Стресс пен дистресс Адам көңіл-күйінін көріністері — сезім мен эмоцияны ақыл-ой жэне сана билейді. Сана — психика дамуыньш ең жоғары дәрежедегі сатысы. Кез келген психикалык процесті (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау т. б.) адам санасының жемісі дейміз. Солай болғандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердің бәрі де сана арқылы реттеліп отырады.
Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. «Стресс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда — зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй — соңғы 30—35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялык, жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі, дене еңбегі мен ақыл-ой арқылы аткарылатын іс- әрекеттің шиеленісті әрі қауіпті жағдайында өте шапшаң және жауапты шешім кабылдау. Мұндай жайттар эмоция тудырады. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімдеуі қажет. Бұл күй ғарышкер, ұшқыш, түрлі электр, жылу қуаттарын өндіретін станция операторлары мен автокөлік жүргізушілердің қимыл-әрекеттерінде ғана емес, айыпкердің, жазалаушы заң кызметкерлерінің, мекеме, ұжым басшыларының, оқушылардан сынақ-емтихан кабылдаушы ұстаздардың да күнделікті қызметінде жиі кездесіп отырады.
Стрестің физиологиялық негізі — американдық физиолог У. Кеннонның (1871 —1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні — ішкі организм қызметініц бір қалып-ты жагдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркен-діргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсері-нің куштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті эсер етіп, сезімдік — эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адам-ның мінез-құлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бейберекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Мұндай жағымсыз көрі-ністер дистресс деп аталады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінін, бойындағы ерік- жігерін шыңдап, табандылык пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.