Емтихан билеті №1


Тіл білімі және физиология



бет37/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тіл білімі және физиология.

Сонымен тіл мен ойлаудың, тілдік категоричлар мен ойлау категориялардың өз ара байланысы олардың бірінің екіншісіне ұстемдік жасауын білдірмейді.Зерттеу объектілерінің тіл мен ойлаудың өз ара байланысы тіл білімі логиканы жақындастырып байланыстырады.Ғылымның әр саласына бірдей ортақ проблемалар ортақ міндеттері тудырады.Осыдан келіп, лингвистерге тіл білімі мамандарына тілдік категорияларды ойлау категорияларымен байланысында, ал логиктерге ойлау категорияларын тілдік категорияларын тілдік категориялармен байланысында зерттеу міндеті жүктеледі.
«Адам баласының сөйлеуі неліктен?» деген мәселе соцялық проблема ғана емес, сонымен бірге физиологиялық проблема ретінде де қаралады. Сөйлеу әдетте, тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау процестерінен тыс болуы мүмкін емес.Бұл процестерді артикуляция жағынан да сөйленген сөзді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан да физиология зерттейді. Осыған орай, физиологиялық лингвисиканың тіл дыбыстарын зерттейтін саласы – фонетикамен байланысқа түседі.
Тіл білімі тілдің дыбыстық сипатына айрықша мән береді. Тілдің шығуының өзі алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерінің жетіліп дамуына байланысты.Физиолог – ғалымдар И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың зерттеулеріні арқасында ми мен сөйлеудің әрекетін танып білуде қазіргі заманғы ғылым елеулі табыстарға жетті.сигнал жүйелерінің екеуі бір-бірінен бөлек, жеке дара күйінде емес, бірге әрекет етеді. Бірінші, сигнал жүйесін сезіммен қабылдау жаңа екінші сигнал-сөзбен беріледі де, саналы түрде ұғынылады.Бұл айтылғандар сөйлеу мәселерлерді физиологияның да қарастыратынын, осылай болғандықтан лингвистиканың физиологиямен де байланысы екендігін көрсетеді.
Емтихан билеті №13
1. Тіл біліміндегі натурализм
.Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер — салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет