«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет26/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Орнын толтыру механизмі
Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. Жаттығулар екі (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екіншісін шыңдай отырып, барлық жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса, екінші бүйректің күшін жаттығулар арқылы арттырып, организмге ауырлық түспеуін бақылайды. Сол сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің (құрт ауруы) асқынған түрінде немесе рак болғанда бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен операция арқылы алып тастауға тура келеді. Сонда организмге қажетті оттегі қалған өкпе арқылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар арқылы қалған өкпенің көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды.
Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша) ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал екіншісі науқас адам бір мүшесінен айрылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың нерв жүйесі жарақаттанғанда ол қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан қалады. Сол кезде нерв жүйесіне «жандандыру» өте қиын болғандықтан, қолдағы барлық бұлшық еттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі.
Міне, орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда науқастың организмін қалпына келтіру, оған өз мүмкіндігін сезіндіру.
Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі
Қандай науқастан болмасын құлан таза айығып кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Міне, осы функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене жаттыгуларымен айналысу қажет. Тек сонда гана, жогаргы нерв жүйесінің басқару қызметінің басқа органдармен, буындармен, ішкі ағзалармен байланысы түзеледі. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Тек осындай байланыс қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады.
Жоғарыда айтылған емдік гимнастиканың механизмдері бір-бірімен тығыз байланыста. Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: бірінші-ден, бүкіл денеге әсер ететін өзгеше терапиялық ңасиеті; екіншіден, аурудың асқыну процестеріне жол бермейтін патогендік қасиеті; үшіншіден, денедегі әр мүшенің қызметін, іс-әрекетін қатарға қосып, қалпына келтіретін функционалды қасиеті; төртіншіден, кемтар болган мүшеге сүйемелдеу, соған бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті; бесіншіден, емдік-педагогикалық қасиеті — ол ауру адамның алдына бір мақсат қойып, барлық ынта-жігерімен, сана-сезіммен жат-тығуларды орындауында.
Осындай дене гимнастикасының жан-жақты әсерінен сырқат адам толығымен қатарға қосы-лады. Оның ой-өрісі, еңбекке қабілеті артып, өз мамандығын меңгеретін, әлеуметтік, экономика-лық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуы-на мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет