«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі30,14 Kb.
#80648
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
педсовет

ТРИЗ - дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны – «Барлығын айтуға болады!».
Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту.
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында көркем әдебиет асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі. 
Мен баланың тілін дамытуда көркем әдебиет жұмбақ түріне негізделіп жүргізген өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен бөліскім келеді. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыра әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады. ҰОІӘ-де жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдандым. Осы технологияның жұмбақпен жұмысты айтып кетейін.
1. Тақырып таңдап алынады.
2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.
3. Мысалы мен алдыңғы сабағымда ертегіге байланысты жұмбақтар алатын болсақ, тақырып тандалып алынады
Мысалы: Бауырсақ
Қояннан кішкентай,тышқаннан үлкен,пішіні қарапайым,түсі ақшыл-сары дедік.Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады. Сонымен қатар баланың ойы,қиялы дамиды.ойлау арқылы баланың тілі дамиды.Сөздік қоры молайып,жақсы қарым-қатынасқа жол ашады.Тәрбиеші мен балалардың арасында қарым-қатынас жүріп,әр бала өз қиялына ерік береді.Міне сол сияқты, Воскобовичтің ойындары –ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көп атқарымдылық керек. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды. 
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Сандар құрамы бала үшін қиын, бірақ оны игеруге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет