Адамның ерік сапалары мен ерекшеліктері оның ма-ңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, ез алдына мақ-сат қойып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалып-тасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-куатын қиын жұмыстарды орындау-ға, бастаған ісін аяқтап шығуға жүмсап, оларды калай-да жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін шыңдап, қалып-тастырады. Адамның ісі мен мінез-құлкын меңгеруі жә-не оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыста-рынан және істеген жүмыстарынан айқын байқалады.
Адамның даралық қасиеттері барлык психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам өміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс- әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып та-былады. Мұндай кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-қүлқындағы ұнамды әрі жағымды сапаларды қалыптастырады.
Еркін тәрбиелеу үшін адамға ез алдына ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уакытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жүмсайды. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.
Ерікті дағдыландыру, не жаттыктыру дегеніміз — адамның өзіне кызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді де орындап отыруға өзін-езі көндіре алуы. Мүн-дай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлықты, бытыраңқылық пен аландаушылықты және ұқыпсыз-дыкты да жсңіл, өзін-өзі мыктап колға алады. Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын, саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі максаттарды орындауға бағыттайды. Соның нә-тижесінде езін-езі билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетеді. Адам емірінде кездескен істердің қай- қайсысын болса да орындап отыру үшін іштей даярланып, кездесе-тін қиыншылықтардын бәрін де жеңіп шығуға бейімде-луі қажет.
Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланын желігін керсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие аркылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланын саналы әрекетке қабілеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дамиды.
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар көріне берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру. Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мәнін түсініп, мақсат таңдайды, ниет-тілек таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланын адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамытумен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.
Еріктің ұстаздар мен тәлімгерлердің, ата-аналардын, жалпы, ересектердін. мінез-кұлқындағы жақсы сапалары ескелең ұрпакка қашан да үлгі-өнеге болмақ. рухани тіршілігі мен жап дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.
Эмоциялық реттеу - күрделі үрдісі, оған бір-бірімен тығыс байланысты ішкі және сыртқы психологиялық факторлар әсер етеді. Мысалы, субъективті тәжірибе (сезім), танымдық жауап (ойлар), эмоциямен байланысты физиологиялық жауаптар (мысалы, жүрек қағысы, немесе гормондық әрекет) және эмоциямен байланысты мінез-құлық (қимыл әрекет) жатады. Эмоциялық
реттеу, негізінен, қандайда бір мәселеге назарды аудару үрдісі және теріс мінез- құлықты нұсқауға сай баса алу қабілеті сияқты үрдістерге де жата алады.
В.И. Моросанова өз реттелім туралы заманауи ұғымның қалыптасуындағы жүйелік тәсілдеменің ерекше рөлін атай отырып, көп деңгейлі анықтауышы бар үдеріс ретінде өзреттелімді зерттеудің керектігін айрықша баса айтады.
Н.Б. Дорошенко өзін-өзі реттеу үлгісін шолу, олардың негізгі екі құрауышы бар екенін көрсетті: өзреттелімнің бірінші мінез ерекшелігі болып мақсаттарды қоюдың динамикалық уәждемелік жүйесі, аралық қорытындыларды бағалау болып, ал екінші маңызды ерекшелігі, сонымен бірге, уәждеме жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын және когнитивтік үдеріспен байланысты сезім реакцияларын түзетумен істес болу табылады.
Е.А. Сергиенко жүйелі және субъектілік-әрекеттік тәсілдердің шеңберінде мінез-құлықты бақылау дербестіктің интегративті сипаттамасы ретінде қарастырылады және өзін-өзі бақылаудың негізі болып табылатын мақсатты қызметті қамтамасыз ететін мінез-құлықты реттеудің психологиялық деңгейі ретінде түсініледі.
Мінез-құлықты бақылауда үш компонентке бөлінеді:
Іс-әрекетті бақылау-мінез-құлық көріністерін бақылау.
Жасөспірімдер жасы-жыныстық жетілумен және ересек өмірге енумен байланысты сапалы өзгерістермен сипатталатын балалар мен ересектер арасындағы онтогенетикалық даму сатысы. Жасөспірім жас адамдарда жасының жиі өсу және жетілу кезеңі деп жиі аталатын яғни сәбидің биологиялық және психикалық тұрғыдан жетілген тұлға қалыптасатын өтпелі уақыт болып табылады. Жасөспірімдер кезеңінің шекарасы жеткілікті түрде шартты және өмірде даму мерзімдерімен қатар белгілі бір индивидуалды вариациялары қарқынды байқалады.
Шетелдік зерттеуші Б.И. Кочубей жасөспірімдердің эмоциялық сферасы мінезге тән сала екенін көрсетеді:
Өте үлкен эмоционалдық қозғыштықта жасөспірімдер қызуқандылықпен, қобалжу сезімдерімен ерекшеленіп, өзінің сезімдерін айқын білдіреді. Жаңа қызықты істерге құмарлықпен ыңталана кіріседі. Кішкентай ғана әділетсіздікке өзіні және жолдасына деген қарсы тұруға дайын тұрады;
Қорқынышты күтуге жоғары дайындық; үлкен жастағы жасөспірімнің жоғары үрейленуін арттыру әр түрлі эмоциялар тудыратын адаммен жеке тұлғалық қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты, оның ішінде қорқынышпен байланысты; күлкілі болып көрінуі мүмкін;
Сезімдердің қарама-қайшылығы: көбінесе жасөспірімдер өз жолдастарын қорғайды, бірақ олар жазалауға лайық екенін түсінеді; өзін-өзі құрметтеу сезіміне ие болғандықтан, олар реніш үшін жылай алады, дегенмен олар жылау ұят екенін түсінеді;
Жасөспірімдердің басқалардың бағалауы бойынша ғана емес, олардың өзіндік санасының өсуі нәтижесінде пайда болатын өзін-өзі бағалау бойынша да уайымның пайда болуы;
Өте дамыған сезімі тобына жату, сондықтан олар ересектердің немесе мұғалімнің құптамауын, достарының оқшаулауын, өткір және ауыр сезінеді: топтан шеттету қорқынышы пайда болады;
Достыққа деген жоғары талап қою, оның негізінде бастауыш сынып оқушылары сияқты бірлескен ойын емес, қызығушылықтарының, адамгершілік сезімдерінің ортақтығы; жасөспірімдердің арасындағы достық неғұрлым таңдаулы және интивті, неғұрлым ұзақ; достықтың ықпалымен жасөспірімдер де өзгереді, бірақ әрқашан жағымда жағына қарай емес; топтасқан достар көбейіп жатыр.
Жоғарыда атап өткендей, мінез-құлық стилінің қалыптасуы жасөспірімдік жасқа келеді. Ортақ мінез-құлықты пайдалану кезінде жас және жыныстық айырмашылықтар біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Э. Фрайденберг пилотаждық зерттеу жүргізіп, қыздардың өнімсіз стратегияларын пайдаланудың шыңы 12-14 жасқа, ал ұлдарда 14-16 жасқа келеді. Мысалы, 12- 16 жылдарға руханилық, дене белсенділігі сияқты стратегияларды пайдалануды доғарады, ал 15 жаста «кәсіпқойлыққа үндеуде», «сәтсіздік» келеді.
Т.К. Күнсләмованың пікірінше «мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз- қарасы арқылы сындырмауы».
Сонымен қатар, әлемдік тәжірибедегі эмоциялық өзін-өзі реттеу модельдерін де қарастырып кеткен жөн. Дж. Гросстың эмоциялық реттеу моделі - бұл эмоциялық реттелудің процессуалды моделі, ол уақытша континуумда эмоцияларды реттеу стратегияларының спектрін көрсетеді.
Эмоциялық реттеу екі кезеңде қарастырылады:
Эмоцияның пайда болу алдындағы кезеңдерге бағытталған стратегиялар (antecedent-focused) - эмоциялық импульсті генерациялауға дейін.
Жауап реакциясын қалыптастыруға бағытталған стратегиялар (response- focused) - эмоциялық импульсті генерациялағаннан кейін (сурет 1).
Бірінші кезең үшін модельде эмоционалдық реттеу стратегияларының 4 классы ұсынылған:
Жағдайды таңдау (situation selection);
Жағдайды түрлендіру (situation modification);
Зейін бөлінуі (attentional deployment);
Когнитивті өзгеріс (cognitive change).
Екінші кезеңде 1 класс стратегиясы ұсынылған: жауап модуляциясы (response modulation).
Сурет 1 - Дж. Гросстың эмоциялық реттеу моделі
Жағдайды таңдау. Стратегия болашақта әлі де қатысуға болатын жағдайды таңдауға бағытталған. Таңдалған стратегия өзіне де, басқа біреуге де бағытталуы мүмкін. Мысалы, ата-аналар балаларға қатысу керек немесе қатыспау керектігін таңдайды. Жағдайды таңдау стратегиясы индивид таңдаған жағдайда болжайтын эмоцияларды өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, цирктегі қойылым көру кезінде қуаныш әкеледі.
Жағдайды түрлендіру. Жағдайдың модификациясы ағымдағы жағдайды неғұрлым қалаған жаққа қарай өзгерте алатын, демек, қажетті эмоцияларға әкелетін жағдайдың өзгеруін білдіреді. Бұл көрсеткіштің стратегиялары ескі жағдайды жаңаға айналдырудың аралық кезеңі болып табылады.
Зейін бөлінуі. Зейін бөлінісі үш операция арқылы жүзеге асырылады:
объект назарының үзіндісі;
назар аударудың ығысуы;
жаңа объектіге назар аудару.
Жағдайды өзгертуге немесе өзгертуге болмайтын жағдайда зейін бөлуді пайдалану орынды. Бұл класс стратегияларының екі басты стратегиясы - бұл алаңдату және концентрация. Алаңдату - бір аспектілік жағдайдан басқа екінші жағдайға зейін көшіру (индивидтың «сүзгілеу» негізінде күрделі когнитивтік өңдеу нәтижесіндегі эмоционалдық мазмұн). Шоғырлану - жеке жағымсыз эмоцияларға зейін қою. Зейін бөлінуі эмоцияның дамуын бақылауға алып келеді.
Когнитивті өзгеріс. Когнитивті өзгеріс - бұл жеке тұлға түсінген жағдайда қалыптасқан жағдайды қайта бағалау. Бұл жағдаймен байланысты ойдың өзгеруі және осы жағдаймен бірге болу қабілетін бағалаудың өзгеруі, оны кең контекстке қосу кіреді, бұл бейімделу жағдайында ағымдағы эмоцияның қарқындылығын арттыруға немесе азайтуға немесе оны басқа эмоцияға ауыстыруға әкеледі.
Жауап модуляциясы. Осы класстың стратегиялары эмоцияны реттеуге қатысады, бұл кезде әрекет ету бағыты анықталған және физиологиялық, сыртқы және мінез-құлықтық жауапты қозғайды. Мұнда эмоциялық- экспрессивті мінез-құлық және супрессия (эмоциялар экспрессиясының бәсеңдеуі) жатады. Бұл типтегі стратегиялар эмоцияларды жасыру үшін де,
оларды әрекет ету үшін де немесе сыртқы ұстаным реакциясымен біреулерге әсер ету үшін де қолданылады.
Жасөспірімдер арасында осындай аталмыш проблемаладың кездесуіне байланысты теориялық негіздеріне сүйене отырып, тұлғаның эмоционалдық өзін-өзі реттеу процесінің қалыптастыруда келесі педагогикалық шарттарды атап көрсетуге болады:
тұлғаның жас ерекшеліктерін ескеру;
тұлғаның жеке қасиеттерін ескеру;
жеке тұлғаның іс-әрекетінің алгоритмін қалыптастыру;
проблемалы жағдайды сезіну және оны оңтайландыру шешімін қабылдау;
эмоциялық жағдайдың қалай өзгеруі туралы білімді қалыптастыру;
тұлғаның эмоционалдық жағдайының және оның қажеттілігінің оңтайлы арақатынасына қол жеткізу үшін эмоционалдық өзін-өзі реттеу процесін жалғастыру туралы шешім қабылдау;
өзін-өзі ұстай білуді дамыту-өзінің жеке эмоционалдық жағдайын және оның себептерін түсіну, жоғары шашыраңқы, тітіркендіргіш, сондай-ақ үрей мен шиеленісті жеңу.