- Дарынды оқушылармен ғылыми жоба жүйесін дайындау.
- Ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік ұрпақ тәрбиелеу.
Жұмыстың міндеттері:
1. ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру.
2. ҚР Білім туралы Заңының 8 - бабының 7 - тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндетіне орай жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқытуды ұйымдастыру.
3. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау.
4. Оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың, инновациялық (жаңашыл) моделін енгізу.
5. Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету құзыреттілік бағытын негізге алу.
7. Білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңартуды жалғастыру.
Мектепке дейінгі тәрбие
«Балбөбек» шағын орталығы және балалардың мектепалды даярлық сыныптар бар. Бұл үздіксіз білім жүйесінің бірінші деңгейі баланың дербестігін, оның жас ерекшелігі мен жекелеген қабілеттерін ескере отырып қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасайды. Шағын орталыққа 3 пен 5 жас аралығындағы 18 бала қатысады. Мектепалды сыныптарына 5 пен 6 жас аралығындағы балалар қатысады.
2017-2018 оқу жылындағы мектеп бойынша білім сапасы және бала саны
Оқу тәрбие жұмыстарына сараптама
Мемлекеттік стандарттың орындалысы
Мектепте 2015 – 2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының талабына сай стандартқа кіргізілген пәндердің бәрі мемлекеттік тілде оқытылады.
Мектепте 9 сынып – комплектісі, оның ішінде 4 бастауыш сынып, 1 мектеп алды даярлық сынып, 5 жоғарғы сынып қамтылып, оқу қазақ тілінде жүргізіледі.
Біздің мектеп ұстаздары тіл және техникалық пәндерді тереңдетіп оқу мақсатымен жұмыс істейді. Онда қатесіз дұрыс жазуға, шығармашылығын дамытуға математикалық ойлау қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әрбір ұстаз педагогикалық мақсатқа сай, мектеп программасын және оқу жоспарын орындады.
Қорытынды: стандарта әр пән бойынша берілген сағаттар толық орындалды.
Мереке күндері сабақ кестесі мен күнтізбе күндерінің сәйкес келмеуіне байланысты бір қатар тақырыптар кіріктіріліп өткізілді.