Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет23/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Биогеохимиялық айналым.

Табиғатта болатын 90-нан астам химиялық элементтің 30-40-ы тірі ағзаларға қажет. Олардың ішінде оттек, сутек, фосфор, азот, т.б. Биосферадағы химиялық элементтер табиғи ортадан ағзаларға, олардан қайта ортаға үнемі айналып жүріп отырады. Биогеохимиялық айналым немесе басқаша зат айналым — жердің биотикалық (биосфера) және абиотикалық (литосфера, атмосфера және гидросфера) бөліктеріндегі заттардың ашық және қайтымсыз айналымы жүйесі. Табиғаттағы заттардың өзара байланысты өзгеруі мен қозғалысының бұл қайталанатын процесі циклдік сипатқа ие және тірі организмдердің міндетті қатысуымен жүреді және көбінесе адамның іс-әрекетімен бұзылады. Бұл биосфераның негізгі қасиеті, өзіне тән ерекшелігі.
Табиғаттағы зат айналымы принципін XIX ғасырдың ортасында Ю. Либиг пен Ж. Б. Буссенго тұжырымдады. "Биогеохимиялық цикл" терминін 1910 жылы В.И. Вернадский енгізген.
Биосферада болатын заттар айналымын 2-ге бөлуге болады.

  1. Газ тәрізді заттар айналымы – көміртек, оттек, азот сияқты газдар қатысып, шығын болған газдың орнын ауадағы немесе мұхиттағы сақтаулы қорлар толтырып отырады.

Шөгінді заттар айналымы – мысалы, фосфор, темір тез бұзылатындықтан, айналымын ұзаө уақытқа шығып қалады, оларды қайтадан заттар айналымына қосу үшін биологиялық процесстер жүруі қажет.



  1. Аустралиялық патшалық.

Аустралия патшалық флорасы өзгеше және эндемизмнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнда эндемик тұқымдастар қатарынан және 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Жоғарғы эндемизм бұрынғы географиялық оқшаулану, басқа құрлықтардан бөлініп тұрған аралдық орналасу жағдайында сақталады. Флораның ерекшелігі - полиморфты, бай туыс түрлерінің көптігі. Тек мирт тұқымдасынан эвкалипт туысының 525-тен астам түрі. Эвкалиптердің арасында Аустралияның ылғалды аймақтарында өсетіналып эвкалипт биіктігі 155 м-ге дейін жетеді. Аустралияның құрғақ облысында бойы аласа түрлер, ал шөлді аймақтарда - биіктігі 2,3 м-ге жететін бұталы эвкалипт (130-дан астам түр) өседі. Банксия туысының түрлері орнитофильді (құстар тозандандыратын) өсімдіктерге жатады, тозаңдандырушы - Лори тотықұсы. Аустралия флорасында дәнді бұршақты тұқымдастар (1000-нан астам түр), орхидеямирт (1000-нан аса түр, бұған эвкалипт те жатады) үлкен орын алады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Аустралияның солтүстікке қарай жылжуы бор дәуірінің ортасында басталды: Аустралия солтүстікке қарай жылжу мөлшері бойынша біртіндеп жылы климат зонасына енді. Аустралия мен Антарктиданың, ал Антарктида арқылы Оңтүстік Американың оңтүстік облыстары арасындағы миграциялық байланыс миоцинге дейін жалғасты. Бұл оңтүстік жарты шарға тән араукария тұқымдасынан, оңтүстік шамшаттың көптеген түрлерінің ортақ таксондарының болуымен түсіндіріледі. Бұл ортақ таксондар ежелгі голантарктикалық флораның қалдықтары.​
Аустралия патшалығы: Солтүстік-Шығыс Аустралия, Оңтүстік Батыс Аустралия, Орталық Аустралия немесе Эремей болып 3 облысқа жіктеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет