Емтихан билеті №1


Эстетизм лингвистикалық мектебі



бет42/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Эстетизм лингвистикалық мектебі.

XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.

  1. Тілдің қызметтік, аймақтық, әлеуметтік типтері.

Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.Ауызекі сөйлеу де, кітаби немесе жазба тіл де жалпы халықтық тіл қызметінің екі түрлі көрінісі, екі варианты. Сөйлеу тілі — алғашқы, кітаби-жазба тіл — соңғы. Бұл алғашқының негізінде қалыптасады, соның материалдарын пайдаланады. Сөйлеу тілі тілдік текст жасаушылардың сандық шамасына қарай монолог, диалог немесе полилог деп аталатын түрлерге бөлінеді. Монологта тілдік текст жасаушы бір ғана адам болады, ал тілдік туынды екі я одан да көп адамдардың қатынасымен жасалса, диалог немесе полилог деп аталады.
Әдеби тіл. Әдеби тіл дегеніміз, негізінде, жазба тіл. Оның қалыптасуы жазба тілдің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық тілдің бір белгісі онда міндетті түрде жазба әдеби тіл болады. Әдеби тіл ұлт тілінің ең жоғары типі, оның өңделген, қырналған, жөнделген, ең үлгілі саласы. Әдеби тіл — жалпы халықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Әдеби тіл дегеннің не екенін түсіндіруде бірізділік жоқ. «Общее языкознание» деп аталатын академиялық еңбекте «әдеби тіл дегеннен оның қандай формада іске асуына (жазба түрде ме, ауызекі ме) қарамастан кез келген тілдің өңделген, екшелеген түрі түсініледі» деп жазады. Бұған қарағанда әдеби тіл дегенді тек жазба тіл деп түсінбеген жөн. Ал басқа көптеген әдебиеттерде әдеби тіл жазба тілмен тығыз байланыста қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет