Әлеуметтану


Дін әлеуметтануының құрылымы



бет73/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2), Силлабус 22-23 А1каз 2
2. Дін әлеуметтануының құрылымы.
Дін әлеуметтануы жалпы әлеуметтануда өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасуына байланысты, оның өзгеде ғылымдар іспетті зерттеу пәні, категориялары мен заңдары, қызмет салалары және зерттеу әдістері қалыптасты. Бұлардың дін әлеуметтануының құрылымын белгілеуде және діни сенім, салт-жоралардың элементтерін айқындауға ықпал еткенін айтуымыз қажет. Дін сенім мен салт-жоралардың жүйесі ретінде біршене элементтерден тұрады:

  • дінге сенушілер топтары, бұл топтар католиктер, протестанттар, иудаистер, православия, мұсылмандар, буддистер және т.б. қауымдастықтарынан, сонымен бірге елушілер сектасы сияқты т.б. секталарынан құралады;

  • сенім ғибадаты, яғни наным - сенімдердің жиынтығы, бұлар дүниенің құрылысын, адамзат бітімін; қоршаған табиғатты, жоғары тұрған құдіретті

күштерді түсіндіреді;
-салт-жоралар, яғни қасиетті және жоғарғы күштерге қатысты белгілі
бір әрекеттердің жүріс-тұрыс үлгілерінің жиынтығы;
-дұрыс өмір салты туралы түсінік, яғни адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін мораль қағидаттарының, өмір нормаларының жүйесі. Мысалы христиандықтың он өсиеті, исламдағы шариғат нормалары және т.б. Сонымен қатар ғалымдар дінді әлеуметтік институт ретінде де қарастырып, діннің басты-басты белгілерінде атап көрсеткен. Діннің бірнеше басты белгілері бар, соның алғашқысына міндетті түрде дінді ұстаушы топтардың болуы, екінші белгісіне дінге тән қасиетті заттардың, құбылыстардың болуы жатады. Бұлардың мүмкіншілігі табиғат заңдарымен шектелмеген қайсібір құдыретті күшпен байланысқан. Әрбір дінде өзінің қасиетті заттары бар. Мысалы, Еуропада сиыр күнделікті тіршіліктің

2 Вебер М. Социология религии: Типы религиозны сообществ.// Вебер М. Избранное. Образ общества - М. 1994. С.276-277.
объектісіне жатса, Индияда сиыр Вишну құдайымен байланысқан қасиетті жануар, сондықтан Хари Кришна сектасының мүшелері теріден жасалған аяқ киім кимейді, индус сиыр етін жемейді. Ежелгі Египетте мысықты, Монғолияда жылқыны қасиетті санаған. Діннің үшінші белгісіне, кез келген әлеуметтік институтқа тән сияқты, өзінің ерекше мәдени символдарының болуы жатады. Бұл символдар мейлінше жинақталған формада дін туралы түсінік береді. Мысалы, крестке керу, жарты ай, Давид жұлдызы сондай діндердің белгілі бір символдары. Православия храмы – қасиетті орын, бұл жерде адамды тұтқындауға болмайды деп есептелінеді, өйткені әркім құдайдың қорғауында болады. Осы діндегі ряса яғни дін басшыларының сыртқы киімі және намаз оқу мен икона культтің элементтері болып саналады. Діннің төртінші белгісіне оның белгілі бір институционалдық нормалар жүйесіне, илану жүйесіне арқа сүйеуі жатады. Бұл илану адамның келбетін, қоршаған ортаны, құдыретті күштерді түсіндіреді. Мысалы, праваславия діні көзқарасы бойынша адам о дүниеде құдайдың алдына барады және оның тағдыры шешіледі – өзінің жер бетінде істеген істеріне сәйкес дінді ұстаушы жұмаққа немесе тозаққа барады.
Діннің бесінші белгісіне оның ерекшелікті әрекеттерінің жиынтығы немесе салт жоралары жатады. Салт жоралар – бұл құдыретті күштерге қатысты жүріс-тұрыс үлгілері. Мысалы, храмға кіргенде, православия дінін тұтынушы бас киімін шешеді және шоқынады. Жаңа туған нәрестені шіркеуге апарып шоқындырудан өткізеді, жас жұбайлар шіркеуде некеге отырады, қайтқан адамды соңғы сапарға шіркеуде шығарады; жаңа ғимарат тұрғызылса дін қызметкері оны дәріптейді. Басқаша сөзбен айтқанда дінді ұстаушы адамның бүкіл өмірін туғаннан қайытқанына дейін – шіркеу бағыттайды. Діннің алтыншы белгісіне көптеген діндердің діншілдерге тағатын өсиет-парыздары жүйесі немесе нормалары жатады, бұлар жүрістұрысты реттеп отырады. Бұл нормалар адамның өзін қалай ұстауын айқындайды. Мысалы христиандықта он өсиет –парыз бар, олар кісі өлтіруге, өтірік айтуға және т.б. күнә жасауға тиым салады.
Демек әлеуметтік иниститут ретінде дін құнды-нормативтер құрылымын және жүріс-тұрыс үлгілерінің құрылымын сипаттайды.
Діннің құнды-нормативтік деңгейі–сенімдердің, символдардың, құндылықтардың, моральдық өсиеттердің, күрделі жиынтығы, бұлар қасиетті мәтіндерде сақталған. Осы қасиетті мәтін дінді ұстанушылар үшін дүние туралы, табиғат туралы, ғылым туралы, адам мен қоғам туралы білімнің қайнар көздері болып саналады.
Білім, жер және аспан өмірінің көркем бейнелерімен және фантастика бейнелерімен тығыз қабысқан. Діни идеялар сенушілердің сенімдері мен эмоциясына күшті ықпал жасайды, оларда дүниені ерекше діни тұрғыдан қабылдауды қалыптастырады.
Діни сенімдер мен білімдер ерекше діни сезімге негізделген құндылықтар жүйесі болып табылады. Сонымен қатар адамзат өркениетінің дәстүрлі моральдік құндылықтар мен нормаларды өздеріне қосып алған.
Сондықтан дін, әдетте, қоғамды кіріктендіреді және тұрақтандырады. Діни жүріс-тұрыс адамзат қызметінің басқа салаларындағы жүрістұрысынан өте ерекшеленеді, ең алдымен оны эмоциялық-аффектілі әсерленушіліктен көруге болады. Сондықтан діни әрекеттер аффектілі, ұзаққа созылмайтын, иррационалды әлеуметтік әрекеттер, бұл көп жағдайда адам психикасының санасыз саласымен байланысты. Діни қызметтің ортаңғы қатарында-діни нормалармен және құндылықтармен мазмұны анықталатын культ өз міндеттерін атқарады. Тек культтік әрекеттердің арқасында діни топтар қалыптасады. Культтік әрекеттерге, діни салттар, рәсімдер, уағыздар, дұға оқулар, құдайға құлшылық етулер және т.б. жатады. Культтік әрекеттерді діндарлар құдай күші мен тікелей өзара әрекетке түсу актісі ретінде қарайды.
Культтік әрекеттің екі түрі бар: -сыиқыршылық(магия) әрекет -мейірімдендіру культі
Магиялық әрекеттер алғашқы қауымдағы діндерде үлкен орын алды. Қазіргі әлеуметтік діндерде олар жаңа мазмұнымен толықты және олар мейірімдендіру культіне бағындырылды. Соңғысы діндарлардың бас иіп құлшылық ететін обьектілеріне өтініш-тілектерін білдірумен маңызды.
Дін әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудағы жеке ғылым саласы ретінде дін мен қоғам арасындағы қатынастар мен байланыстардың жалпы заңдылықтарын өзінің зерттеу пәні еткен.
Дін мен ғылым арасында белгілі бір байланыс орнағандықтан олардың арасындағы байланыстар ең алдымен жалпы қоғамның және қоғамдық қатынастардың дінге тигізетін әсерінен тұрады. Сонымен қатар бұған кері қатынаста болады. Бұл жерде әңгіме діннің, діни көзқарастың, діни институттардың және олардың функцияларының социумға тигізетін кері ықпалы туралы болып отыр.
Діни көзқарас бастапқыда ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілді. Кейін қоғамдық өмірдің дамуы мен күрделенуіне байланысты, жазудың шығуына байланысты діни өсиет парыздарды жазбаша түрде бекітудің қажеттігі пайда болды. Діни әдебиеттер шықты, оларда дін оқулары мен мифтер берілді. Осы діни әдебиеттердің кейбіреуі қасиетті кітапқа бағаланып құдайдың өзі жіберген деп есептелді. Әр елде әр кезеңде осылайша Веда, Авеста, Құран, Танах, Інжіл, Тора және т.б. кітаптар пайда болды.
Батыста аса кең тарағаны Інжіл (Библия). Аталмыш кітап б.з.д. XIII ғасыр – б.з. II ғасырында Таяу Шығыста ежелгі идеология, тарих және әдебиет ескерткіштерінен жинақталған. Иудаизм тұрғысынан Інжіл көне еврей ғалымдары мен дінтанушылары комиссиялары қасиетті деп саналған және т.б. әдебиеттерден іріктеп алынған біздің заманымызға дейін жазылған кітаптардың кешені. Мұндай 39 кітап бар. Олар канондық, яғни дұрыс, құдай рухындағы деп жарияланған. Христиандар мен иудеилер оларды міндетті көне өсиет деп есептейді. Сонымен бірге олар 27 жаңа өсиет кітабын мойындайды, бұл кітаптар ежелгі грек тілінде б.з. І-ІІ ғасырларында жазылған. Жаңа өсиетті иудеялар толығымен жоққа шығарады. Інжілкөптеген мифтерден тұратын маңызды тарихи-мәдени құжат. Інжіл өзіне бір қатар ежелгі әдебиет ескерткіштерін сінірген, ал олар көне еврей және басқа да кейбір халықтардың ұлттық құндылықтары, жалпы адамзаттың мәдени мұрасы болып табылады.
Құран мұсылмандардың басты қасиетті кітабы. Ол мұсылмандардың негізгі діни және азаматтық заңнамасы ретінде қызмет етеді. Мұсылман мифтеріне сәйкес құранды Алла тағала пайғамбар Мұхамедке бас періште Жәбірейл арқылы берген. Құран халиф Осман тұсында (644-656жж) көптеген авторлардың қатысуымен жасалған және бекітілген. Аңыз бойынша Мұхамедтің шәкірттері оның уағыздарын, өсиеттерін және нақылдарын пальма жапырақтарына, сүйектерге жазып алған, содан кейін барып жеке кітапқа жазған. Халиф Оспан тұсында құрылған арнайы редакциялық комиссия құранды барлық мұсылмандар үшін міндетті, діни-тыныс тіршілік ерекшеліктерінің жинағы ретінде жасаған. Құран 114 тараудан-сүреден тұрады. Әрбір тарау немесе сүре жалпы өсиеттерді ашуды, оларды жеткізуді өзінің міндеті санаған, өлендерден немесе аяттардан тұрады. «Аят» сөзі нышан, белгі, керемет деген мағынаны білдіреді.
Құранда дінді ұстаушылардың ел билеушісіне, дін басыларына қатысты міндеттері туралы, мұсылмандардың өзге діндермен қарымқатынастарды жөнінде, бәрі құлшылық ететін құдай Алла туралы, соның алдына баратын күн жөнінде, қайта тірілу, о дүние жөнінде айтылған. Құранда сауданы, мүліктік қатынастарды реттеуге нұсқаулар бар, мұсылмандар үшін міндетті түрде орындалуға тиісті моралдық нормалар берілген. Құранда жерді құдай алты күнде жаратқан деп айтылған. Құран сословиялық теңсіздікті заңдастырып бекіткен, жеке меншікті мазмұндайды, әйелдердің теңсіздігін жариялайды. Мұсылмандардың көзқарасы тұрғысынан құранда шын мәніндегі діндарлар үшін құдыретті құндылықтар мен терең ойлар жасырылған.
Иудаизмде басты болып саналатын екі кітап бар, оның біріншісі Інжілдің көне өсиет бөлімі Танах, бұл христиандық шыққанға дейін пайда болған. Ал екіншісі Талмуд. Талмуд еврейлердің б.з.д. ІV ғасырдан б.з. ІV ғасырына дейін қалыптасқан діни әдебиеттерінің көп томдық жиынтығынан тұрады. Егерде Көне өсиетті жазба заң деп атаса, Талмудта культ туралы, мораль мәселесі бойынша, діни ережелер, қылмыстық істер мен азаматтық істерді қарайтын заңдар, медицина, математика және география жөнінде қарапайым көптеген мақал-мәтелдер ертегілер, аңыздар, мифтер, мысалдар берілген.
Будданың діни әдебиетін, мыңдап саналатын, шартты түрде екі үлкен категорияға бөлуге болады: 1. Будданың өзі ашқан канондық әдебиеттер. Бұған ежелгі авторлар жасаған буддизмнің догматоры, дәстүрлері және моральдік талаптары жатады. Канондық әдебиеттер Индия мен Цейлонда б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда жасалды: 2. Буддизмнің идеяларын дамытқан және түсініктеме бергеннен кейіннен шыққан әдебиеттер. Канондық емес шығармалар шамамен екі мың жылдай кезеңде Азияның әр түрлі елдерінде ондаған тілде жазылған туындылар.
Канонды әдебиеттер Типитака деген атаумен белгілі. Аңыз бойынша Будда қайтыс болғаннан кейін монахтар оның ілімдерінің негізгі қағидалары жөнінде Будданың ең жақын шәкірттерінің хабарламаларын тыңдаған. Осы аңыз Цейлонда б.з.д. 1 ғасырда қағазға түсірілген. Содан кейін 1871 жылы Бирмада арнайы буддалық собор шақырылып, онда 2400 монах Типитаканың ортақ мәтінін жасап шықты. Бұл мәтінді 729 мәрмәр тақтаға ойып жазды, олардың әр қайсысы жеке храмдарға қойылды. Осылайша өзіндік бір қалакітапхана, канонды сақтайтын кутодо жасалды. Бұл орынды әлемнің барлық буддистері қадыр тұтады.
Ведалар - бұлар Индияның ежелгі әдеби ескерткіштері. Индуизмді ұстаушылар оларға қасиетті кітаптар ретінде қарайды. Бұл кітапта Еуропаға Х ғасырдың бірінші жартысы – ХІ ғасырда белгілі болғанымен кітаптардың қалыптаса бастауы б.з.д. 2 мыңжылдықтың орта тұсына жатады. Содан кейін ондаған ғасырлар бойы кітаптар толықтырылды және өңделді. Ведалар Ганг өзенінің аңғарында тұратын халықтың ежелгі діни сенімдерін көрсететін мәтіндер жиынтығынан тұрады. Кейбір ежелгі мифтер одан әрі Индияның батырлық эпостарында, атап айтқанда, атақты Махабхарата және Рамаяна жиынтықтарында дамытылды.
Авеста - бұл ежелгі Иран діні пайдаланған қасиетті кітаптардың жиынтығы. Ол Таяу және Орта Шығыста арабтар жаулап алғанға дейін үстемдік еткен. Авестаның негізгі мазмұны – қайырымды құдай, жарқын бастау, жақсылық пен рахымсыз құдай, қараңғы бастау, жамандық арасындағы бітіспес күресі туралы ілім. Авестада екі ұлы құдайлар әлемді жаратуда тең қатысушылар ретінде берілген. Оның біріншісі барлық жақсыны пайдаланып, ақыл парасатты жасаса, екіншісі- бүкіл жаманды және зияндыны дүниеге әкелген. Осы екі жақтың арасында мәңгі күрес жүріп келеді, оған адамдарда қатысады. Өмір мен өлім, аспан мен тозақ адамдар үшін осы күрестің маңызды элементтері болып табылады. Авеста іліміндегі ең басты нәрсе – құдайдың әлемдегі жамандық атаулының біріне жауап бере алмау ережесі, өйткені ол қайырымды құдайдан тәуелсіз басқа күштің жасаған нәрсесі. Жамандықты, жауыздықты және қайғы-қасірет көруді қазіргі кезде жою мүмкін емес. Оларды құрту тек болашақта болуы мүмкін.
Әр түрлі діндердің аса маңызды, өте белгілі қасиетті кітаптары осылар. Оларды белгілі және белгісіз авторлар көптеген ғасырлар бойы әр түрлі уақытта әр түрлі елдерде, алуан түрлі тарихи жағдайларда жасады. Діни ережелермен қатар оларда халықтардың өмірі мен тұрмысы туралы, мәдениеті жөнінде, дүние туралы, білімдері жөнінде материалдар берілді. Қасиетті кітаптардағы кейбір ережелердің дәл келуі ежелгі дүниедегі әр түрлі елдер халықтарының мүмкін байланыстарын куәләндірумен қатар бұл халықтардың сол кездегі өмір жағдайларының ұқсас болғандығын көрсетеді. Бұл кітаптар өзінің мәнісі жағынан әлеуметтанулық маңызды дерек көзі болып саналады яғни ғылыми талдауға түсетін құжат болып табылады.
Қазіргі кезде діндерді классификациялаудың көптеген жүйелері қалыптасқан. Неміс философы Георг Гегель барлық наным - сенімдерді табиғат дініне (Қытай, Үнді), еркіндік дініне (парсы, сирия, египет), рухани индивидуалдық дініне (иудей, грек, рим) және абсолюттік дінге (христиандық) бөледі. Америка әлеуметтанушысы Нейл Смелзердің пікірінше діндерді классификациялауды олардың атаулары бойынша және оларды тұтынушылардың мәліметтері бойынша: протестанттық, католиктік, мұсылмандық және т.б. деп топтастыру орынды.
Діндердегі құдайлардың саны бойынша монотеисттік (әлемнің барлық құбылыстарын анықтайтын, соның ішінде адамдардың әлеуметтік жүрістұрыстарын айқындайтын бір құдайға сенуге негізделген) және политеисттік (пұт) болып ажыратылады. Политеисттік пайымдау бойынша табиғат пен ғарыштың белгілі бір құбылыстарына әрбір құдай «жауапты болады» және олар өздерінің «жауапкершілік шеңберінде» адамға көмек береді немесе жәрдем беруден бас тарта алады.
Әлемге таралу деңгейі бойынша да діндер топтастырылған. Осыған орайда олар: бүкіл дүние жүзілік (әлемдік), аймақтық және ұлттық діндер болып бөлініп кетеді. Қазіргі кезде планетада үш әлемдік діндер бар: 1. Христиан. Бұл дін өзінің құрамында үш негізгі: католиктік православиялық, протестанттық тармақтарға бөлінген. 2. Ислам. Бұл дін сунит және шейт сынды екі ағымға жіктелген. 3. Буддизм. Ол бірнеше ағымдарға бөлінген (тантризм (үнді буддизмі), ламаизм (тибет буддизмі), чань-буддизм (қытай буддизмі), дзен-буддизмі (жапон нұсқасы)).
Аймақтық діндерге бірнеше діндер, әдетте, көрші елдерге тараған діндер жатады. Мысалы, индуизм. Бұл Индия мен Неаполға, конфуцияндық – Қытайға, Кореяға, Жапонияға, даосизм Қытай мен Жапонияға тарап отырған діндер. Ғылымда диаспоралық діндер деп бөлуде орын алған. Бұған әлемге шашыраған этносқа, өзінің ұқсастығын және тарихи жадысын жоғалтпаған диаспораға тән наным - сенімдер жүйесін түсіну жатады.
Диаспора діндеріне, мысалы, иудей, христиан, григориан (армиян шіркеуі) және сол сияқты кейбір діндерді жатқызуға болады. Ұлттық діндер деп аталатындар бір ұлтқа тиесілі, әдетте ұлттық шекарадан шықпайтын діндерді қамтиды.
Географиялық белгісіне қарап Батыс діндерін бөліп көрсету қалыптасқан, өйткені мұнда Ежелгі Египет, Қосөзен, Грекия, Рим, славян қоғамдарының барлық діндері, сонымен қатар иудаизм, христиан және ислам діндері орныққан. Шығыс діндеріне Иран, Индия, Қытай, (қиыр шығыс) наным сенімдері жатады. Шеткі аймақтық діндер ретінде Африка, Сібір, Үнді
(америка үнділері) және Тынық мұхит тайпаларының діндері қарастырылған.
Қазіргі кездегі көптеген әлеуметтанушылардың пікірі бойынша, діни ұйымдардың төрт негізгі типтер қалыптасқан. Олар мүшелікке және шіркеу қауымына тарту көздері бойынша, мемлекетпен орнатқан қарым-қатынасы бойынша, ұйымдағы басшылық етуі және діни сенімдер бойынша бөлінеді. Осындай бөліске түскеннің бірі-шіркеу. Шіркеу деп әртүрлі әлеуметтік жіктерден шыққан көптеген мүшесі бар немесе қоғамдағы халықтың басым бөлігін қамтыған, сонымен қатар қоғаммен ұзақ және тармақталған байланысы бар діни ұйым түсіндіріледі.
Секталарды–шіркеудің дәстүрлі наным-сенімдеріне қанағаттанбаған және жаңа дінді жасаушы шіркеу өкілдерінің шағын топтары қалыптастырады. Эрнст Трельчтің пікірі бойынша секта деп қоғамның өзге құндылықтарын жоққа шығаратын және өзінің діни сеніміне өтуді талап ететін және соған сәйкес салт-жораларды атқаратын ұйымды айтады.44
Секталық ұйымдар әлемдік діндердің әр қайсысында да көптеп кездеседі. Секта өзін қоғамға қарсы қояды, қоғамда үстем етуші құндылықтарды жоққа шығарады. Секта мүшелері көбінесе қоғамдық өмірге араласпайды. Деноминация - бұл шіркеу мен секта арасығындағы қайсыбір буын болып табылатын діни ұйымдардың формасы. Ол қоғаммен дұрыс қарым-қатынас орнатады. Мысалы протестанттық деноминацияға баптестер, пресвитериандар, еписков шіркеуінің мүшелері, методистер, конгрегационалистер және т.б. жатады. Культ сектаның шектен асқан формасы. Әдетте ол үстем етуші шіркеуден ерекшелікті діни наным – сенімдер жөнінде келіспеушіліктің нәтижесінде бөлінді, бірақ культтер шектен шыққан көзқарасты ұстанады және тұлға мен қоғамды түбегейлі өзгертуге шақырады. Ертеде шыққан секталардың бірі «суфизм» ислам дінінде қалыптасқан. «Суфи» сөзі араб тілінде «ақ жүннен шекпен кигендер» мағынасында айтылған. Суфистердің пікірі бойынша бұл дүние жалған, өйткені ол өзгермелілігі және тұрақсыз, осыған байланысты ол шын дүние емес, нағыз дүниенің елесі ғана. Олар шын дүниені құдаймен байланыстырады, себебі құдай ғана тұрақты және мәңгілік. Осыған орай, олар адамдар шын дүниенің өзі болмағандықтан бұл дүниеден кетуге, шын дүние саналатын құдайға жетуге тырысуы қажет деп есептейді. Құдайға құлшылық етуі кез-келген адамның тіршілігінің мәні, мазмұны және мақсаты болуы керек, соның негізінде адам құдаймен сіңісіп, о дүниеге аттануы қажет деп түйеді.45
Адамдар дінге және шіркеуге, мешітке әртүрлі қарайды. Олардың біреулері кәдімгідей барлық салт-жораларды орындайды, үнемі храмға, мешітке барады, барлық оразаны ұстайды. Келесі біреулердің түсінігін гөрі де құдай адамның ішінде болуы тиіс, елге көрсетіп тәнім етуден гөрі Иланған сенім әлде қайда маңызды. Әлеуметтанушылар, дінді ұстанушылар мен діни ұйымдардың өзара қатынас проблемаларын зерттейтін, дінге сенуші адамдарды типтерге бөледі. Әдетте олар діндарлардың келесі типтерін бөліп көрсетіп жүр:

  • теологиялық, діндардың кәміл сенімдегі типі. Осы типтегі дінді ұстанушы діни білімді меңгерумен, өзінің діни қағидаттарын дәлелдей және қорғай алуымен ерекшеленеді;

  • діндардың эмоционалдық типі. Бұл дінді ұтымды түсіндіруден гөрі өзінің діни сезімін көбірек көрсететін дін ұстанушысы;

  • діндардың ырым жоралғы типі. Мұнда дінді ұстанушы діни ырым жораларды орындауға бейім келеді, бірақ ол шын мәніндегі діни сезімді басынан кешірмейді;

  • жалған діндар типі. Әдетте ол өзінде жоқ діни сенімге өзін қоршаған адамдардың көзін жеткізуге тырысады;

  • жалған атейст типі. Ол ырым жораларға қатыспайды, бірақ жүрегінің түбінде құдіретті күшке, ғажайыпқа және т.с.с. сенуді сақтайды.

Макс Вебер діни әрекеттің екі типін бөліп көрсеткен, олардың біріншісіне мистиканы жатқызған. Мұнда адам дүниеден бастартып безеді. Адам табиғаттағыдан бөлек, құпия бір нарсеге, дінге, діннің басқа дүниемен тікелей байланыс жасайды дегеніне сенеді. Адамның мұндай жүріс тұрысы шығыс діндеріне, атап айтқанда буддизмге, индуизмге, сондай-ақ ислам мен иудаизмге тән. Діни әрекеттің екінші типіне М.Вебер аскезаны жатқызған. Аскеза - бұл белсенді қызмет түрі. Ол адамды құтқаруды өзіне кәсіби міндетін адал ниетпен орындау арқылы түсіндіреді. Жүріс тұрыстың мұндай типі, жоғарыда айтылғандай протестанттық этикаға тән болады.
Дін қоғам өмірімен тығыз байланысып жатқан маңызды құбылыс болғандықтан оны қоғамнан бөліп, жеке қарастыруға болмайды. Діннің қоғаммен тығыз байланысын оның сол қоғамда атқарып отырған функцияларында айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет