«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі30,14 Kb.
#80648
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
педсовет

Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰОІӘ – де жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады.
Балабақшада ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамын. 
Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады.. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткіземіз.
Күнделікті жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Мен әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамын.
Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сезінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.
Сол сияқты өзімнің ашық сабағымда қолданған ТРИЗға тоқталып өтейін. Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет