Емтихан билеті №1


Тіл білімі және әдебиеттану



бет40/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
2.Тіл білімі және әдебиеттану.
Лингвистика мен әдебиеттану – құстың қос қанатындай салалар. Бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Лингвистика белгілі бір тілдің табиғатын, оның өзіне тән ерекшеліктерін, даму жолы мен қолданыс аясын зерттейді. Жалпы, адам баласының қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге мәдени-ментальді болмысын танытатын тілдің ішкі және тысқы қасиет-бітімін таразылайды. Ал әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны туралы біз алғашқы дәрісімізде-ақ айтып кеткен болатынбыз. Оның ең басты нысаны – көркем мәтін. Ол жазбаша немесе ауызша болуы мүмкін. Қатар өмір сүре береді. Аталған қос ғылымның өзіне тән методологиялық ұстанымдары қалыптасқан. Материалдарды жинап, талдау жүргізіп, ғылыми-нақты бағасын беруге келгенде де олардың өз өлшемдері мен жүйелері бар екенін ескеруіміз керек.
Дегенмен әдебиеттану ғылымы мен тіл білімін ұштастырып тұратын ортақ дүниелер аз емес. Өйткені екеуінің бастауы, түпқазығы филология ғылымы болып саналады. Халықтың тілдік қазына-байлығы, болмыс-бітімі көркем әдеби мұраларда жақсы сақталады. Әдеби мәтіндерде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан тілдің өзіне тән ерекшеліктері көрініс тауып, жергілікті тіл мен әдеби норма арасындағы алшақтық да бірден көзге түседі. Сонымен қатар, өз дәуірінің айнасы іспетті болған тарихи көркем туындылардан сол заманғы адамдардың тілдік-аксиологиялық жүйесін, мәдени-рухани болмысын тани аламыз. Тілдік дискурстар мен олардың өзгеру сипатына баға беруге жол ашық, яғни әдебиет тілдің келер ұрпаққа жетуінде айрықша зор мәнге ие.
Көркем шығарманың басты материалы – тіл. Белгілі бір тілдің қазына-байлығын пайдала- нып, ондағы көркем де кестелі сөздер мен сөз тіркестерін молынан қолдану арқылы ғана әдеби туынды дүниеге келеді. Тілдің құдіретінсіз шығарма құнының артпайтыны түсінікті. Тілсіз ешбір әдеби туынды жазылмас еді. Сол сияқты, көркем шығарманың шынайы бағасын беріп, оның тілдік даралығын анықтау үшін де лингвистика ғылымының берері аз емес. Әдеби зерттеулер жасаған кезде тіл білімінің көмегі көп керек болады. Бұл әсіресе, көне әдеби қолжазбалар мен ежелгі мәтіндердің сырына үңіліп, құпиясын ашуға ұмтылған кездерде айрықша маңызды. Өйткені, ежелгі және орта ғасырлардағы әдеби мұраларда дәл бүгінгі тілдік қолданысымызда кездеспейтін лексикалық және грамматикалық бірліктер аз болмайды. Сонымен бірге, ондағы баяндаушының тілдік ерекшеліктеріне байланысты туған диалектілер мен әртүрлі сөз тіркестері, фразеологизмдер мен концептілерді ұғынуда да лингвистика ғылымының жетістіктеріне жүгі- нуге мәжбүр боламыз.
Сондай-ақ, әдебиеттанушылар көркем шығарма мәтінінің о бастағы түпнұсқасы мен кейінгі басылымдарының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашып көрсетуі үшін де мәтінтанулық ізденістерге барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет