Көңіл-күй — біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй, Өмір -тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталы оған куанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен, көңіл-күй дегеніміз — адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы күйі.
Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардын сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы — тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.
Аффектілердің тууы мидағы козу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты. Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртка шығады. Аффект дегеніміз — кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялык күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ерік күшіне бағындыруына болады.
Адамнық көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латыншадан аударғанда — көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады.
Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылады. Ол әркашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық — адамның белсенді іc-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары да бар. Мысалы, білімге, өнерге құмарлық -ұнамды қасиеттер. Ал ұнамсыз құмарлық адамнын еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салыну т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |