Мемлекеттік жәрдемақы түрлері: арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№ 1 және № 2 Тізім); бала тууында және бала күтіміне байланысты жәрдемақы; 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы; жерлеуге берілетін жәрдемақы. АӘЖ рәсімдеу үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барады.
Әлеуметтік еңбектік көмек
Әлеуметтік мәдени көмек
Әлеуметтік көмектің қызметінде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет те негізгі орын алады.
Әлеуметттік қызметкер халықтың әртүрлі категориясына (әсіресе, мүгедектерге, ұлғайған жастағы адамдарға, жас отбасына, жас нәрестелі болған отбасына және т.б.) олардың үй – жайы жағдайларын жақсартуда, дұрыс тұрмысын ұйымдастыруда, баласын оқытуға, оны күтуге көмек көрсетудежәне т.б. қажетті көмек көрсетуге және оларды қолдауда себепші болуға міндетті.
Әлеуметтік – тұрмыстық көмек
Әлеуметтік қорғау - бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының жобасын жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 481
Әлеуметтік - құқықтық көмек
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: - тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; - негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру; - халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері; - азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланысты болады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
- мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |