Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: жан-жануарлар мен құстарға қамқор болуға талпынады. Қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(1–7мин)
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялықахуалорнату.
Қолдау
262
Біз Отанның гүліміз, Туған жердің нұрымыз. Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.
Оқушылар өлеңді мұғаліммен бірге шапшаң, баяу, сыбырлап қайталап айтады.
Сабақтың ортасы(26мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «И» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер.
Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«И и» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«И и» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларындамытужұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар орманға барды. Орманнан тиінді көрді. Тиінге жаңғақ берді. Тиін жаңғақты алды».
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Орманнан тиінді көрді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 3 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ти-ін» деп буынға бөледі.
«Ти-» бірінші буынын айтып, қай дыбыстың созылып айтылып тұрғанын табады.
«И» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Суреттер, оқулық Сызба
263
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«И» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
«И» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
Түймелерден «и» әрпін жасау.
7. Түймелерден «и» әрпінің сұлбасын жасайды.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Әріптің баспа, жазба түрі
Түймелер
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысындамытужұмысы. (МК,Ұ, Ө)Оқылым. Оқулықтың 80-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«И» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ие – иек), сөз алдына (ит – кит) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға қолдау көрсету.
Сызба, оқулық
Оқулық
(МК,Ө)Жазылым Оқулықтағы «и» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«И» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«И» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«и» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-
шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –