Патшалық
|
Патшалықша
|
Облыс
|
Географ. ерекшеліктер
|
Эндемикті таксондар
|
ПАЛЕОТРОПИКАЛЫҚ
|
Африкалық
|
Гвинея-Конголез облысы
|
Гвинеядан Камерунға, Габонға және Конго ойпатына (Заир) дейін созылады.
|
Ормандарының флорасы бай және ерекше тұт, бұршақ, пальма, аннон, панданус, т.б. тұқымдастардан тұратын ағашты өсімдіктердің 13 мыңнан астам түрі бар. Мұнда бірнеше эндемиктік тұқымдастар, эндемиктік түрлер көп. Бамбук арасында түрлі эндемиктер көптеп кездеседі. Эпифиттер, мысалы, мүйізді папортник және рипсалис кактусы.
|
Судан-Замбези
|
Ол оңтүстік Мавританиядан, Сенегалдан, солтүстік-шығыс Гвинеядан және солтүстік Кот-Дивуардан Суданға, Солтүстік-Шығыс және Шығыс Тропикалық Африкаға дейінгі африкалық саваннаның кең аумағын қамтиды.
|
Құрғақ аймақ - Судан-Замбезий облысының флорасы ерекше. Қараған түрлері, жапырақты тропикалық ормандар мен терминалия, комбретум, изоберминия түрлері, саваннада таралған дәнді өсімдік түрлері (піл шөбі, африка тарысы, т.б.) тән. Жуан діңгекті баобаб, көптеген суккуленттер өседі.
|
Карру-Намиб
|
Анголаның оңтүстік-батыс бөлігін, Намиб шөлін, Намибиядағы Намаквалендті қамтиды. Карру - Оңтүстік Африкадағы Оранжевая өзенінің оңтүстігіндегі құрғақ үстірттер мен тау аралық ойпаңдар аймағы. Шөлді саванналар (көбінесе бұталы), шөлдер, шөлейттер және далалар тән. Флорасы Кап патшалығына ұқсас, бірақ палеотропикалық элементтер басым.
|
Намибияның солтүстік бөлігінде және Анголаның оңтүстік-батыс бөлігінде вельвичия (Welwitchiaceae) тұқымдасы эндемик болып табылады. Эндемикалық тұқымдастар көп, мысалы, акантосициос (Acanthosicyos) - асқабақ тұқымдасына жататын ағаш өсімдік. Саркокаулон – қазтамақ (герань) тұқымдасына жататын ксерофит. Мезембриантемум (Mesembryanthemum), литопс (Lithops), стапелия (Stapelia), жасаңшөп (Crassula), акация (Acacia) және басқа да күрделігүлділер тұқымдасының эндемикалық түрлері тараған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |