Қосмекенділерден кваки тұқымдасы (16 туыс) мен құрбақа тұқымдасы (200 түрі) ерекше алуан түрлі,Пипа туысынан 5 түр.
Балықтардан арасынан ең алдымен ежелгі екі жағымен демалатын балық-қабыршақтылар тұқымдасынан лепидосиренді атауға болады( 1 м-ден астам), пиранья.
Патшалық ішінде 2 фаунистік облыс ерекшеленеді-Неотропиялық және Кариб теңізі.
Неотропиялық облыста орман жануарлары: сүтқоректілерден - үлпілдек опоссум (қалталы жануар), үш саусақты және екі саусақты жалқау, ағаш құмырсқа қоректі -қортық және тамандуа, кең танаулы маймылдар-кішкентайы салмағы 70 кг; ойнақы салмағы 500 г-ға дейінгі тамарин, дурукули түн маймылы –мөлшері мысықтай, капуцин,өрмекші тәрізді маймыл және салмғы 9 кг болатын ревун тән. Эндемиктер: алып мүйізтұмсық, үлкен құмырсқажегіш, капибара, жазықтық тапирі, бұта иті сомбарысмекендейді.
Облысқа тән құстар - күн көкқұтаны, ара тотықұсы, әр түрлі колибри, тукан, бүркіт– гарпия (қаршыға тұқымдасынан), адарлы ормантауық (кракс тұқымдасынан),гоацин, гвиан жартасты қоразы. Кесірткелерден - игуана алуан түрлі, ең ірісі-жасыл игуана, су айдаһары-анаконда тіршілік етеді.
Амазонкаға тән балықтар-қостынысты қабыршақты балық, электрлі жыланбалық,ұзындығы 4 м және салмағы 200 кг дейін жететін алып арапаима, судан 2м биіктікке секіретін – аравана, жыртқыш пиранийдің алуан түрлер.
Кариб облысының фаунасы - аралдық тип,салыстырмалы түрде кедей, мұнда көптеген материктік жануарлар тобы жоқ, алайда жас эндемиктердің үлесі өте жоғары (туыс және түр деңгейінде). Куба мен Пинос аралында қылшық егеуқұйрықтардың хутий тұқымдасының кеміргіштер түрі -загути.
Құстардан тоди тұқымдасы эндемик. Әрбір үлкен Антиль аралдарында өзіндік тоди эндемиктік түрі немесе жалпақтұмсықтылар мекен етеді. Колибри (кішкене шыбынколибри), трогон (кубалық трогонкубаның ұлттық құсы), көкек және тиранна эндмиктік түрлері бар. Жорғалаушылардың арасынан да эндемиктер аз емес - игуана (игуанамүйізтұмсық), айдаһар және кубалық қолтырауын.