Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Қазіргі заман талабына сай енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы балаға тәрбие мен алғашқы білім беру негізі – балабақшадан басталады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтардың біліктілігін көтеруге, олардың оқу үрдісін жүйелі, қызықты етіп өткізуге, балалардың ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр. Ақпараттық технологиялар бойынша тәрбиешілердің жасалған электрондық оқу кешендері, құралдары жинақтары бар. «Қызықты грамматика», «Кел балалар ойнайық», «Ойнайықта, ойлайық» осы құралдарды пайдаланамыз. Мысалы, қызықты грамматикада ертегілер тыңдаймыз. Есіне сақтамаған балаға қайтадан көрсетуге болады.
Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
– көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, суреттер, буындық кестелер, тірек-сызба, үлгілер, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |