Пневмонияға берілетін жаттығулардың кейбір көрінісі.
|
|
1- қүралсыз жаттығулар; 2— гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар.
|
Мәселен, науқас дем алудың тереңдігін, жылдамдығын қадағалайды. Ол үшін әр түрлі буын сөздерді, арнайы әріптерді созып айтады, сонда шығарылған дем ұзақ болады. Мұның да үлкен мәні бар. Ал плевра қабығында, туберку-лез не өкпеден бронхының тармақтары кеңіп, ппіне ірің (қақырық) толып кеткенде өздігінен шықпайды. Сондықтан оған арнайы дренажды (кәріз) жаттығулар қолданылады.
Пневмония — өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, созылмалы түрде өтеді. Олардың әрқайсысы өзінше лсер етеді. Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарыда айткандай жөтел, ентікпе, ыстың көтеріліп, жүрек-тамыр қызметі нашарлайды.
Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік гимнастиканы қосады. Гигиеналық және емдік гимнастика окпенің дем алуын жеңілдетіп, өкпеге дәнекер гкань (тыртық) жабысып қалмас үшін қолданылады. Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі. Содан соң ауырған өкпе жагына аунатып тыныс алғызады. Жаттығулар 10—12 минутқа созылады, содан соң біртіндеп аурудың басын көтеріп отырғызып, саусақтарды қимылдатады.
Екінші-үшінші режимде берілетін күш біртіндеп көбейеді. Оның екпіні, үзақтығы, қайталануы өзгеріп отырады. Жаттығулардың ұзақтыгы 25 минутқа созылады: отырып, тұрып денедегі бұлшық еттерге салмақ түсіре созып, иіліп, әр түрлі қимылдар жасайды. Қандай қимыл жасалғанымен дұрыс терең дем алуды қадағалайды.
Ақырғы — бос режимде жүру әдістеріне көңіл бөледі, снарядтарда гимнастика орындалады, таяқпен, доппен жаттығулар жасайды. Төменгі суреттерде пневмония ауруына берілетін жатты-гулар (3-сурет).
Өкпе, бронха қабынган кезде, спортпен тек 2—4 аптадан соң айналысады. Тыныс жолдарын, өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу ке-рек. Мәселен, туристік жорыққа шығу, қайықта жүзу, коньки тебу, суда жүзу, велосипед тебу т. б. Аурудан мүлде сауығу үшін күнге қыздырынып, ауа ваннасын, суды көп қабылдаган дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |