының (ру, тайпа), белгілі бір өсімдіктің немесе жан-жануардың түрімен арадағы туыстық байланыстың бар екендігіне негізделген сенім. «Тотем» термині оджибве үнділерінің тілінен келген, ол «оның рухы» деген мағынада айтылған. Үнділер тотем деп өздерін өмір сүруіне және қиында, күрделі жағдайдан аман алып қалуға мүмкіндік берген өсімдіктің немесе жануарлардың түрін есептеген. Алғашқы кезде тотемді тағамдарда қолданған. Сондықтан австралияның аборигендеріндегі дәл осындай «тотем» сөзі «біздің ет» деген мағына берген. Бұдан соң тотемизмге әлеуметтік, қандастық қатынастардың элементтері қосылды. Ру (тайпа) мүшелері өздерінің ата-бабаларының тотемнің белгілі бір белгілерін иемденгеніне сене бастады. Ата-баба культінің күшеюі оны тағам ретінде тұтынуға тиым салу ретінде түсінуге әкелді.
-Магия (гректің mageia-сиқырлап тастаушылық, арбаушылық) түсініктер мен салттардың жиынтығы, бұлардың негізіне заттар мен құбылыстардың көмегімен адамдарға ықпал ету мүмкіндігіне сеніп жатыр. Польшада туған ағылшынның әлеуметтік антрополгі Бронислав Малиновский өзінің «Магия, ғылым және дін» атты еңбегінде Мелонезияда (Жаңа Гвинея, Тробиан және т.б. аралдар) жүргізген далалық зерттеулерінің негізінде адамдардың өз күштеріне сенбегенде, мәселені шешу адамнан гөрі басқа формаларға тәуелділігін білгенде магиялық түсініктктер пайда болады деген қорытынды жасайды. Бұл оның құпия күштердің көмегіне сенуге мәжбүрлейді. Мысалы, Тынық мұхиты аралдарының түземдіктерді магияны акуланы, ірі балықты аулағанда қолданған, ал ұсақ балықтарды аулағанда магияны пайдаланбаған, қанша өнім беретіні белгісіз өсімдіктерді жерге отырғызған кезде оларды дуалаған, ал тұрақты жеміс беретін ағаштарды өсіргенде оны пайдаланбаған. Қазіргі кезде магия жіктеліске түскен. Әсер ету мақсаты бойынша магия зиян келтіретін, әскери, өндірістік, емдік, сүйіспеншілік және т.б. бөлініп кеткен. Әсер ету әдістері бойынша магия байланыстық (контакт), инициалдық (байланыссыз), паруиалдық (жанама ықпал ету, мысалы, шаш алу арқылы) және имитативтік (мысалы, сурет арқылы) болып бөлінген.
-Анимизм (латынның anima – жан) жан мен рухтың өмір сүретіндігіне деген сенім. Осыдан жанның басқаға ауысып қонатындығына, табиғат құбылыстарының рухтануына деген сенім келіп шыққан. Анимизмнің классикалық зерттеуін ағылшынның әлеуметтік антропологі Эдвард Тэйлор (1832-1917) «Алғашқы қауым мәдениеті» атты еңбегінде жүргізген. Э. Тэйлор «Анимизм дінді анықтаудың минимумы» болып табылады деп санаған және фетишизм мен тотемизм діннің анимистикалық формасының алдында болған түрін білдіреді деген түйініне әлеуметтанушылардың бірқатары келіспейді. Алғашқы қауымдық діни сенім әлеуметтік қауымдастықты (тайпа одақтарын және кейін мемлекетті құруда) нығайту жағдайында және әлеуметтік жіктелу үрдісі жағдайында теизм формасын
қабылдайды. -
-Теизм – бұл құдайларға сену немесе бір құдайға сену. Мұндай құдайларды адамдар кісіге ұқсас деп ойлайды және оларға есімдер береді. Құдайлардың иерархиясы әдетте адамзат қоғамының құрылымына сәйкес келеді. Көп құдайға сенушілікті политеизм деп атайды, келе-келе ертедегі монотеизмде – бір құдайға сену пайда болды. Монотеизм адамзат қоғамында иудаизмнің (б.з.д. I-II мың жылдықтар аралығында) және үш әлемдік діндер деп аталған: буддизмнің (б.з.д. VI-Vғас.), христиандықтың (б.з.д. I ғас.) және исламның (VII ғас.) қалыптасу үрдісінде пайда болды.
Буддизмді негіздеген Будда деп есептеледі (аударғанда – «оқымысты», «нұрға»). Бұл діннің негізінде адамгершілік (ізгілік) ілімі жатыр. Ол бойынша адамдар пайымдау, аңдау арқылы ақиқатқа жете алады, өздерінің адасуларынан құтқарудың дұрыс жолын таба алады, кемелдікке өте алады, яғни нирванаға жетеді. Ол үшін бес негізгі парызды берілген белгілі бір жүріс – тұрыс нормаларын қатаң ұстау қажет: бірде – бір тірі жәндікті өлтірме, біреудің жеке меншігін иемденіп кетпе, зинақорлық істеме, өтірік айтпа, арақ – шарап ішпе41.
Христиан діні бойынша адам әу бастан – ақ күнәһар болған. Бұл осы діннің орталық идеясы болып табылады. Күнә адамның бүкіл бақытсыздығының себебі ретінде айқындалған және опық жеп, дұға оқу жолдарымен күнәдан тазару туралы ілімді ұстанған.
Бұл діннің адамгершілік ережелері келесі өсиеттерде берілген: «өлтірме», «ұрлама», «зинақорлық жасама», «өзіңе табынушылық жасатпа», «өз әке шешеңді сыйла» және т.б. Бүгінде христиандық бүкіл әлемде, әсіресе Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тараған және көп тармақтарға (каталицизм, протестантизм, православие, шығыс ортодоксальды христиандық және т.с.с.) бөлініп кеткен4243.
Исламның негізін мұсылманның бес парызы құрайды. 1) Бірқұдайға – Аллаға және пайғамбар Мұхаммедке сену; 2) күніне бес рет дұға – намаз оқу, бұл дәрет алу рәсімімен қоса жүреді; 3) Қасиетті рамазан айында ораза ұстау; 4) кедейлерге ақша және қайыр садақа беру рәсімімен қоса жүреді; 5) Әрбір діндар мұсылман өмірінде кем дегенде бір рет Меккеге хажылыққа баруы тиіс. Ислам дініде әлемде кеңінен тараған дін. Оны Солтүстік және Шығыс Африка елдерінің, Орта шығыс елдерінің жұртшылығы ұстайды. Орталық
3
және Орта Азия елдерінің бірқатар халықтары тұтынады.
Әлемдік діндер ертеде қалыптасып, қоғамда ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеген жаңа діндер пайда болды. Пайда болған діни ұйымдардың қызметін, әдетте, күні бұрын айту мүмкін емес. Мысалы, АҚШта және Батыс Еуропада жанданған сатанизм немесе жын культі дін формасы ретінде Орта ғасырларда қалыптасқан еді. Ең белгілі Сатана (шайтан) шіркеуі Сан-Францискода орналасқан. 1966 жылы оның басты уағыздаушысы Энтони Лавей мыңдаған данамен «Шайтан інжілін» шығарды, бұл бүкіл әлемде жаппай сатанизммен айналысуға әкеп соқтырды. Бүгінде оның көптеген филиалдары АҚШ-тың барлық ірі қалаларында әрекет етеді.
«Сатанизм» Еуропаға да кірді. Бұл сектаға мүше болу үшін жазбаша өтініш-міндеттеме жазу керек. Оған мүше болатындар кісі өлтіруге, ұрлауға, алдауға ант береді. Жас адамдар бас айналдыратын дәрі-дәрмектер ішеді және түнгі келеңсіз жағдайлар ұйымдастырады. Бұл секта жастардың санасына әлеуметтік нормаларды және моральдық құндылықтарды жек көруді ұялатады. Рок-музыка жаңа дінді насихаттаудың ең басты құралы болып саналады, атап айтқанда, бас сүйек пен қасқырдың тұмсығы салынған қара жейде киеді, шынжырлар және т.б. тағады. Олар қабырларды ашады, мәрмәр тақталар мен крестілерді қиратады.
«Сайентология» сектасы да тұлғаны жамандық пен құлдырауға итермелейді. Дианетика орталықтары әлемнің көптеген елдерінде орналасқан. Бастапқыда адамның денсаушылығына қамқор болғансып, бір қарағанда ешбір жамандығы жоқ сурет салу немесе би үйірмелері адамды өзіне тартады. Содан кейін адам санасына манипуляция жасайды. Жаңа келген адамға әйелінен, жақын досынан, әкесі мен шешесінен жағымсыз энергия тарайды деп сендіреді де, оны осылайша әйелінен ажырасуға, отбасынан, жақын адамдарынан бөліп әкетеді. Егерде оның жұмысын секта басшылары керексіз деп шешсе жұмысынан кетуге мәжбүрлейді. Сөйтіп адам бірте-бірте сектаның билігіне түседі. «Сайентология» немесе дианетика жәй ғана дін емес, оны негіздеуші Хаббард дианетиканы барлық діндердің негізі санайды. Дианетика толық еркіндік береді, бірақ жаппай тәртіп орнату үшін билік пен беделге сүйенуді бекіткен. «Сайентологияға» жау саналатын идеялардың бәрін жою қажет деп есептейді, бұл шара жүзеге асқанда сейентологияға жатпайтын барлық идеяларды жоюды мақсат етеді. Сектаның өз полициясы, соты, ерекше міндет атқаратын қызметтері бар. Сайентологияны сынаған кез-келген адам ар-ұжданды басып жаныштайтын тұлға деп жарияланады және оған заңнан тыс қалған адам ретінде қарайды. Осылайша «адал ойын» ережесіне түскен адамдарды өздерінің жеке меншігінен айырады, оларға кез келген нұқсан келтіреді, торға түсіріп сотқа береді, тіптен өлтіруге дейін барады.
«Иеговы куәләрі» (Свидетели Иеговы) сектасының мүшелері мейрамдарды тойлауға, сайлауларға қатысуға, әскердегі борышын өтеуге құқысы жоқ.
Қазіргі кезде әлемде мыңнан астам секталар бар, олардың 200 тұлға үшін аса қауіпті саналады. Соған қарамастан адамдар секталарға мүше болады.
Оның себебі адамның тереңде жатқан руханилыққа деген қажеттігінде, бүгінгі адам өмірінде идеалдар мен идеалардың жетімсіздігіде оған алғы шарт болып отыр. Осыдан жиырма жыл бұрын Францияда отбасы мен тұлғаны қорғайтын Ассоциация құрылған еді, ол діни сектарлардың қызметі туралы мәліметтер жинайды, сонымен қатар секталардың ықпалынан шығамын деушілерге мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Мұндай ассоциациялар басқа да елдерде пайда болуда. Дін келе-келе қоғамның бөлінбес бөлігіне айналады.
Дін әлеуметтануы Батыс Еуропа елдерінде XIX ғ. екінші жартысында пайда болды. Дін әлеуметтануының жеке ғылым саласы болып бөлініп шығып қалыптасуына екі фактор ықпал етті: 1) әлеуметтік 2) теориялық.
Жалпы әлеуметтанудың құрамынан дін әлеуметтануының бөлініп шығып арнайы ғылым саласы ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар зор үлес қосты. Атап айтқанда, олардың қатарына алдымен О.Конт, Э.Дюркгейм, М.Вебер, К.Маркс, Т.Парсонс т.б. жатты. Олар дін туралы теориялар мен концепцияларды қалыптастырды. Солардың арасынан дін әлеуметтануының мәселелерін алғашқылардың бірі болып зерттеген Огюст Конт болды. Ол дінді қоғамның бастапқы даму сатысында пайда болды деп есептеді. Дін, оның пікірінше, адамдардың құпия және түсініксіз табиғат құбылыстарын түсіндіруші ретінде қалыптасып және ол адамның танымдық қабілетінің даму нәтижесінде, ғылымның ұтымдылығы артуы нәтижесінде қоғамдық өмірден ығыстырылды деген түйін жасады. Бірақ діннің билікті түсіндіруші және жұмсартушы ретіндегі, адамдарда жақындарына және адамзат қоғамының бірлігіне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуші ретіндегі функцияларыда болашақтағы қоғамда-да сөзсіз сақталады. Сондықтан Конт байырғы христиан дінінің орнына жаңа жалпы адамзаттың дінін жасауды ұсынды, онда құдайлардың рөлін Ұлы организм – абстрактілі субьстанция атқаратын болды. Конт оны адамзат өркенетінің көрнекті өкілдерінен алынған ең жақсы сипаттамаларымен жасақтайды. Соның негізінде адамдарда болашақ қоғамның дұрыстығына, біртұтастығына, өнеркәсіптің дамуына және бейбіт өмір сүруіне сенетін болды.
Эмиль Дюркгейм дінді зерттеуге ерекше қызығушылық танытып, бірнеше еңбектер жазды. Сол шығармаларында Э. Дюркгейм ең алдымен австралия аборигендері тайпасының тотемизм және кландар жүйесіндегі қарапайым дін формалары мен әлеуметтік институттарды талдау негізінде діннің жалпы теориясын жасауды өзіне міндет етіп алды. Діннің мәнін Дюргейм көптеген антропологтар мен әлеуметтанушылар айтып жүргендей, трансценденталді құдайға сену деп есептемейді, керісінше діннің мәнін дүниенің қасиетті және бұқаралық феномендерге бөлінуін де деп есептеді. Дін, Дюркгеймнің анықтауы бойынша, сенімдер мен тәжірбиенің ынтымақтастық жүйесі (қасиетті жеке-дара, тиым салынған заттарға қатысты), бір моралдік қауымдастыққа біріктіретін, шіркеу деп аталатын, 1 Ол көптеген діндерде оларды қабылдайтындардың сенімдері мен тәжірибесі.
құдайдың болмайтынын жазды. Сонымен бірге құпия ұғымы мен құдіретті күш туралы ұғымды көптеген қарапайым діндерден де кейін пайда болған деп есептейді. Осыдан келіп діннің мәнін шығарды. Діннің мәні – дүниенің табиғиға және табиғаттан тыс тұрған немесе қасиетті күшке бөлінуінде, ал оның құрылымы қасиетті ұғымдар мен түсініктерден, сенімдер жүйесінен және жоралар жүйесінен тұрады. Дюркгейм өз еңбектерінде «қоғамда дін қайдан және неге пайда болды»-деген әлеуметтанулық сұраққа жауап іздейді. Діни әрекетттерде қарапайым, тотемдік немесе қазіргі монотеистік сенімдерден туындайтын, қасиеттілікпен қатар тұрақты түрде болатын тәуелділік сезімі әрекет етеді. Мұндай сезім қоғамда өмір сүретін кез-келген адаммен әрдайым бірге ере жүреді. Бұл жағдай қоғамның табиғатынан күту сипатын алғандығында және адамның индивидуалдық бітімінен өзгешеленгендігінде.Индивид қоғамда әрқашанда қоғамға тәуелділігін сезінеді, ол индивидті адами инстинктерге қайшы келетін қоғамдық нормалар мен ережелерге бағынуға мәжбүрлейді, ол адамның санасынан қоғамның моральдық беделінің артықшылығын сезіндіреді. Қоғамның индивидке билік етуі оған құдайға сенуді ұялатады. Өйткені қоғам ғана сенім жүйесінің пайда болуына және оған бас июге дайын етуге ықпал етеді. Сөйтіп Дюркгеймнің пікірі бойынша қайсыбір құндылықтар жүйесін көрсете отырып,қоғам дінді жасайды.
Макс Вебер дін жөніндегі зерттеулерін адамның экономикалық мінезқұлқымен, жүріс-тұрысымен байланыстырады. Ол мәселені былайша негіздеді, «әртүрлі діндер адамдардың экономикалық мінез-құлқына қалайша және қай бағытта ықпал етеді? Мінез – құлық үлгілерінің протестанттық жүйесі қалайша капиталистік қатынастарды қалыптастырды және жеделдетті?». Капитализмнің рухын Вебер капитализмге дейінгі дәстүрлі қоғамда қалыптасқан қатынастарды анықтаудан бастайды. Дәстүрлі қоғамда адам «өз еңбегімнің өнімділігін мүмкіндігінше арттырғанда бір күнде қанша ақша таба аламын?» деп қоятын сұрағының орнына капитализмде «менің дәстүрлі қажеттіліктерімді қанағаттандыру...үшін мен қанша жұмыс істеуім керек?»-деген сауалмен алмастыруы тиіс болды1 Христиандықтың бір тармағы – протестантизмнің батыс елдердің экономикасының дамуында адамдарды еңбекке тәрбиелеудің маңызын атап көрсетеді. Жақсы еңбек еткен адам жақсы өмір сүреді, өнімді еңбек қоғамды дамытады. Вебер протестанттықпен қатар иудаизмді, исламды, индуизмді, буддизмді, конфуциандықты салыстырып олардың экономика дамуындағы рөлі туралы қорытындылар жасады. Осы негізде кейбір діни дәстүрлердің
1 Осипова Е.В. Социология Эмилия Дюркгейма.- СПб, 2001. С. 263.
1 Вебер М. Протестанттық этика және «Капитализм рухы» // Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 3-том- Алматы, 2006. 80, 82 б.
Батыс пен Шығыстық даму жолдарының әртүрлілігіне мәнді ықпал жасаған
2
деген тұжырымын қалыптастырып бекітті.
Карл Маркс дін әлеуметтануын қалыптастыруда айтарлықтай еңбек етті. Ол өзінің шығармаларында діннің шығуы себебін айқындап оны адамдардың иығына түскен ауыр әлеуметтік жағдайларынан көреді. К.Маркс одан шығудың жолын адамдардың әлеуметтк жағдайларын жақсартуда деп тұжырымдайды.
Т.Парсонс өзінің шығармасында дінді адамдар өздерінің жүрістұрысының нормасы ретінде діни ұстанымдарды басшылыққа алу тиіс деп санайды. Сонымен қатар ол әлеуметтану ғылымы тұрғысынан дінді арнайы зерттеу әдістерімен қарастыру қажет деп есептейді. Сөйтіп әлеуметтанушы – ғалымдардың, философ – ойшылдардың қажырлы ізденістерінің негізінде дін әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының жеке саласы ретінде пайда болып, қалыптасты, дамыды.