«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет27/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Бақылау сұрақтары:
1.Емдік гимнастиканың негізі.
2.Жаттығулар жинағының тигізетін медико-биологиялық негізі. әлдендіру, қоректендіру, орнын толтыру, қалпына келтіру механизмдері.
3.Емдік гимнастиканың тәсілдері..
4.Емдік гимнастиканың әдістері.
5.Емдік гимнастика формалары.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
2сабақ.
Тақырып. Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.
Мақсаты:
Кезендеріне сәйкес жқт ауруларына берілетін жаттығулар жинағын құрастыру.
Тыныс мүшелер ауруларына арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау.
Сабақ жоспары:
Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер ара-сында жиі кездеседі. Ал туберку-лез сияқты қауіпті аурУ үлкен адамдарға да тән. Кездесетін індеттер: өңештің қабынуы, брон-хит, өкпе қабынуы, плевроның қабынуы, демікпе, туберкулез т. б.
Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жай-лар көп-ақ, соның ішінде сырттан түсетін микроб-тар, түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу, организм-нің әлсіреуі, құнарсыз тамақ т. б. үлкен зиян келтіреді.
Аталған ауруларға тән белгілері бар. Ол: жөтел, ентігу, қақырық түсу, ыстығы көтерілу, әлсіздік пайда болу сияқты белгілер. Уақытында емделмей, асқындырып алса, аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды. Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына, көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады. Тек газ айналымы емес, зат алмасуы да бұзылып, кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серпімділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді.
Емдік гимнастика басқа әдістермен қосыла отырып қимыл-қозғалыс арқылы тыныс алу мүшелерін байланыстырады. Тірі адам дем алмай отыруы мүмкін емес, ал ол механизм бұзылса, адамға әр түрлі қиындық бірден сезіледі.
Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде, іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде қуысының қимылын ыңғайлайды, тыныс алуды реттейді. Мұның бәрі жоғарыда көрсетілген ем-дік гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты.
Көпке мәлім жаттыгулармен қоса, мұндай ауруға арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет