«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік үрдістер» пәні дәрістері Тақырып Әлеуметтік құрылым



бет16/17
Дата21.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#144423
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция әлеумет құрылым

14. Қоғамды аумақтық ұйымдастыру
Аумақтық ұйымдастыру география ғылымы жүйесінде басты түсініктердің бірі болып есептеледі. Аумақтық ұйымдастыру дегеніміз жер бетіндегі материяның кеңістіктегі көрінісі, таралуы. Оны төрт бағытта:құрылым, функция, даму және басқару ретінде көруге болады.
Елдер және елтану
Елдің пайда болуы – белгілі бір табиғи жағдайдың негізінде, халық және шаруашылықпен бірте-бірте толықтырылу арқылы көршілес елдерден табиғаттық, экономикалық, әлеуметтік ерекшілігімен сипатталатын, біркелкі кешенді вертикалдық және горизонталдық кеңістік құрылымының құрылуын айтамыз.
Мұның арқасында, кеңістіктік және уақытша шегарасы бар мемлекет қалыптасады. Қорыта келгенде, ел – белгілі бір табиғат кешені негізінде құрылған субконтиненталдық деңгейдегі әлеуметтік- шаруашылық кешенді айтамыз. Ол кеңістікте уақытша, ішкі және сыртқы байланыста мемлекет ретінде белгіленеді. Яғни, ел – мемлекеттің кеңістік формадағы өмір сүруі (тіршілік), ал мемлекет елдің құқықтық формадағы өмір сүруі.
Елтану деп -кеңістікте, уқытта, ішкі және сыртқы байланыста мемлекеттік формасы арқылы белгілі елдерді: субконтинендалдық деңгейде табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттейтін пәнді айтамыз
Елдерді топтау және жүйелеу.
Елдерді топтарға және класстарға:
1.аумақтың көлемі және халықтың саны бойынша топтауға болады (үлкен, орта, кіші)
2.әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ( жоғары деңгейде дамыған және дамып келе жатқан)
3.саяси құрылымы бойынша.
4.демографиялық үрдісі бойынша.
5.жан басына шаққандағы экономикалық пайда және т.б.
Елдерді топтаудың басты экономикалық-географиялық негізі – елдерді табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттеу арқылы, барынша әртүрлі көрсеткіштерді қамтуды көздейді.
Әлемдегі кәзіргі елдерді топтау.
Дүние жүзі саяси картасында 230 мемлекет бар деп есептеледі. Кәзіргі елдерді топтау әртүрлі көзқараспен: аумақтың көлемі, халықтың саны, географиялық орынының ерекшілігі, қоғамдық құрылысының ерекшілігі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі, тарихи – географиялық сипаты, физико-географиялық ұқсастығы және т.б. жүргізіледі.
Аумағының көлемі және халқының саны бойынша гигант – елдер: Қытай, Индия, АҚШ, Канада, Бразилия, Ресей. Бұл бағытта Қала-мемлекет ретінде: Андорра, Ватикан, Монако, Сингапур бөлуге болады. Бұл көрсеткіш бойынша көп мемлекеттер ортада тұр, мысалы, Ұлыбритания, Вьетнам, Италия, Франция, Жапония
Елдердің географиялық орны, оның сыртқы географиялық нысаналармен қатынасы және өзара қарым-қатынасы арқылы анықталады. Географиялық орны микро- мезо- макро орын болып бөлінеді.
Елдің микроорны – оны қоршаған локалдық төменгі рангтағы географиялық нысаналармен: таулар, өзендер, теңіздер анықталады. Мысалы: «анд» елдері, «нил бассейіні елдері».
Елдің мезо орны – оны қоршаған екінші рангтағы географиялық нысаналармен анықталады. Мысалы, құрлықтық, немесе теңіздік шегаралар. Мысалы: «жер орта теңіз» елдері, «Бенилюкс»
Елдердің макроорыны жоғарғы рангтағы географиялық нысаналармен, яғни, жердің ірі аймақтарына қатынасты орыны бойынша анықталады. Мысалы, материктер мен мухиттарға байланысты орны: Азия елдері, Африка елдері.
Елдердің тарихи-географиялық обылыстарға қатынасы бойынша «араб елдері», «Арабтық Шығыс» (Машрик) деп топтайды.
Физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты топтау жүргізіледі: мысалы, Оңтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Африка.
Елтану- елдерді топтау арқылы зерттеу мен оқып білуге ыңғайлы болады. Ол үшін, мына қағидаларды ескеру керек:
1.елдің географиялық орнының ерекшілігі
2.халықтың тарихи дамуы және мәдениеті
3.мемлекеттің табиғат жағдайларының аса ерекшілігі;
4.халықтың саны және аумақ көлемі;
5.экономикалық даму деңгейі;
6.тарихи-мәдениет ерекшілігі.
Дүние жүзі елдерінің географиясы пәнінде мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне көп назар аударылады.
Әлемдегі кәзіргі елдердің типтері.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі мемлекеттері 2 топқа бөлінеді:
Экономикалық дамыған елдер.
Экономикалық дамып келе жатқан елдер.
Бұл елдерді әрі қарай топшаларға бөлуге болады:
Экономикасы дамыған елдерге 60 тан астам мемлекетті атайды. Оның ең басты экономикалық көрсеткіші – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ).
ІЖӨ - дегеніміз әр елдің халқының бір жылдағы өндірген тауарлары мен жасаған қызметінің (услуги) біртұтас бағасы (доллармен есептегенде)
Экономикалық дамыған І топқа 7 ел («ұлкен жетілік»): АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада кіреді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 20 дан 40 мың долларға жетеді. Бұлардың ішінде бірінші орынды АҚШ және Жапония алады. Бұл екеуінің үлесіне 20% өнеркәсіп өнімі тиеді. Егер АҚШ табиғи – ресурстық потенциалға бай болса, Жапония ғылым, техника мен технология потенциалына бай болып келеді.
Әр ел өзіне тән географиялық ерекшілігімен көрінеді. Біздің мақсатымыз – картографиялық, статистикалық, геоақпараттық және т.б. мәліметтерді жинау, сараптау, талдау, тұжырымдау арқылы дүние жүзінің жекелеген аймақтарына, елдеріне кешенді географиялық сипаттама беру.
Кешенді географиялық сипаттама - әдеби шығарма.
Халық географиясы.
Халықтың саны, жыныстық, жастық , этникалық және әлеуметтік құрылымы- халықтың көш-қоны және өмір сүру сапасы, халықтың кеңістік құрылымы(орналасуы мен қоныстануы) – урбанизация, субурбанизация, рурализация. Халықтың саны, жыныстық, жастық, этникалық және әлеуметтік құрылымы.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси география үшін халықты зерттеудегі басты мақсат: халықтың орналасуы мен қоныстануы, көші-қоны заңдылықтары мен ерекшіліктері, яғни сыртқы қоршаған ортаның әсерінен туындалатын халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтайды, сараптайды,талдайды, тұжырымдайды, ғылыми шешімдер қабылдайды.Жоғарыда айтылған сұрақтарды шешу үшін халықты әр қашанда өзгеріп отыратын жүйе ретінде қарап, оның әртүрлі салаларын, құрылымнан, жүйелерден тұратынын, сыртқы ортаның әсеріне тәуелді және керісінше сыртқы ортаға әсер ететінін ескеруіміз керек. Сондықтан, бұл мәселелерді шешу үшін, халықтың биологиялық, этникалық және әлеуметтік құрылымына сипаттама беру керек.
Биологиялық құрылымын «демографиялық пирамида» түрінде қарастыруға болады.
Демографиялық пирамида – белгілі бір елдің халқының санын, оның аумақ бойынша таралуын (халық санағы, басқада статистикалық есептеулер арқылы), жыныстық, жастық , құрылымын анықтауды көздейді.
Этникалық құрылымға анықтау және баға беру үшін екі бағыт қарастырылады. Бірінші – этникалық біркелкілік экономиканың дамуына тиімді әсер етеді, себебі, қоғамдық келісім, мақсатқа жету әдістерін таңдау, ұжымдық келісімдер мен шешімдерді, әдістерді қабылдау жылдам қарқынмен жүргізіледі.
Әлеуметтік құрылым халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызы зор, яғни, жанұя, өндірістік ұжым, әртүрлі әлеуметтік топтар, халықтың ұдайы өсіп-өнүіне, өмір сүруге қажетті материалдық база жасауға, тұрмыстық қажетті мәселелерді шешу мен қорғауға күш салуға және қоғамдық құрылымның функциялық қызметін атқаруға әсер етеді.Геодемографиялық үрдістерді кешенді зерттеу арқылы ЭӘжСГ халықтың кеңістегі қозғалысын, оның себептерін және болашағын болжау арқылы, қоғамда болып жатқан проблемаларды шешуге ат салысады. Мысалы: көші-қонға кешенді баға бергенде, оның басты себебі - өмір сүру сапасы екенін анықтауға болады.
Өмір сүру сапасы және көші қон.
Өмір сүру сапасы деп – халықтың тіршілігіне, сыртқы ортаға әсер ететін кешенді баға бере отырып, халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтауды айтамыз. Мысалы, халықтың көші-қон үрдісіндегі шешім қабылдау себептері.
Әр адамның бір жерден екінші жерге қоныс аударуын өмір сүру сапасымен түсіндіре отырып, оның алты параметірін атауға болады. Олар: халықтың әл-ауқаты, қауыпсіздік, еркіндік , өзінің мүмкіндігін (талабын) қолдану, денсаулық және өмір сүру ұзақтығы.
Халықтың кеңістік құрылымы (орналасу мен қоныстану)
Орналасу деп – белгілі бір аумақтағы елді мекендердің өзара қарым-қатынасы мен байланысы, тығыздығы.
Халықтың орналасу формалары аумақтың табиғат ерекшеліктеріне, шаруашылықтың даму деңгейіне және елді-мекендердің түрлеріне байланысты. Олар:
-ауылдық елді мекендер – қоғамның аграрлық даму деңгейіне байланысты
-қала мен қалалық кенттер – қоғамның индустриалдық даму деңгейіне байланысты
-қала маңайы және урбандалдған кеңістік – қоғамның постиндустриалдық даму деңгейіне (офис және ақпарат) байланысты.
А.Ю Скопинаның кітабындағы 51 суретті қарасаңыз елді мекендер формасының әр түрін:дисперсиялық ареалдық ,дәліздік, ошақтық , топтық , желілік, шоғырлық, жоғары шоғырлық
Урбанизация, субурбанизация, рурализация
Қалада өмір сүру (урбанизация) қала маңайында өмір сүру (субурбанизация), ауылдық елді-мекендерде өмір сүру (рурализация). Қала салудың теоретигі Э. Ховардың «Три магнита» деген кітабында әр елді – мекен түрлерінің өмір сүруге тиімді және тиімсіз жақтарын білуге болады (Скопин А.Ю кітабін қараңыз).Экономикалы, әлеуметтік және саяси географиясы қаланы өмір сүруді максималдық тұрғыда қаматамасыз ететін халықтың жоғарғы деңгейде шоғырланған, тығыздалған елді-мекен деп қарастырады (Ю.Г Скопин кітабын қараңыз) яғни, қаланың қалыптасуы мен дамуы деп -біріне –бірі қарсы екі мақсатты шешуге – тұрғындардың өмір сүруге қажетті жағдайын жоғарғы деңгейін шешу арқылы шектелген аумақта халықтың шоғырлануын айтамыз.
Қаланың орналасуын кеңістікте ұйымдастыруы мен бірге оның ішкі функционалдық құрылымы дамиды, яғни, маманданған ішкі қалалық аудандар мен зоналар құрылады.
Қаланың функционалдық құрылымы
Әрбір қаланың басқару және ақпараттық, саудалық, өнеркәсіптік, көліктік, тұрғын үй,(селитеба) рекреациялық және т.б зоналарға, аудандарға бөлінеді. Онда халықтың тұрмыстық қажеттелігі, өмір сүру сапасы және т.б. мәселелер шешіледі. Функционалдық қызметтері бойынша қалалық функционалдық қызметі бойынша әртүрлі модельдерді ұсынуға болады.(әкімшілік, өнеркәсіптік, қаржылық, мәдениеттік және т.б.)
Қаланың динамикасы (даму қарқыны)
Қаланың динамикасы екі үрдісті қарастырады. Бірінші –қаланың шекарасының өзгеруі және сыртқы ортамен өзара қатынасы мен байланысы. Екінші - қала ішіндегі өзгерістер: функционалдық құрылымы, халықтың қозғалысы, капитал, тауар, қызмет жасау, көлік, инфрақұрылым, институциалық өзгерістер және т.б.
Қаларды топтастыру
Қаланы топтастуры арқылы табиғат жағдайын, мәдениет менталитет, экономикалық пен техникалық даму деңгейі, комфорт, әлеуметтік пен этникалық құрылым, тұрмыстық қажеттілікті шешу және т.б. толып жатқан сипаттарды анықтауға болады.
Геоурбанистиканың классигі, француз ғалымы Жаклин Боже-Гарнье 6 қалалық топты, 14 қалалық топшаларды бөледі. Мысалы: бірінші топқа – Еуропа қалалары, оны 4 топшаға: 1) солтүстік қалалар, 2) Батыс Еуропаның Орталық бөліміндегі қалалар, 3) Жерорта теңізі қалалары, 4) Шығыс Еуропа қалалары деп бөледі.
Негізгі терминдер мен түсініктер: қала, қаланың кеңістік және функционалдық құрылымы, қаланың динамикасы, қаларды топтастыру.
Географиялық атаулар: Пекин, Чикаго, Москва, Париж, Роттердам, Волгаград, Стокгольм, Амстредам, Стамбул, Токио




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет