Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Балалардың денсаулығын нығайту барысында біздің балабақшада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Балалар күнделікті таңғы жаттығулар жасайды, хауызға барады, жаттығу бөлмесіне барады.
Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерді дамыту.