Эмоциялар және эмоционалдық интеллект



бет7/14
Дата20.11.2022
өлшемі113,21 Kb.
#159010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
кул,псих 3-4 лек

Жеке адамның эмоциялық қасиеттері. Жеке адамның эмоциялық қасиетіне әсерленгіштік, қайырымдылық, сондай – ақ адамның көптеген көріністеріне, тіпті оның бүкіл психикалық келбетіне ізін қалдыратын эмоциялық сапалар және олардың жиынтығы жатады. Қайырымдылық – адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді эмоциялық сапаларының бірі. Басқа адамдардың қуанышы мен қайғысы өзінікіндей сезінетіндер – қайырымды адамдар.Қайырымдылық басқа адамның толғаныс-тебіреністерін түсіне білуді талап етеді, сонда ғана басқаның көңіл күйін сезінуге болады.
Қайырымдылыққа қарама-қарсы сапа – рақымсыздық. Мейірімсіз адам басқаларға томаға-тұйық немқұрайды қарайды.Ол тек өзі үшін ғана өмір сүреді, рухани жағынан азғындай береді. Рақымсыздықтың жоғарғы дәрежелі көрінісі
– адамға жаны ашымаушылық пен қаталдық.
Әсерленгіштік – жеке адамдық қасиеттің өзіндік бір көрінісі.
Әсерленгіштік – жеке адамның бүкіл келбетімен, ең алдымен, оның заттық дүние және айналысындағы адамдарға деген танымдық қатынасымен, оның интеллектуалдық дамуымен анықталатын эмоциялық сана. Сезгіштіктің дамуы қалыптасу үстіндегі субъектінің төңіректе болып жатқандарға қаншалықты үңіле қарайтындығына және айналадағы қандай эмоциялық реакция жасайтындығына тәуелді болып келеді.
Эмоциялы адамдар эмоциялық жағынан қозғыш, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап-еткіш» келеді. Олар үшін жиі аффектіге ауысатын тез көтерілгіштік, албырттық тән. Тебірентерлік әсер оларды баулап алады, олар бұл кезде объектінің мазмұны жөнінде ойлап пікір айтудан гөрі өз тебіреністерін талдауға көбірек беріледі. Эмоциялы мінезді адамды сипаттайтын қасиеттердің бірі - әсерленгіштік.
Сентименталды мінезділер елге, сырттай қараушылықпен сипаттайды. Айнала қоршаған дүние көңіл және эмоциялық күй призмасынан өтіп бейнеленіп тұрғандай, ол қабылдауға ғана таңбасын түсіріп қоймай, сонымен бірге адамның айнала қоршаған адамдар, заттары туралы түсінік сипатын анықтайды. Сентиментальды мінездер сезімшіл және енжар болады. Олардың сезімдері белсенді әрекет тудырмайды, көңіл күйлері сыртқа теппей бұғып жатады, әрекетпен ұштаспайды.Сезімнің өзіне бағытталуы, яғни көңіл күйін қызықтауға талпыныс байқалады.
Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және сүйікті ісіне берілген, олар мәнді де тынышсыз мол эмоциялы өмір сүреді. Олар әрқашанда бір нәрсеге құмартады. Қайырымдылық күшін сарқа жұмсау – бұларға тән қасиет. Бұлар құмарлыққа апарып соғатын үлкен , терең сезімді адамдар.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет