Эмоциялар және эмоционалдық интеллект


Жоғары сезімдер, олардың түрлері



бет5/14
Дата20.11.2022
өлшемі113,21 Kb.
#159010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
кул,псих 3-4 лек

Жоғары сезімдер, олардың түрлері


Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсер-леніп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінін жоғары дең-гейдегі саналы әрекетін, эстетикалык талғамы мен адам-гершілік- моральдық қасиеттерін сезіне білетін кәңіл-куйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердін акыл-ой (интеллектік), эстетикалык және моральдық- адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардық оқып білім алуға, ересектердін ез қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, кұбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздык әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жора-малдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Акиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақикатка қалайда кол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі — адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім — объективтік шындықты бсйнс-леп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті кабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, руханн күшін арттыру сезімі адамның емір тіршілігінде біртін деп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа панда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінін сұлулығымеп, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігі-мен эсер етіп, адамнын мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды.
Эстетикалық сезім — мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам корамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез- құлқына, дүниетанымына ыкпал етіп отыратын жа-ғымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына эсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет