Елеуова Ақбала – ІІ деңгей, география пәні мұғалімі
Байназарова Қама – І деңгей, математика пәні мұғалімі
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау.
Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру.
Әдіс- тәсілдерді насихаттау арқылы оны пайдалануға қызығушылығын арттыру.
«Есім-акроним»
Әр қатысушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән) сын есімдер (эпитеттер) келтіруі керек. Мысалы:Айгүл
А – алғыр
И – инабатты
Г – гүлденген
Ү – үлбіреген
Л – лапылдаған.
Топқа бөлу «Өлең жолдары»
Әр қатысушыға бір өлең жолы (тармағы) жазылған карточка беріледі. Қатысушылар аудиторияны аралап, тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөлінеді.
Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын Үлгiңдi көңiлiме қыстатқанмын Есiмде, әлiппенi жаттатқызып Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның Ұстазым, менiң ұстазым Өзiңмен өткен қыс-жазым Қалдырған iзiң мәңгiлiк Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менiң ұстазым Зердемдi сен ашпасаң не етер едiм Өмiрден сыбағасыз өтер едiм Ғажайып дүниенiң сырын жайын Қияға қызықтырып жетеледiң
Қайықта
Болсақтағы жаңа таныс, Жүзсек те алғаш қайықта. Ұшқыр қиял кетті-ау алыс, Бұйырмашы айыпқа. Самал болар толғандырған, Айдын шалқар көл бетін. Сәулем, мені ойландырған Сенің жарқын келбетің. Көлдің жүзін нұрландырып, Тұр ма сенің дидарың? Сол бейнеңді тұрған күліп, Су бетіне қимадым. Ескегіңді берші маған, Мен есейін, сен еспе. Су күлкісі сылдырлаған Сенің күлкің емес пе?
Қызығушылықты ояту: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксономиясы, Миға шабул, Топтастыру
Мағынаны тану: Пікір-талас, Аквариум, INSERT, RAFT, ДЖИКСО, Кубизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Қайта қарап өңдеу.
Ой толғаныс:Эссе, Пирамида, Құндылықтар сызығы, Sinkuein немесе бес жолды өлең, Түйін сөз, Семантикалық карта, Жаялық,
Концептуалды кесте, Ортада қаламсап, Екі жақты күнделік, Кейіпкерге хат.
Әжеге сағыныш хат
Қолдану «Қайта қарап өңдеу»
Талдау «Кейіпкерге хат»
«Ортадағы қаламсап»
Жинақтау «Жаялық»
Қатысушылар жаялық бөлігіне «Әже» туралы қорытынды ой жазады. (аты –жөнін жазу) Ортасына топтың қорытынды шешімі ұсынылады.
Бағалау «3 минуттық үзіліс»
Менің...............туралы көзқарасым өзгерді.
Мен............жайлы хабардар болдым.
Менің...............жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы........................
Мені .......................таңқалдырғаны........................................
Рефлексия
Түсіндім
Қиындықтар болды
Түсінбедім
Қорытынды
Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты. Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі. Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы. Оқуға уақыт табыңыздар, бұл - білімнің негізі. Достыққа уақыт табыңыздар, бұл - бақыттың шарты. Арманға уақыт табыңыздар, бұл - жұлдыздарға жол көрсетеді.