Эмоциялар және эмоционалдық интеллект



бет11/14
Дата20.11.2022
өлшемі113,21 Kb.
#159010
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
кул,псих 3-4 лек

Ерік күші. Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жүмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсаудың керегі болмайды, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,,«терлеуге» тура келеді. Бірінші және екінші жағдайда да күш жұмсалады, бірак олардың шама-шарқы әр түрлі. Ерік күшін жүмсаудың әр түрлі дәрежеде болуы барлық іске даярлығы да, құлқы да бірдей болмағандықтан бір адамның өзінің бойында да кездесе береді.
Ерік күшін жүмсау еріктік әрекеттің мақсатты аңғару, шешім қабылдау, тәсіл таңдау және шешімді практика жүзінде орындау сияқты ерік актыларының бәрінде де бар. Бірақ ол киыншылықтарға байланысты туады. Кедергілер санада бейнелене отырып, қиындық жағдайларды туғызады, одан қиындықты жеңуден бас тарту, яғни мақсаттан бас тарту, немесе ерік күшін жүмсай отырып, практикалық әрекетпен жеңу арқылы ғана қү-тылуға болады. Қиындық барлық ,кезде де бір-біріне сай келетін толғаныс пен ерік күшін туғыза бермейді. Кейде шын "мәнісінде шағын, болмашы кедергілердің өзі көп толғануды едәуір ерік күшін жүмсауды керек етеді. Мысалы, жас бала таныс адамдардан барып керекті нәрсені сүрап алғысы келмей, тартыншақк-тайды. Бұл, әрине, жай ғана әрекет. Оңай болғанымен ол алда түрған кездесу, сөйлесу кезіндегі кеңіл күйінен, «бермей қояр ма екен» чдеген күдіктен туатын, психологиялық кедергіні, ұялуды жеңу үшін, едәуір ерік күшін талап етеді. Бұл жерде қиындықтардан туатын субъективті кеңіл күйі іс жүзіндегі нақты кедер- гілерге сай келмей отыр.
Психологиялық зерттеулөр көреетіп отырғанындай, ерік күшінің мықтылығы, оның беріктігі көп жағдайларға байланысты болады. Ең алдымен, жеке адамның дүниетанымы, идеялық бағыты және оның шешетін мәселесінің қоғамдық мәні туралы айтқан жөн. Бұл элементтер ерік күшімен тікелей байланысты. Жеке адамның моральдық беріктігі маңызды фактор болып
есептеледі. Мәселен, жауапкершілігі мол адамнан ерікті жұмылдырудың жоғары дәрежесін-мақсатқа жету жолында бар күші мен қуатын сарқа жүмсайтынын байқауға болады. Жауапкершілігі жоқ адам көп жағдайда іске бұлайша берілуге қабілетсіз.
Әрекет пен оның нәтижееіне деген бағыт-бағдар сияқты фак-торды да атап өту керек. Әрекетті «қалай болса солай орындай салуды» бағдар түту ерікті күшті етпейді. «Аса жоғары сапаны бағдар тұту жағдайды шиыршықтыра түседі.
Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, саіггвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тезе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы.
Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын кетеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.
Ерік кушін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау кө-мегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырады, мадақтайды, қолдайды.
«Батылдау бол», «Жасқанба», «Рухың түспесін», «Тағы да аздап төзіңкіре» деген сөздер әркімге-ақ таныс. Оларды адам өзіне өзі өте қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.
Сонымен, күрделі еріктік әрекетті талдау, алдьщғы екі буын-ның дайындық буын екенін көрсетеді. Олар үшінші буын — практикалық бөлімнің программасьін жасайды. Программаны қалыптастыруда көптеген психикалық процестер қатысады, дегенмен ойлану шешуші роль атқарады. Еріктік әрекеттің орындалу жағы іскерлікпен, дағдымен ұйымдастырушылық қабілет-пен байланысты. Қиындықтармен кездескенде белсенділік ролі тағы да ойлану үлесіне тиеді. Қиындықтарды жеңу дегеніміз, бұл ең алдымен, қай бағытта жүру проблемасын шешу. Орындау процесінде шаршағандықты немесе сыртқы кедергілерді жеңуге қажетті ерік күші көрініс береді.
Күрделі еріктік әрекеттер көбінесе үзақ мерзім ішінде жүзеге асады. Бірақ шапшаң әрекетті қажет ететін жағдайлар да аз кездеспейді. Ондай кезде ерік әрекеттерін буынға бөлу қиын. Олар тұтасып кеткендей болады.
Мақсатты аңғару, шешім қабылдау, мақсатқа жету жолдарын табу практикалық әрекет төңірегінде жүзеге асады. Бір қарағанда, бүкіл ақыл-ой жүмысы дене жұмысымен қатар жүріп жатқандай болып көрінеді. Бірақ, бұл олай емес. Санамен аңғарылған еріктік әрекетте бейне, ой аз ғана болса да атқару бөлімінен бүрынырақ жүреді. Қимыл мүшелері санада бейнелендірілген, ассоциациялық жолымен ми қыртысының қимыл учаскесіне берілгендерді жүзеге асырады. Бұдан кейін қимыл (әсіресе дағдылысы) сананың мұқият бақылауынсыз-ақ жүзеге асады. Санада, қимыл мүшелеріне беріліп отыратын, жаңа ассо-циациялар қүрылады жаңа мазмүн туады. Бұл, программаны (мақсатты) толық жүзеге асырғанға дейін осылай бола береді.
Шапшаң орындалатын әрекеттер адамның психикалық қызметін шиеленістіріп, Бұлшық етті шиыршық арттырады, организмнің жалпы сергектігін көтереді. Бұл жағдайда ерікті реттеу шешуші роль атқарады.
Жоғарыда, барлық кезеңі жеке адамның өзіне тән, дараланған күрделі еріктік әрекет талдауға салынды. Алайда, күнде-лікті өмірде, адам басқа адамдардын. ойынан шыққан істерді де жүзеге асырады. Мысалы, әскери міндетті өтеушілер мақсаты мен орындалу жолдары керсетілген бүйрықтарды орындайды. Мүғалім сабақ үстінде оқушыларға тапсырма беріп, сол жерде оның жолы мен қалай орындалатынын көрсетеді. Заводтағы жұмысшы агрегат немесе станок жанында не істеп, не істемеу жайы айтылған қауіпсіздік сақтау техникасы нүсқауларын бас-шылыққа алады. Бұл жағдайлардын, бәрінде мақсат пен оған жету жолдары немесе онын, әрқайсысы жеке белгіленеді. Мұндай жағдайдағы адамның өзіндік толық ерік актісі болмайды. Бірак. Бұл оның еркі жоқтығын, автоматқа, үнсіз орындаушыға айналғандығын білдірмейді. Біздің қоғамымыздағы дұрыс ұйымдастырылған коллективте жеке адамның бастамасы, оның творчестволық мүмдіндіктері еш уақытта елеусіз қалмайды және оның тапсырма шеңберінде еріктік мінез-қүлық көрсетуіне орын бар.
Бұйрық, ұсыныс, кеңестерді орйндай отырып, адам іштей _толғаныста, демек, ерік күшін көрсететін жағдайда болады. Ұлы "Отан соғысы кезінде жауға қарсы шайқасқан срвет солдаты, жау самолетімен үрысқа түокен ұшқыш, жоспарлы тапсырманы орындап жүрген жұмысшы, күрделі оқу материалын игеретін оқушы, белгілі бір адамдардың тапсырмаларын орындағанымен әрқайсысы өз еркін көрсетеді.
Мұндай жағдайда ерік күші бір кезеңнен екінші кезеңге ауысады, әрекеттің жеке адам неғүрлым өзіндік бет танытатын бөлігінде шоғырланады. Бұйрық, тапсырманы орындау кезінде де ерікті реттеуді қажет ететін ішкі қиындықтар (ықыластың жоқтығы, жағымсыз эмоциялар т. б.) пайда болады.
Мұның үстіне жеке адам тапсырманьщ орындалуына жауап-кер. Ол алдағы уақытта жүмыс сапасы, оның уақытында орын-далуы, басқа көрсеккіштер жөнінде есеп беруге тиісті. Бұл да іштей толғантып, ерік күшін туғызады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет