«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


 Тақырып: «Тірек-қозғалыс аппараты және жүйке жүйесі ауруларындағы ЕДТ»



Pdf көрінісі
бет21/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

1.4. Тақырып: «Тірек-қозғалыс аппараты және жүйке жүйесі ауруларындағы ЕДТ» 
Дәрістің мақсаты 
– жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппараты жарақаттануы ауруларының 
клиникалық белгілеріне сай ЕДТ әдістерін пайдалану ерекшеліктерін оқып білу. 
Дәріс жоспары: 
1.
Тірек-қимыл аппараты зақымдарындағы өзгерістердің сипаттамасы. 
2.
Тірек-қимыл аппараты зақымдануы нәтижесінде пайда болатын аурулар. 
3.
Шеткері жүйке жүйесі ауруларымен жарақаттарындағы жаттығулар жиынтығының әсер ету 
механизмі мен әдістерінің ерекшеліктері. 
4.
Тірек-қимыл аппараты жарақаттарындағы ЕДТ негізгі әдістері. 
Тірек-қозғалыс аппаратына арналған ЕДТ 
Омыртқа жотасының қисаюы
 
Адамнаың тұлғасымен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа отасына байланысты. Иық тік, кеуде 
жазық болып, кермаралдай керіліп жүрудің өзі осы омыртқаның дұрыс болуынан. Осы этаптың 
алдыңғы бөлімінде көрсетілген қалыпты жағдайдағы омыртқа жотасындағы иректер оны қоршаған 
бұлшық етке тікелей байланысты. 
Дене сымбаты кішкене бала кезден бастап қалыптасады. Оның басын дұрыс ұстауынан, 
отыруынан, жүруінен жоғарыда көз болып отырған омыртқа иректері (лордоз, кифоз) қалыптасады. 
Оның дұрыс не бұрыс болуы көп жағдайға байланысты.
Мектепке партаның жоғары не төмен болуынан орындықтың ыңғайсыздығынан, біржағына 
қисайып отырудан немесе ауыр жүкті бір қолымен көтеруден т.б. жағдайлардан адам денесі бір 
жағына қисайып кетеді. 
Сол сияқты ұзақ ауырып, организм әлсірегенде құяң, ішек қарын жарасы, сондай-ақ өт 
қабынғанда, буындар ауырғанда, адамның жүрісі өзгеріп, омыртқа жотасы бір жағына шығып кетеді. 
Адам тұлғасы, мүсіні бұзылу деп омыртқа жотасының алға-артқа немесе оң-солға ауысып 
кетуін айтамыз. 
Мұның өзі тіпті спортсмендер арасында да кездеседі. Мәселен, боксшылар, сайысшылар, 
ескекшілер. Әлбетте,көбінесе бұлшық еті жетілмеген жасөспірімдер арасында жағдай жиі кездеседі. 
Егер омыртқа жоталары белгілі иректермен алға не артқа кетіп қалса, онда адамның мүсіні 
бұзылады дейді. Ал омыртқа жотасы оңға, не солға қисайып кетуін медицина тілінде сколиоз деп 
атайды. 
Мұнымен қатар бір жақ иық пен жауырын екінші жағынан жоғары болуы де кездеседі. 
Сөйтіп мүсіннің өзгеруі бірнеше түрге бөлінеді. 
Омыртқа жотасының қисаюы үйреншікті әдетке де байланысты. Кейінгі кезде ғалымдардың 
айтуынша, балалардың бір жағына қисайып кетуі ішкі (эндокриндік) бехдердің кінәрәттануынан дейді. 
Кейде өзгерген мүсін баланың жетілуіне байланысты дұрысталып кетеді.
Дегенмен омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы келбетті бүлдіріп қоймайды, ол ішкі 
ағзаларға да, әсіресе, өкпе мен жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді. Өйткені қисайған омыртқа көкірек 
ішіндегі өкпенің толық жазылуына, көк еттің (диафрагма) қозғалуына бөгет жасайды. Сондықтан 
денеде қан айналымы кеміп, оттегі жетпей, құрсақ ішіндегі қысым өзгеріп кетеді.
Балалардың тұлғасы бұзылмас үшін мамық төсекке үйретпей, қаттылау төсекке жатқызған 
дұрыс. Сол сияқты басқа салған жастық биік болмай, жазық, кішкене болғаны абзал. Отыратын орын 
баланың бойына шақ болу керек. Киген киімі, аяғындағы аяқ киім қыспай, өзіне дәл болса, бала еркін 


отырады. Столға отырғанда түскен жарықтың да әсері көп. Әсіресе, көзі алыстан көрмейтін балалар 
екі бүктеліп, басы салбырап кетеді. Бұл кейін қалыптасып желкесі шорланып, иығы көтеріліп кеткенін 
бір-ақ аңғарады. Өкінішке орай, осындай балалар балабақшада, мектепке үлкендердің салақтығынан 
кемтар болады. Мектепке мұндай балалар арнайы медициналық топқа баруы керек.
Осындай қиянаттан құтылудың бірден-бір жолы – тек емдік гимнастика. Арнайы берілген 
жаттығулар омыртқалар қозғалысын арттырып, қисайған жерін қалпына келтіреді, арқа бұлшық етін 
жетілдіріп, омыртқаларды қысып ұстайтын «құрсау» жасайды. Тек арқаның бұлшық етін жетілдіріп 
қоймай, жаттығулар жүрек, өкпе т.б. ағзалардың жұмысын жандандырып, зат алмасуын үдетеді. Ауру 
бала үшін мұның пайдасы көп. Сол сияқты дене тәрбиесі адамды шыңдап, шыдамдылығын, қайратын 
арттырады. Ең маңыздысы денені тік ұстауға дағдыландырады. Міне, осының бәрі емдік 
гимнастиканың негізгі түпкі мақсаты. Енді оны іске асыру үшін жаттығулардың әр түрін қолдану 
керек. Мәселен, белгілі гигиеналық, гимнастикалық жаттығулармен бірге арнайы түзету 
жаттығуларды кеңінен қолданады. Сол сияқты суда жүзу баланың денесін шынықтырады және денеде 
бұлшық еттерді жетілдіріп, қисайған омыртқаны қалпына келтіреді. Жүру, жүгіру, спорттық 
ойындарға қатысу, шаңғы тебу т.б. дененің дұрыс жетілуіне ықпал жасайды.
Арқаның бұлшық етін жетілдіру үшін түзету жаттығуларында науқас шалқадан және 
етпетінен жатады. Мұнда аяқ-қолға әр түрлі қимылдар беріледі. Мәселен, кезекпен аяқты көтеруі, 
кеудені көтеру, «велосипед тебу» т.б. 
Жаттығулар еңбектеп тұрып, отырып, түрегеліп тұрып әр түрлі жағдайда жасалады. Көлбеу 
жазықта жатып омыртқаны созуға болады. Ұзақтығы 30-45 минутқа созылады.
Коррекциялы немесе түзететін жаттығуларды омыртқа жотасының қай жаққа ауытқуына 
сайлап алады. Жота күдіс болғанда кеуде омыртқалары артқа теуіп кетеді, мұндай кезде арқаның ұзын 
бұлшық еттерін бекітеді. Ол үшін барлық тұрқымен артқа шалқаяды (иіледі). Мұны етпеттен жатып, 
еңбектеп тұрып (шынтақпен тізені, алақанмен тізені тіреп), белді қайқайып жасайды. Неғұрлым көп 
шалқайса, солғұрлым арқаның ұзын бұлшық етіне күш көп түседі. Сондықтан оны әр түрлі жағдайда, 
қолына таяқ, жіп, доп ұстап тұрып орындауға болады. 
Егер бел омыртқа алға ығысып кетсе (лордоз), онда іштің бұлшық етін жетілдіреді. Ол үшін 
шалқадан жатып, түзу аяқтарды алма-кезек көтереді, «велосипед тебеді», басын көтеріп отырып қайта 
жатып құрсаққа күш түсіреді.
Физиологиялық иіндердің бәрі түзуменен кеткен жағдайда (жазық арқа) жаттығулар арқа мен 
құрсақ бұлшық еттерін бірдей жетілдіруге арналады. Ол үшін жаттығулар күрделеніп, гантель, гирь 
(0,5-1 кг.), доп, гимнастикалық таяқтармен орындалады.
Дене бір жағына қисайып кетсе, оны түзету үшін бар ықыласты дұрыс жүруге аудару керек. 
Ол үшін басқа ауыр зат қойып, бір аяқпен тұрып, сол қалпына бір сызықпен жүріп т.б. жаттығуларды 
орындаған дұрыс.
Екі жауырын қанат сияқты көтеріліп, иық алға қарай қушиып кетсе, қолды шыр айналдырып, 
желкеге қолдың ұшын әкеліп артқа қарай майыстырады. 
Осының бәрі баланың, тіпті үлкендердің, өз тұлғасын дұрыс ұстауға арналған жаттығулар. 
Адам үйде болсын, түзде болсын, қызметте болсын, денесін дұрыс тік ұстауға дағдылану керек. Оны 
қалыптастыру үшін айна алдынды жаттығулар жасайды: үй ішінде бірін-бірі қадағалайды, қабырғаға 
желке, арқа, бөксе, өкшені тіреп бір-екі минут тұрады. 
Денені қалыпқа келтіру үшін емдік гимнастикадан басқа, массаж, табиғат факторларын (ауа, 
су, күн) пайдалану болса қажет.
Жоғарыда айтылғандай, омыртқа жотасындағы табиғи имектер – алға не артқа ойысып кетсе 
мүсіні бұзылады, сондай-ақ омыртқа жотасының оңға не солға қисайып кетуі де кездеседі. Ол сколиоз 
ауруы деп аталады. Кейде бұл ауруда омыртқа өзектің айналасында бұрылып шодырая шығып, адам 
бүкір болып қалады. Бұл індетте жүрек қан тамырлары, өкпе тыныс жолдары қатты зақымданады. 
Сондықтан оны тек сколиоз демей, сколиоз ауруы деп атайды. 
Аурудың негізгі себептерін үш топқа бөледі. Бірінші – адам бойындағы зиянды кеселдер. Ол 
іштен туған ақаулар: бойдың өспей қалуы, омыртқаның жетілмеуі, омыртқаның сына тәрізденуі, артық 
қабырға, бесінші бел омыртқаның сегізкөзбен бітұтас бітіп қалуы т.б. 
Екінші – статистикалық-динамикалық құбылыстар. Ол адамның еріксізден бір жағына 
қисайып қалуы. Мәселен, оқыста өртеніп күйген адамдардың денесіне пайда болған үлкен тыртық, не 
шеткері нерв жүйесінің зақымдануы адамды бір жағына қисайтып жібереді. 
Үшінші – жасөспірімдер қаурыт өсетін кезеңде төзімділігін жоятын індеттерге шалдығуы. 


Аталған себептердің қайсысы болмасын, адамға келтіретін зияны айтарлықтай. Аурудың 
білінген белгілеріне байланысты сколиозды төрт кезеңге бөледі. Бірінен-бірін ажырату үшін омыртқа 
жотасының доға тәрізді иілуі одан пайда болған бұрыштың көрсеткішін білу керек. Сколиоз 
омыртқаның қай жерін кінәрәттағанына байланысты кеуде, кеуде-бел, бел омыртқа сколиозы деп 
аталады. Сол сияқты оң жақ, немесе сол жақ сколиоз деп доғаның бағытына қарай айырады. 
Сколиоздың бірінші кезеңінде доғаның омыртқа жотасынан тайып кеткен бұрышы 10
0
– қа 
тең. Ал жотаның өзі «S» әрпіне ұқсайды. Арқа бұлшық еттеріне күш түсіргенде немесе жатқызып 
босаңсытқанда доға көрінбей кетеді.
Екінші кезеңде пайда болған доға латынның «S» қарама қарсы жақында төмендеу екінші 
доға пайда болады. Бұл кезде омыртқа өзегінен алшақтап кеткен бұрыш 30
0
– қа тең болады. 
Омыртқалардың бұралып, қабырғалардың сыртқа иеуіп, бұлшық еттің білектей бұлтиып қалғаны 
аңғарылады. Науқасты жатқызып қойғанмен не аздап созғанмен доға қалпына келмейді. 
Үшінші кезеңде омыртқалар бір бөлігінде бұралып, айқын екі үлкен доға пайда болады. 
Бұрыш 30-60 градусқа жетеді. Көкірек қуысы өзгеріп, қабырғалар шодырайып, бүкірлік байқалады. 
Бұл ішкі ағзаларды бүлдіріп, нерв талшықтарының түбін зақымдайды, құяң ауруындағы белгілер 
пайда болады.
Төртінші кезеңде ауру асқынып, омыртқа жотасы бұрыңғыдан бетер қисайып, бұралып, 
адамды қатты өзгеріске түсіреді. Бұл кезде тек кеуде ғана емес, жамбас сүйегінде де өзгеріс білінеді. 
Омыртқа өзегінің тік түзуінен алшақтаған доғаның бұрышы 60 градустан жоғары болады. Нәтижесінде 
көкірек қуысындағы ағзалар мен нерв жүйесі айтарлықтай зардап шегеді. 
Сколиоз ауруының кезеңіне, белгісіне, себептеріне қарай әр түрлі емдеу әдісі қолданылады. 
Оның ішінде операция (ортопедия), физиотерапевтік ем (тоқпен емдеу), балшық, массаж сияқты 
түрлерін айтуға болады. Ең бір қажетті ем – емдік гимнастика кейінгі кезде өте жиі қолданылуда. 
Сырқаттың бірінші кезеңінде мектептегі балаларды арнайы медициналық топта немесе 
емханаларда емдейді. Оларға басында жаттығулардың белгілі түрлерін қолданады. Ол денеге жақсы 
әсер етіп, тәуірленсе, спорттың кейбір түрлерін тағайындайды. Мәселен, суда жүзу, шаңғы тебу, ескек 
есу, спортық ойындар. 
Сколиоздың екінші кезеңінде емдік гимнастика медициналық мекемелерде мамандардың 
қадағалауымен өтеді.
Үшінші-төртінші кезенде емдеу әдісі белгілі – мектеп-интернаттарда арнайы «қалыпқа» 
салып емдейді (гипс төсек, т.б.).
Мұндай сырқатта тағайындалған емдік гимнастиканың мақсаты:
1.
Ауруды әрі қарай асқындырмай, денені тік ұстауға дағдыландыру. 
2.
Иілген жақтағы қысқарып қалған бұлшық еттер мен сіңірлерді созып, дөңес 
жақтағыларын бекіту.
3.
Кеуде мен арқа бұлшық еттерін нығайтып, табиғи құрсау жасау. 
4.
Өкпе-жүрек қызметін арттыру. 
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаттығулар көбінесе шалқадан, етпеттен жатқанда, 
еңбектеп тұрғанда жасалады. Мұның өзі шыдамдылық, төзімділікті арттырады. Омыртқа жотасын 
түзетуге көмегін тигізеді. Ең негізгісі – мұндай жағдайда омыртқа жотасына салмақ аз түседі, бұлшық 
еттер толық босаңсиды. 
Осы жағдайда түзету (коррекциялық) жаттығулардың орындау әлдеқайда ыңғайлы. Сол 
сияқты омыртқа аралық шеміршек, сіңір созылып қалпына жатса дұрыс болады. Ол үшін иектің 
астына арнайы ілгекпен жоғарғы басына тартып қояды.
Омыртқа жотасын түзетуде бір сызықпен жүрудің, тыныс алудың маңызы өте зор. Денені тік 
ұстап, ішті тартып, басты салбыратпай, иықты төмен түсірмей жүруге дағдалану керек. Немесе басқа 
бір ауырлау зат (кітап...) қойып жүрсе болады. Шалқадан жатып бір қолды кеудеге, екінші қолды ішке 
қойып дұрыс дем алса, кеуде мен көк ет ширығады. 
Науқас балалар тек емханада, диспансерде емделіп қоймай, оларға де үлкен қамқорлық 
керек.
Уақыттың көбін таза ауада өткізу керек. Түнгі ұйқы ұзақ болғаны жөн. Оларды ерте 
жатқызып, ерте тұруға дағдыландыру керек. Бала жатқан төсек өте жұмсақ болмай, қаттылау әрі тегіс, 
басындағы жастық аласа болғаны дұрыс. Ондай балалар шалқасынан жатады, оқыста аударылып кетсе 
оятудың қажеті жоқ. 
Түнгі ұйқыдан басқа, бір сағатқа созылған күндізгі ұйқада пайдалы. Онда да тегіс салынған 
қатты төсекте, тек шалқадан жату керек. Қолға кітап, ойыншықтар ұстауға болмайды.


Сколиоз ауруына шалдыққан балалардың тамақтануына баса назар аудару керек. Олар 
мезгілінде, витаминдерге бай әртүрлі құнарлы тағамдармен тамақтануы қажет. 
Үйде жасалатын түзету гимнастикасы күніне 2 рет, ертеңгі астан кейін бір сағаттан соң 
(толық балаларға ашқарынға орындауға жөн), түсте 2 сағаттан кейін орындайды. Жазда дене тәрбиесін 
далада, таза ауада (көлеңкеде) өткізеді. 
Допты жоғары лақтырып ойнаудың да пайдасы көп. Тек оларды спорт жарасына 
қатыстырмайды. 
Спорттық ойындардың ішінде тек жүзу «брасс» түрімен екі қолмен бірдей ескек есумен 
айналысу керек. Қыста шаңғымен жүру, коньки тебу өте пайдалы. Бұл салада да жарысқа қатысуға 
болмайды. Жас балалар өз бетімен ойнаған ақ жерде жатқан құмда, топырақта еңкейіп ойнау да зиян. 
Оларға бойы жететіндей биігірек етіп құм үйіп беру керек.
Балаларды аз қимылдайтын ойындармен ойнатқанда (сурет салу, жапсыру), столдың биіктігі 
қолды төмен түсіргенде шынтақтың деңгейінен 3 см. биік болуы шарт. 
Жазда балаларға көп қимыл керек. Сондықтан сабақ дайындағанда не отырып сурет 
салғанда, әр 20 минуттан соң үш түзету жаттығуларын орындайды.
Велосипед тебуге, секіруге, ауыр жүк көтеруге мүлде болмайды. Үй жағдайында алға көп 
иілмейтін жұмыстар атқарады.
Таза ауады көп жүру керек, тек күн кезінде емес, көлеңкемен алмастырып отыру керек. 
Жазда баланың жасына байланысты, дәрігердің нұсқауы бойынша, суға күніне 2 рет 10, 15 минуттан 
шомылуға болады.
Стодың үстінде ойнайтын ойындардың қажеті жоқ.
Осы айтылған нұсқауларды ата-ана мұқият қадағалап, бала өз ықыласымен орындаса, 
аурудан жазылуға толық мүмкіндік бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет