Жанұялық әлеуметтендірілмеу – жанұяның әлеуметтендіру қызметін орындамауы, яғни оның мүшелері қоғам өмірінің жағдайларына, әлеуметтік ережелерді орындауға қоғамдық жүйеде нақты орынға иеленуге бейімделуі.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы – бұл процесс нәтиже ретінде қаралады. Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы – оның жеке тұлға ретінде әлеуметтік кемелденуін анықтайтын адамның әлеуметтік даму динамикасы. Тәлім-тәрбие беру, білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде айқындалады. Жеке тұлғаны әлеуметтік қалыптасуында нәтиже ретінде оның әлеуметтік кемелденуін, қоғамда өзін жеке тұлға ретінде қабылдауын, еркін түрде өз алдына мақсат қойып, оған жетуге, жеке абыройының саналы түрде дамуына, қоғамдағы өз орнына сенімділігі ,адамның әлеуметтік даму деңгейі.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі – оның білімі, машықтарымен әдеті деңгейінде белгіленген өмірді түсіну және оған әртүрлі қарым-қатынас орнатқан жеке аралық және әртүрлі саладағы тәжірибесі.
Әлеуметтік күйзеліс – қоғамдық мәселелерді, рухани және материалдың өмір қайшылықтарын, әлеуметтік өмірдің оңтаңлы және жағымсыз ірі оқиғаларын ойластырудан пайда болған шиеленіс кезіндегі қоғамда өмір иесі адамның әлеуметтік-психологиялық жай күйі.
Әлеуметтік - педагогикалық қабілеттер - құрылымы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің бейнесі болатын қабілеттер. Әлеуметтік – педагогикалық қабілеттерге педагогикалық қабілеттермен қатар нысананы тануды қамтамасыз ететін және ерекше қабілеттерді қамтитын арнайы психологиялық қабілеттер енді.
Қосымша білім берудің әлеуметтік педагогы – қызметтік міндеттеріне, баланы дамыту, тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу бағытындағы осы мекемелердің мүмкіндіктерін пайдалану жататын қосымша білім беру мекемесінің маманы.
Түзету мекемесіндегі әлеуметтік педагог – түзету мекемелерінің тәрбиеленушілерімен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы маман. Оның әрекеті тәрбиеленушілерді қайта тәрбиелеудің (түзетудің) тиімділігін қамтамасыз ететін тәрбие әрекеті жүйесінің қалыптасуына, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және мекеме қызметкерлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін үйлестіруге, мекемеден шыққан кейінгі уақытта тәрбиеленушілердің өзін өзі анықтау ісіне даярлауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |