Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет59/104
Дата02.02.2022
өлшемі5,67 Mb.
#117037
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104
Байланысты:
Әліппе КТП и ҚМЖ


172
сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Не үйрендім? Не білдім?

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеріп, қатені түзетеді; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: алған білімін тексеріп, өзін-өзі бағалауға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Екеуіміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер, ал екінші топ ішкі шеңбер жасайды. Бір- біріне қарама-қарсы тұрады.


Сыртқы шеңбердегі әр бала өзінің ішкі шеңбердегі сыңарына:

«Екеуіміздің ұқсастығымыз...» деп айтқан кезде, ішкі шеңбердегі сыңары

«Екеуіміздің айырмашылығымыз...» деп жауап қайтарып, шеңбер бойымен келесі адамға бір қадам жасайды. Барлығы өзінің бірінші

сыңарына жеткенше жалғаса береді.








Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, бүгін сендер сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдеріңді бекітесіңдер.



(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Суретте берілген зат атауларын буынға бөлу. Суретте берілген қателерді табу.



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.






Суреттер, оқулық


Сызба


173








  1. Оқушылар суретте берілген қателерді табады (қоянның құйрығы, түлкінің құйрығы және тауықтың құйрығы бір-бірімен ауысып кеткен). Қоян, түлкі, тауық сөздерін буынға бөледі: қо-ян, түл-кі, та-уық.

  2. Оқушылар дауысты дыбыстан басталатын жемістерді атайды: алма, апельсин.

  3. Оқушылар дыбыс сызбасының дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады, сөздерді сызба-модельге

сәйкес буынға бөледі, мәтін құрайды.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқулық


2. Дауысты дыбыстан басталатын жемістерді атау.












Оқулық

3. Дыбыстық талдау дұрыс жасалған-

жасалмағандығын анықтау.

















Жазылым.

1. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


Мақтау










Жазу дәптері Оқулық



Сабақтың соңы

Бекіту және саралау











174



(7 мин)

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

1-деңгей:

Ұяшықтарды суреттермен сәйкестендір (жазу дәптеріндегі 5-тапсырма).





Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. Оқушылар ұяшықтарды суреттермен сәйкестендіреді.

  2. Оқушылар торғай, ұршық, шана, сағат сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

  3. Торғай, ұршық, шана, сағат

сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.

Қолпаштау Мақтау


Оқулық





  1. деңгей:

Торғай, ұршық, шана, сағат сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Торғай, ұршық, шана, сағат сөздерінің бірімен сөйлем құра.

Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қою, жауап алу.















Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Б дыбысы және әрпі


175



Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дыбыс пен әріпті ажыратуда ойын дәлелдейді.

Тәрбиелік: үлкендерге қолғабыс жасауға, ақылды болуға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Сиқырлы қапшық» ойыны. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар бар. Балалар кезекпен келіп қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алады. Мысалы: екі бота, екі қой т.б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң,

сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.


Оқушылар заттарды қолмен ұстай отырып, ұқсас заттарды сипау арқылы табады. Ұқсастығын айтады.


Қолдау


Қапшық, жануарлардың ойыншық үлгілері



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Б» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Б б» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Б б» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.



(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет бойынша әңгіме құрау.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар аталарына

Қолдау


Суреттер, оқулық
Сызба


176









  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «бота» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Б» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Б» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Ермексаздан «б» әрпін жасау.


(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 52-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (жаңылтпашты) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «Б» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (бал – бала), сөз ортасына (баба – бата), сөз алдына (арба – дорба) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  4. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «бал»,

«баба», «бата», «болат», «арба» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.

көмекке келді. Берік бұзау суарды. Айбол ботаға жем берді. Ал Береке лаққа сүт берді. Атасы немерелеріне риза болды».

  1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (5).

  2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Айбол ботаға жем берді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «бота» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «бо-та» деп буынға бөледі.

  4. «Б» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  5. «Б» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  6. Ермексаздан «б» әрпін жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «бал»,

«баба», «бата», «болат», «арба» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Қолдауды қажет ететін

оқушыларға көмек беру.


Ермексаз
Сызба, оқулық

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы



177






5. Мақалды тыңдатып, беретін мәнін айту.
Жазылым

  1. Оқулықтағы «Б» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Б» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Б» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.



  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Б әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Мақтау, қолдау



Оқулық Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Ребусты шешпес бұрын оқушыларға «Тас» және

«бақа» сөздерін қоссақ, қандай сөз шығады?» сұрағын қою.
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:


  1. деңгей:

Суреттер мен сөздің дыбыстық сызбасына сәйкес жаңа сөзді тап.

  1. деңгей:

Б дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Ребустың шешуіндегі сөзбен сөйлем құра.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні

ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


1-деңгейдегі оқушылар суреттердің және сөздің дыбыстық сызбасына сәйкес «тасбақа» жаңа сөзін табады. 2-деңгейдегі оқушылар Б дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

3-деңгейдегі оқушылар «тасбақа» сөзімен сөйлем құрайды.





  1. Оқушылар мақалды тыңдайды.

  2. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.








178






алу. Сабақты «Ақылды бала айтқызбай істейді» деген қорытынды пікірмен аяқтау.

3. Айтқызбай істейтін ақылды бала болуға талпынады.




Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020



Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет