Плеврит — көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.
Сырқаттанған адам көкірегіне шаншу қадалып, ентігіп, жөтеліп, әлсірейді. Плеврит құрғақ және экссудатты болып (жиылған сұйық зат) екіге бөлінеді. Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмас үшін емдік гимнастика беріледі.
Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып, дәнекерлі ткань қалыптасып қалмауын, дүрыс дем алуын қамтамасыз етеді.
Жаттығулар ұзақтығы 8—10 минут, кейіннен 30—40 минутқа дейін созылады.
Жұқа плевра ңабығы қабынған соң беріш бо-лып бітіп қалады, соны тарату үшін етпеттеп, шалқадан жатып, отырып, түрегеп тұрып жан-жаққа иіліп, бұрылып әр түрлі жаттығулар жа-сайды (4-сурет).
Демікпе — инфекциялы аллергиялық ауру. Оны қоздырушы микроб болса, аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар. Адамды тұншықтырып, дем жеткізбей қысады. Ол бронхы еттерінің кенет тарылуынан болады. Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар.
Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш, оте сезімтал болып кетті. Сондықтан әр түрлі гүлдер, шөптер, дәрілер, үйдің, кітаптың шаңы, жеміс-жидектер, жүн-жұрқа, темекі, қуырган майдың иісі т. б. толып жатқан заттар аллерген-дер болып кездеседі. Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін — аллергия дейді.
Көкірек қимылына арналған жаттығулар (созылмалы бронхит, эмфизема, өкпе қабынуы):
|
|
1- етпеттеп жатып, екі қолды айқастырып иектің астына устап, шынтаққа тіреліп кеудені жоғары кетеріп демді ішке тартады, темен түсіргенде — сыртқа шығарады; 2—шалқадан жатып, екше мен желкеге тіреліп, кеудені кетеру; 3-етпеттеп жатып екі қолды артқа созған қалыпта кеудені көтер: 4— орындыққа отырып екі жаққа алма-кезек қисайғанда қолдың ұшы жерге тіреледі; 5— орындықта отырып кезекпен қолды артқа созу; 6— отырған қалыпта демді ішке тартып, одан соң екі қолды темен түсіріп иілу; 7— түрегеліп түрып екі қолды желкеге үстап, екі жаққа қисаю; 8— еңкейіп екі қолдың үшын қарама-қарсы тұрған аяқтың үшына жеткізу; 9— екі қолды жоғары ұстап кеудені алма-кезек айналдыру.
|
Ал демікпе болса осы аллергиялық аурудың бір түрі.
Адам қатты қысылып түрган кезде арнайы жаттығуларды қолданса, құтқарып алуға болады.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты — науқасты қалпына түсіріп, бронхыларды босаңсыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру.
Демікпеге арнайы жаттығулар қолданады (5-сурет). Бірақ демікпенің ұстамасы ұстаған кезде, адам сасқалақтап өзінен-өзі тұншығып қалады. Олай болмас үшін демді сыртқа шығаруды созып ұзартады. Ұстама болмаған кезде арнайы тыныс алу жаттығулары қолданылады. Олар: дауыссыз С, 3, Ш, Щ, Ж, Р және дауысты У, Е, И, А дыбыстарын демді ішке тартып, сыртқа
|
|
1—орындықта отырып, екі қолды жоғары көтеріп керіледі; 2—екі қолмен құ-шақ жая терең дем алады, қалпына келгенде демді сыртқа шығарады; 3— бір қолды мықынға тіреп екінші қолды созады; 4— бір жаққа қисайып, қолдың ұшын жерге тигізеді; 5— орындықтың арқасынан ұстап тұрып еңкейіп қайта тұру; 6—екі қолды арқада ұстап кеудені кере қайқаю; 7—қолды желкеде ұстап, аяқты алшақ қойып екі жаққа кезекпен иілу; 8—бір қолды мықында ұстап, екінші қолын созып денені оңға не солға кезек бұрады; 9— орындық арқасынан ұстап тұрып аяқты артқа сермейді; 10—екі қолды мықынға тіреп, тізені жоғары кө-теріп бір орында жүру; 11—қолдарды мықында ұстап, аяқты кезекпен алға созады; 12—қолды жоғары көтеріп бір аяқты үшынан артқа қояды. Бүл жаттығуларды орындағанда тыныс алуды тыңғылықты қадағалайды.
|
Мұнда адам өз дем алысын ғана реттеп қоймай, өкпенің жұмысын арттырып, көңіл-күйін де басады. Алғашқы кезде дыбыстарды 5—7 секунд созады, одан кейін біртіндеп 15—20 секундқа жеткізеді.
Ауру дыбысты 15 секунд созып, демін жет-кізген соң,' келесі жаттыгуларға көшеді. Ол екі, үш әріпті қосып айтып, содан соң дауыссыз ды-быстың аяғын дауысты дыбыспен жалғастыра-ды. Мәселен, БРУУУУ, ПРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО т. б.
Бір дыбыс екінші қосымша дыбысты жалғап әндетіп айтады: Бр, Вр, Гр, Др, Жр, Кр, Пр, Шр, Хр. Жаттығулардың соңында бір дыбысты ортасында айғайлап, үндірек шығарады. Мыса-лы: сссс, СССС-сссс, Шшшш, ИИИиии, Драааа, ААААаааа т. б. Сабақ қызықты өту үшін бір әріпті төрт рет қайталайды, ал ысқырып шығатын дауысты дыбыстарды бір реттен. Мәселен СССС, 3333, ШШШШ немесе БрИИИИ, БрЕЕЕЕ, ДрОООО, ПрУУУУ немесе дауысты және дауыс-сыз дыбыстарды араластырып айтады: ГраАААА, ЖЖЖЖ, ПрИИИИ, РРРР.
Бұл әріптерді айтқанда кілт, тез қайтармай, ақырын, созып айтады. Демді ішке алғанда да, сыртқа шығарған кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Сол сияқты демді ішке тартқанда кеудені керіп, басты тік ұстаса, сыртқа шығарған кезде басты төмен салбыратып, ішті тартады (5а-сурет).
Науқастың тыныс алуын реттеген кезде іштегі көк ет шымырланып, тартылып, өкпенің сыйым-дылық қасиеті артады. Аурудың жагдайына байланысты 6—12 жаттығу орындалады, мұның ішінде 50—60 проценті тек тыныс алу жаттығулары болу керек. Жаттығулар жарық, ауасы кең бөлмеде немесе бақша ішінде, далада жасалады.
Жаттығулар 3—4 рет қайталанады. Оның мөл-шері, қарқыны адамның жасына, аурудың кезе-ңіне байланысты. Әр жаттығудан соң 20—60 секунд үзіліс болады.
Демді толық сыртқа шығару үшін екі қолмен кеудені қысып, іштің көк етін басады. Мүрынның бір жақ желбезегінен, тістеніп тұрып тістің арасынан, түтікше арқылы суға үрлеп, резина ойын-шықтарды үрлеп дем шығаруды ұзартуға болады.
Осының бәрі демікпе ауруына, бронхитте эмфиземада (өкпенің кеңуі) кеңінен қолданы-лады.
Сол сияқты дене шынықтыру түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс (ауа, күн, су, шаңғы т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |