Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Жарамсыз мәмілелер ұғымы, түрлері және құқықтық салдары



бет13/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Жарамсыз мәмілелер ұғымы, түрлері және құқықтық салдары

Азаматтық кодекстің 157-бабының 1-тармағында мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Осы қойылған талаптардың біреуі ғана сақталмай қалатын болса, онда мәмілелер жарамсыз болады және оның заңды күші болмайды.

Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыздығы келесідей түрлерге бөлінеді:

1) Субъектілі құрамының заңсыз мәмілелер.

2) Ерік білдіру заңсыздығы.

3) Мәмілелердің нысанының дұрыс еместігі.

4) Мәмілелердің мазмұнының заңсыздығы.

Ішкі еріксіз жасалған мәмілелер;

2. Ішкі еркі дұрыс көрсетілмеген мәмілелер.

Алдау, зорлық, зомбылық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілені сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайда қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені сот жәбірлеушінің талабы бойынша жарамыз деп тануы мүмкін.

Алдаудың жаңылысудан айырмашылығы оның осы мәміленің жалған екенін біле тұра және осы мәміленің жасалуына жол беруі.

Зорлық бұл азаматқа белгілі күш (ұрып соғу, бас бостандығынан шектеу) қолдану арқылы, осы күшті қолданған азамат өзінің мақсатына жету үшін, ол азаматқа күш көрсету арқылы оның сол белгілі бір мәмілеге отыруын және соны орындауын талап етеді.

Мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер Азаматтық кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.

Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.

Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет