Эмоциялар және эмоционалдық интеллект


Адамгершілік-моральдық сезімдер



бет6/14
Дата20.11.2022
өлшемі113,21 Kb.
#159010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
кул,псих 3-4 лек

Адамгершілік-моральдық сезімдер коғамнын. қойған талабына адамның өз мінезінің лайык не лайык еместігін сезінген көніл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдык сезім деп те айтылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзі. Мағынасы — адамгершілік. Адамгершілік сезім қорамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси- идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардық әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі — белгілі бір қоғамдық- экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер
— борыш сезімі, әркімнің өз халкы алдындағы азаматтык қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге кұрмет, кішіге қамқорлық отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардын өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның еткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдык кезқарасы мен қоғамдык іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.
Адамның жоғары дейгейдегі сезімдерінін калыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен коғамдық ұйымдардың камқорлығына орай өрістейді.
Өмір сүру процесінде қалыптасатын сезімдер жүйесі мен типтік эмоциялық күйлер жеке адамның эмоциялық жағын құрайды. Индивидуалды эмоциялық көріністердің көптеген түрлерінің арасынан жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен эмоциялық қасиеттерін бөліп айту қажет.
Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық қозғыштық, эмоциялық албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады.
Эмоциялық реакциялардың индивидуалдық ерекшеліктері эмоциялық қозғыштық пен тұрақтылықты салыстырып байқағанда анық көрінеді.
Оларға тән арақатынас мына төмендегідей:
а) күшті эмоциялық қозғыштық, күшті эмоциялық тұрақтылықпен сәйкес келеді,
б) күшті эмоциялық қозғыштық, әлсіз эмоциялық тұрақтылықпен сәйкес келеді,
в) әлсіз қозғыштық, күшті эмоциялық тұрақтылықпен ұштасады; г) әлсіз эмоциялық тұрақтылықпен ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет