Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 050501 «Әлеуметтану»


Апта 7. 1 кредит сағат



бет39/76
Дата04.10.2020
өлшемі0,56 Mb.
#63888
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Апта 7.

1 кредит сағат

7 дәріс



Тақырыбы: Басқару процесіндегі стратегиялық басқару мен стратегиялық жоспарлау.

Дәріс мазмұны: 1.Жоспарлау ұғымы. Стратегиялық басқару.

2.«Стратегиялық жоспарлауды» анықтау.

3.Стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру: тактикасы, саясаты, процедурасы мен ережелері

Жобалау біріншіден, ойлаған немесе бар обьектінің прототипін құру, екіншіден, спецификалық қызмет түрі.

Әлеуметтік жобалау – бұл әлеуметтік обьектілерді, әлеуметтік сапаны, әлеуметтік процестер мен қарым – қатынасты жобалау, басқару формасының бір түрі.

Әлеуметтік жобалау әрқашанда болашаққа көзқарас емес. Адам өткенін де жобалайды.

Әлеуметтік жобалаудың негізгі мақсаты спецификалық басқару қызметі сияқты - әлеуметтік жобалардың құрылуы. Әлеуметтік жоба негізінен әлеуметтік қатынастарды реттеу жобасы болады, өйткені әлеуметтік әсер нәтижесінде адамдардың әлеуметтік нәрсеге деген қызығушылығы пайда болады.Әлеуметтік жобалаудың жүру барысында мынадай әдістер қолданылады:


    • ой матрицасы әдісі. Мұнда бірнеше тәуелсіз өзгерткіш негізінде бірнеше оны шешу варианты болады; осы нұсқалар арқылы берілген жағдайда жобаны жүзеге асырудың тиімді жолы анықталады;

    • рөлге кірігу әдісі. Бұл жобалау процесінде қандай әрекет жасау керектігін анықтап көрсететін әдіс;

    • аналогия әдісі - әлеуметтік даму сферасында қол жеткізген жетістіке сүйене отырып, әлеуметтік тапсырма мен мақсатқа жетуде ең жақсылары таңдалынып аналогия бойынша әлеуметтік жобаны құрады;

    • ассоциация әдісі қоғамның басқа сферасындағы әлеуметтік мәселені шешу арқылы мақсатқа жету;

- ойлы штурм әдісі – интеллектуалдық потенциалдың мобилизациясы. Жоспарлау ұғымы. Стратегиялық басқару. «Стратегиялық жоспарлауды» анықтау. Стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру: тактикасы, саясаты, процедурасы мен ережелері. Стратегиялық жоспарлау процесі. Стратегиялық басқару процесі. Басқару процесіндегі болжаудың орны. Болжау ұғымы. Болжаудың ғылымға дейінгі жәнеғылыми формалары. Әлеуметтік болжам және оның ерекшеліктері мен басты бағыттары.

Жобалау ұғымы және әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жобалаудың мақсаты мен міндеті. Әлеуметтік жобалаудың әдістері мен кезеңдері.

Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері әртүрлі мәселені құру мен жүйе жобасын құруға дейін жүреді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Жобалау дегеніміз не?

  2. Әлеуметтік жобалау дегеніміз не?

  3. Әлеуметтік жобалаудың мақсаты қандай?

  4. Әлеуметтік жобалаудың міндеті не?

  5. Әлеуметтік жобалаудың қандай әдістері бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет