13. Әлем халықтарының құрылымы
Нәсілдік, діни, тілдік ерекшеліктеріне қарап топтастыра білуі
Халықтардың ұдайы өсуіне (динамикалық) әсер етуші факторларды анықтау
Әлем халықтарының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әркелкі, мәдениеті де ұқсамас ерекшеліктер құрайды. Этнография ғылымы – халықтардың қоғамдық құрылысын, өзара қарым – қатынастарын зерттейді. Тұрмыс дегеніміз әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған сан салалы тіршілігі, салт - санасы, әдет - ғұрпы, күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі. Дүниені мекендеген саны жағынан үлкенді – кішілі халықтардың әрқайсысының ғасырлар бойы қалыптасқан тек өзіне лайықты тұрмыс ерекшелігі бар.
Этнографияны зерттейтін проблемалардың біреуі мәдениетке деген түсінік бар. Мәдениеттің өзін екіге бөлінеді: 1. Заттай. 2. Рухани. Адамның физикалық еңбегінің нәтижесінде заттай мәдениет түзіледі. Ал ақыл, ой жемісі рухани мәдениетті түзеді. Әр халықтың тұрмысының, мәдениетінің өэгешеліктері, ерекшелігі сол ұлттың ерекшелігі Этнография: археология, тіл, әдебиет, музыка, сурет, архитектура, антропология, география және т.б. саладағы пәндермен тығыз байланысты. Этнография алғашында XVIIIғ. аяғы XIXғ. басында Батыс Еуропа елдерінде ерекше мән беріліп Англия мен Америкада «Антропология» деп атаған. Бұл елдерде «Антропологиялық қоғам» құрылып кейінгі жылдарда «Әлеуметтік антропология», «Мәдени антропология» деп атаған.
Әлеуметтік антропологияның ірі өкілдерінің бірі Д. Фрезер отарланған Африка, Азия және басқа құрлықтағы елдерді жақын зерттеуге тырысқан. Реакцияшыл этнографтардың пікірі бойынша дүние жүзінің барлық халықтары тең емес деген ойға саяды. XIXғ. орта кезеңінде бұл нәсілшілдік теорияның бірі францияның жазушысы, антрополог Гобино болатын. Өз еңбегінде Азия, Африка елдеріндегі отарланған халықтарын нәсілі жағынан жетілмеген, кемтар халықтар деп атады. Жер шарының бөліктеріне таралып мекендеушілерді Ойкумендер (гр. Ойкео – мекендеуші, тұрушы) деп атайды.
Дүние жүзінің саяси картасы әлемнің барлық елдері төмендегі белгілері бойынша ажыратылады
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Географиялық орны
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
• Теңіз жағалауындағы (негізгі елдер тобы)
•Аралдық: Индонезия, Куба,Жапония
• Материктік: Аустралия
• Түбектердегі:Испания
• Теңізге шыға алатын:Норвегия, Венесуэла және т.б.
• Теңізге шыға алмайтын: Қазақстан, Моңғолия, Чад(шамамен 40-қа таяу)
• Архипелагтағы:Индонезия
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Аумақтық көлемі
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
• Алып аумақты (3 млн км2 асатын):Ресей, Канада, Қытай
• Ірі территориялы (1-3 млн км2): Қазақстан, Аргентина
• Орташа (100 мың - 1 млн км2): Польша, Франция, Испания
• Кіші (100 мың км2-қа дейін): Венгрия, Испания, Латвия, Литва
•Микромемлекеттер: Ватикан, Андорра, Монако,Сан-Марино, Люксембург, Лихтенштейн, Бруней
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Халық саны мен ұлттық құрамы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
• Ең ірі мемлекеттер (100 млн адамнан астам)
• Ірі мемлекеттер (50-100 млн адам)
• Орта мемлекеттер (1-50 млн адам)
• Кіші мемлекеттер (1 млн-ға дейін )
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Басқару түрі
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
— Монархиялы:
• Конституциялық —Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, Швеция
• Абсолютті монархия — Сауд Арабиясы
• Теократиялық монархия[ —Ватикан (Римде) Дінбасы баскарады
— Республикалы — Президенттік -Мысыр, Түркия, Франция
— Парламенттік — Батыс Еуропаның көптеген елдері
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мемлекеттік құрлысы
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
•Федерациялық- АҚШ, Бразилия, Үндістан
• Унитарлы—Қазақстан, Франция, Венгрия
• Конфедерациялық— Швейцария
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
---------------------------------------------------------------------------------------------------
• экономикасы дамыған елдер —Жапония, Германия, АҚШ, Франция, Батыс Еуропа
• дамушы елдер—Үндістан, Мексика, Шығыс Еуропа
• өтпелі экономикалық елдер — ТМД елдері, Орталық Шығыс Еуропа елері, Куба
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дүние жүзінің саяси қалыптасу кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: |