Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері



бет10/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Еңбек шартын жасасушы тараптар:

  • Жұмыскер

  • Жұмыс беруші

Еңбек шартының мазмұны:

      1) тараптардың деректемелері:



  • жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;

  • жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);

  • жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

  • жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

      3) жұмыстың орындалатын орны;

      4) еңбек шартының мерзімі;

      5) жұмыстың басталу күні;

      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

      7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

      9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;

      10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

      12) тараптардың жауаптылығы;

      13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

      2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.

      3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.




  1. Еңбек шартының жасалуы (7 сұрақ)

Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:

1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;

3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.

Еңбек шартын жасасу кезі мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері:

1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

Еңбек шартын жасасуға жол берілмейді:

1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындауға;

2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;

3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алғанға дейін не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.

5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;

6) отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;

7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді.


  1. Еңбек жағдайларының өзгеруі

1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылады.

Жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар.




  1. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

2. Еңбек шарты:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

3. Осы баптың айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.




  1. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар

Еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

1) жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет.

Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;

2) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.

2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

3. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары туралы анықтама ұсынады.

5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.

6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.


  1. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

1. Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден басталады.

2. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін.

3. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.


  1. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

41-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ жұмыскерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыскерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде үш айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлей отырып, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ, сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа не жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне ауыстыруға құқығы бар.


Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстырған кезде жұмыскерге осы Кодекстің 127-бабында көзделген мөлшерлерде өтемақы төленеді.


  1. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар.


2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі.


  1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.


2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде не өндіріске байланысты емес денсаулығы нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.


  1. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

44-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.


Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға жатады.


  1. Еңбек жағдайларының өзгеруі

46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі

1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.


2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар.


  1. Жұмыстан шеттету

48-бап. Жұмыстан шеттету

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.


2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:

1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырмаған;

3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдаланбаған;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;

5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырылған жағдайда;

6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

3. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде жұмыскерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерді жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар.

4. Жұмыстан шеттету кезеңінде жұмыскердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленбейді.

5. Жұмыскерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс берушінің актісімен жүзеге асырылады.

6. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда жұмыскердің жалақысы сақталады.


  1. Еңбек шартын тоқтату негіздері

49-бап. Еңбек шартын тоқтату үшін негіздер:

1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

4) жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;

5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;

9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.




  1. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі

50-бап. 1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген, еңбек шартының бір тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.

Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

3. Еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс берушінің осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай, өтемақы төлемін алумен еңбек шартын бұзу құқығы көзделуі мүмкін, оның мөлшері еңбек шартында айқындалады.


  1. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері

52-бап Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:

1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;

2) жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған;

3) жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген;

4) аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;

5) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеген;

5-1) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған;

6) жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;

7) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған;

8) жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;

9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;

10) тиісті актімен расталған, алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;

11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;

12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;

13) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;

14) тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған;

15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;

16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;

17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;

18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі (жұмыс берушінің актісінде айқындалған жұмыс берушінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де бөлімшелері) басшысының еңбек міндеттерін бұзған;

19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жұмыскердің мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаты тоқтатылған;

20) жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;

21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімі жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған;

23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен атқарушы орган басшысының, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерінің, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктері тоқтатылған;

24) тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

25) жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін




  1. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

56 бап 1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.

2. Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, осы баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оны жазбаша хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.

4. Осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша хабарлама кері қайтарылып алынуы мүмкін.

5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамаларын) қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты жұмыскерлермен еңбек шартын бұзған күн болып табылады.


  1. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

57 бап 1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде;

2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;

3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;

4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;

5) бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда;

6) жұмыскер келісімшарт бойынша əскери қызметке, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.




  1. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері

58 бап 1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде:

1) жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;

2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;

3) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде жұмыскер денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.

2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.

3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді




  1. Тәртіптік жаза түрлері

Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жасағаны үшін жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік орган қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 64-бабының 1-тармағына сәйкес .жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы




  1. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі

1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жаза қолданған кезде осы Кодекстің 65 және 66-баптарының ережелері қолданылады

2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады.

Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.

4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:

1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;

2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан босатылған;

3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;

4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.


Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.


  1. Жұмыс уақыты және оның түрлері

Жұмыс уақыты – заңмен белгіленген еңбек ұзақтығы нормасына сәйкес әзірленген кесте немесе тәртіпке сәйкес қызметкерлер берілген жұмыс және өзге де еңбек міндеттерін орындауға тиіс уақыты.

Жұмыс уақытының түрлері:

1)Ұзақтығы қалыпты;

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшiн төленетiндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуi мүмкiн. 40 сағаттық жұмыс аптасы барлық қызметкерлерге таратылады, яғни қандай қызметкерлер ретінде олар жұмыс істейтініне (тұрақты, уақытша, маусымдық және т.б.), жұмыс аптасының түріне (бескүндік немесе алтыкүндік), жұмыс уақытының режимі, оның ішінде жиынтық режиміне қарамастан.


2)Ұзақтығы қысқартылған;

1.он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын

2.он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын

3.Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын

4. 1-2 топ мүгедектер .үшін-36 сағаттан аспайтын

Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.


3)Толық емес жұмыс уақыты

Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.

1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;

2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту;

3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.


  1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі

Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады. жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылатын жұмысқа он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді тартуға жол берілмейді. Егер жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жүкті әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.

Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.




  1. Түнгі уақыттағы жұмыс

Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.

Түнгі уақыттағы жұмысқа:

он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;

жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді.

Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Жұмыс беруші:

1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;

2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.




  1. Үстеме жұмыс

Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:

1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;

3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;

4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.

Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер:

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;

2) он сегіз жасқа толмағандар;

3) мүгедектер жіберілмейді.

Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.


  1. Тынығу уақытының түсінігі,түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында кызметкерлердің жұмыс уақьтты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құкығы Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзактығын, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі делінген.

Жұмыс уақыты — қызметкер жұмыс берушінің актілері мен еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек кодекстің 77-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзактығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уакыты ішінде орындауга міндетті, дегенмен уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз — жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.

Өндірістік күнтізбелікке сәйкес уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзактығы:

— 5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;

— 6 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылгы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтыгы санаттарының еңбегін қорғау, оқы мен өндірісті онтайлы ұштастыруға жағдай жасау, жеткіншектерді және еңбекке қәбілеттілктері төмендеген тұлгаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:

14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін — аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына — 4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін астасына – 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасына күніне – 6 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына — 4 күн 7 сағаттан 15 мин.

ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін — аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкердің ауыр заттарды қолымен көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды айтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте кауіпті) — белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті корғау ережелері сакталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзактығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердін және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай кысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде кызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнін көлеміне карай алады.

Толық емес жұмыс уакыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап танғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымга жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек және халыкты әлеуметгік қорғау министрінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы №493 «Бұйрығымен бекітілген «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың» 20-тармағы).




  1. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс

ҚР Еңбек кодексінің 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған. Осылайша, заң бойынша бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып саналады. Ал бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек келісімшартында белгіленеді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, мерекелер ұлттық және мемлекеттік болып бөлінеді. Осы заңның 5-бабы бойынша, елімізе мемлекеттік және ұлттық мерекелердің барлығы демалыс күні болып саналады:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

6 шілде - Нұр-Cұлтан күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (жалғыз ұлттық мереке).

Сондай-ақ, Құрбан айт сияқты мейрамдарды айтатын болсақ, түрлі пікірлерге қарамастан, заң тұрғысынан бұл күндер мейрам күндері емес, демалыс күндері болып саналады. Ерекшелігі - мейрам демалыс күніне түссе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады", - дейді заңгер. Мереке және демалыс күндері үшін төленетін ақша қалай есептеледі? Маманның айтуынша, Еңбек кодесінің 85-бабына ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс") сәйкес, мейрам немесе демалыс күндері жұмысқа шыққаны үшін берілетін өтемақының екі формасы бар. "Біріншісі - сол күні жұмысқа шыққаны үшін жұмыс күндерінің бірінде демалыс беру. Екіншісі - мейрам немесе демалыс күні үшін өтемақы төлеу. Еңбек кодексінің 109-бабына (Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу") сүйенетін болсақ, кем дегенде әдеттегі бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс. Дегенмен кей жағдайларда, мысалы, ұжымдық шартта одан да көп коэффициент көрсетілуі мүмкін. Айтып өткім келетіні, ҚР Еңбек кодексінің 2007 жылғы нұсқасымен салыстырғанда қазіргі уақытта қызметкерлерге берілетін өтемақы айтарлықтай төмендеген. Бұрындары демалыс және мереке күндері өтемақы кем дегенде екі есеге көп төленетін", - дейді заңгер. Мысалы, компания басшылығының бұйрығымен қызметкер 22 наурыз, мейрам күні жұмысқа шақыртылды. Бес сағат жұмыс істеп қайтты. Еңбек келісімшартына сәйкес, мереке күндері шыққаны үшін әдеттегіден 1,5 есеге көп ақы төленуі керек.




  1. Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;

3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.




  1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстырудың жағдайлары мен тәртібі

1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:

  • жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;

  • жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.


  1. Жалақы сақталмайтын демалыс

97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

3. Жұмыс беруші:

1) неке тіркелгенде;

2) бала туылғанда;

3) жақын туыстары қайтыс болғанда;

4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.



98-бап. Оқу демалысы

1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.

2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, оқу шартында айқындалады.

3. Жұмыс беруші «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалыстарын береді.



99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар

1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:


1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;

2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;

3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.

Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі.

4. Егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.

100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

1. Жұмыс беруші жұмыскерге:

1) ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;

2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға;

3) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысына не қамқоршысына;

4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және баланың туу туралы куәлігі немесе баланың туу фактісін растайтын басқа құжат ұсыныла отырып беріледі.

Жұмыскер бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанға дейін толық немесе бөліп пайдалана алады.

3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

4. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.


  1. Еңбекақы түсінігі

Еңбекақы — жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.Еңбекақы жұмыс уақыт бірлігіне (немесе орындалған әр тапсырмаға) байланысты төленеді. Жұмыс күні – осындай уақыт бірліктерінің ең алғашқы түрі болып табылады. Жұмыс уақытының бірнеше бөлікке бөлінуі бастаған кезі сағаттың ойлап табылуы уақытына дөп келді. Сондықтан, қазіргі таңда сағаттық төлем еңбекақының кең таралған түрі болып табылады. [1][2] Еңбекақы Ежелгі Грекияда [3] және Ежелгі Римде [3] төленген.Жалданбалы еңбек ақша мен жұмысқа кеткен уақытты байланыстыруды талап етеді. Осыған орай Мозес Финлейдің The Ancient Economy кітабында ойын білдіреді. Оның ойынша, жалданбалы еңбек үшін екі қиын тұжырымдамалық қадам керек. Біріншіден, ол еңбекті адамнан және оның жұмысының өнімінен абстракциялануды талап етеді. Егер біреу шеберден бір зат сатып алса, ол оның еңбегін емес – өнімін сатып алады. Алайда, біреуді жалдаса, ол абстракцияны – жұмыс күшін сатып алады. Екіншіден, жалданбалы еңбек жүйесі сатып алынған еңбекті өлшеу әдісін талап етеді. Әдетте бұл екінші абстракция – жұмыс уақыты арқылы жүзеге асырылады.Әлемдегі экономиканың құрылымына сәйкес, еңбекақы мөлшеріне нарық күштері (сұраныс және ұсыныс), заңнамалар және дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та нарық күштері басым түссе, Жапонияда әлеуметтік құрылымы және жұмыс өтілі маңызды рөл атқарадыЗерттеулердің айтуынша, нарық күштері басым елдердің өзінде де еңбекақы мөлшері нәсіл мен жынысқа байланысты өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мысалы, АҚШ Еңбек Статистика Бюросының айтуынша, 2007 жылы әйелдер еңбекақысы еркектердің орташа еңбекақысының 80%-ын құраған. Сол сияқты, азиялық еркектер ақ нәсілді еркектерден 16%-ға және қара нәсілді еркекетерден 36%-ға көбірек тапқан. [6] Бұл мәліметтер орташа мәндермен салыстырылған және жұмыстың түріне, мөшеріне және сапасына орай түзетілмеген.


  1. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жалақы қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай төленедi, сондай-ақ ол өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді қамтиды.

Сонымен қатар, Кодексте қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер көзделген, олар:

• айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;

• Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн;

• еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;

• үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;

• мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;

• түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;

• жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;

• жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;

• жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерiн бекітуге кепілдік береді (28-бап).

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгiленедi.

Бұл ретте, осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгiленетiн айлық жалақының ең төменгi мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерi мен әлеуметтiк төлемдердi, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымайды және жұмыс iстелген уақытқа барабар төленедi (Кодекстің 122-бабының 1-тармағы).

Осыған орай, республиканың барлық аумағында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшері мемлекеттік кепілдіктердің бірі болып табылады, жұмыс берушілердің азаматтарға одан төмен төлеуге құқығы жоқ.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн немесе бiрiншi разрядты қызметкердiң еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген айлық жалақысының ең төменгi мөлшерi немесе айлық тарифтiк ставкасының мөлшерi еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандартынан кем болмауға тиiс, ол еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн және салалық келiсiмдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн салалық арттырушы коэффиценттердi есептеуден айқындалады (Кодекстің 122-бабы).

Сонымен бірге, Кодекстің 204-бабына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен емес мөлшерде белгiленедi.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Кодекстің 238-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен реттеледі.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселелері «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңымен реттеледі.

Мемлекеттік бюджеттен тыс ұйымдарда Кодекстің 126-бабына сәйкес қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.

Бұл ретте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

Кодекстің 9-бабына сәйкес Кодекс қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне және жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылатындығын атап өту қажет.

Осыған орай, республикада қызметкелердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі тиісті нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, бұл ретте жалақыны белгілеудің қағидалары қызметкерлердің барлық санаттарына бірыңғай болып табылады, яғни жалақы қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай белгіленеді.

Жұмыс берушілер Кодекстің нормаларын бұзған жағдайда қызметкерлер өтінішпен жергілікті мемлекеттік еңбек инспекторларына немесе сотқа шағымданулары қажет.


  1. Еңбекке ақы төлеу жүйесі

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Сонымен бірге, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген.

Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады.

Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген.

Осыған байланысты, Бұйрыққа сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылмайды, тиісінше Кодекстің 139-бабында айқындалған норма оларға таратылмайды.

Яғни жоғарыда жазылғанға сәйкес азаматтық қызметшілер қатарына қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын қызметкерлер жатады


  1. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің және ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

86-бап. Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;

3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немес 1,5 мөлшерде ақы төленеді.

ҚР Еңбек кодексінің 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған. Осылайша, заң бойынша бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып саналады. Ал бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек келісімшартында белгіленеді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, мерекелер ұлттық және мемлекеттік болып бөлінеді. Осы заңның 5-бабы бойынша, елімізе мемлекеттік және ұлттық мерекелердің барлығы демалыс күні болып саналады: 1-2 қаңтар - Жаңа жыл; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр - Отан қорғаушы күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 6 шілде - Нұр-Cұлтан күні; 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (жалғыз ұлттық мереке). Сондай-ақ, Құрбан айт сияқты мейрамдарды айтатын болсақ, түрлі пікірлерге қарамастан, заң тұрғысынан бұл күндер мейрам күндері емес, демалыс күндері болып саналады. Ерекшелігі - мейрам демалыс күніне түссе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады"




  1. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар.

112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

1. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінен болғанда – жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2. Жұмыскердің кінәсінен жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс.




  1. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері

Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. "Шарт жасасқан кезде ол құжатта нақты күндер белгіленеді. Мысалы, әр айдың осындай жұлдызында төленуі тиіс деп көрсетіледі. Яғни жалақы нақтыланған мерзім бойынша аударылуы керек немесе қолма-қол берілуі мүмкін. Мұнда жұмыс берушінің жалақыны ұстап отыруға немесе кешіктіруге еш құқығы жоқ. Жұмысшы жалақыны кешіктірген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы. Бірақ жұмыс беруші сонда да жалақыны кешіктіріп, оны уақтылы төлеуден және өтемақы төлеуден бас тартса, басшылығына қатысты әкімшілік тәртіпте сотқа арыздануға болады. Инспекция сотқа жолдама береді де, қызметкер ақшасын сот арқылы азаматтық тәртіпте өндіріп ала алады. Ал ұйым ешбір қарсылықсыз еңбек шартындағы ережелерді орындаса, бұл мәселені сотсыз-ақ шешуге болады. "Қызметкердің расында да еңбек шартында көрсетілген мерзімде жалақы алмай жүргені анықталса, әкімшілік шара қолданылып, көрсетілген сомалар өндіріледі. Барлығы ұйымға байланысты - шағын кәсіпкерлік пе, коммерциялық ұйым немесе ірі кәсіпкерлік ұйым. Мысалы, ай сайын 100 мың теңге жалақы аласыз. Сіздің жалақыңызды бір ай кешіктіретін болса, Ұлттық банк бекіткен пайыз бойынша ақшаны өтеп алуға болады. Былайша айтқанда, кешіктірілген әрбір күнге ақша өтеп алуға құқығы бар. Бұл қызметкерге төленетін өтемақы - жұмыс беруші ақшаны заңсыз ұстағаны үшін заң бойынша ақша төлеуі тиіс.




  1. Материалдық жауаптылық түсінігі және құрамы

Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) үшін материалдық жауаптылығы, егер Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.

Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді.

Еңбек шарты тарабы бір мезгілде төмендегі жағдайлар туындаған жағдайда материалдық жауапкершілікке тартылуы мүмкін: а) екінші тарапқа келтірілген зиянның болуы; б) тарап іс-әрекетінің заңға қайшылығы (әрекет немесе әрекетсіздік); в) бір тараптың заңға қайшы әрекеті мен екінші тараптың зиян шегуінің арасында тікелей себеп-салдарлық байланыстың болуы; г) зиянның келтірілуіне тараптың кінәлі болуы.

Зиян көлемін анықтау кезінде тікелей нақтылы келтірілген зиян ғана есепке алынады.

ҚР еңбек кодексінде моральдық зиянды өтеу туралы ереженің жоқтығына қарамастан, жұмыс берушінің заңсыз әрекеттерінен қызметкерге моралдық шығын келтірілген барлық жағдайларда моральдық шығынның орыны толтыруға жатқызылады. Дау пайда болған жағдайда қызметкерге моральдық шығын келтірілу фактісін және оның көлемін жұмыс берушінің кінәсын, зиян келтірілген тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның дене және адамгершілік қиналысының деңгейіне байланысты сот анықтайды.

Тараптың заңсыз іс-әрекеті деп (әрекет немесе әрекетсіздік) оның заңмен, еңбек және ұжымдық шарттармен өзіне жүктелген міндеттерін орындамауымен (тиісінше дұрыс орындамауымен) байланысты іс-әрекеті танылады.

Материалдық жауапкершіліктің шарты тек заңға қайшы іс-әрекет қана емес, сонымен қатар әрекетсіздігі де танылуы мүмкін. Ол зиян келтірілудің алдын алуды мүмкін ететін қажетті іс- шараларды атқармаудан көрінеді.

Мысалы, қызметкердің заңға қайшы әрекеттері оның дұрыс қарамауы салдарынан мүлік, заттар, құрал-жабдықтар мен саймандар бұзылуы, сапасыз өнімнің шығарылуына алып келуі, материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеуі салдарынан болуы мүмкін. Тарап қызметінің заңға қайшылығының белгісі жай ғана зиян келтірілген кезде емес, заңмен тиым салынған зиян келтірілген кезде белгіленеді.

Еңбек шарты тарабының заңға сәйкес әрекеттері материалдық жауапкершілікті туындатпайды.

Тараптың әрекетімен (әрекетсіздігімен) зиян арасындағы себеп- салдарлық байланыс қызметкердің әрекетімен (әрекетсіздігімен) тікелей себеп-салдарлық байланыста болатын зиян үшін ғана материалдық жауапкершілік туындайтындығын білдіреді. Басқаша айтар болсақ, қызметкердің заңға қайшы іс- әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болған зиянның себебі болуы тиіс. Мұндай байланысты анықтау үшін істің нақтылы жағдайларымен танысу қажет және зиянның пайда болуына тікелей ықпал еткен себептері анықталуы тиіс.

Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел нәтижесінде пайда болған зиян үшін материалдық жауапкершілік тағылмайды. Мысалы, қызметкер жаңа өнімді игеру, жаңа, неғұрлым жетілдірілген технологиялық процесті енгізу кезіндет.б. жағдайларда, егер де белгілі бір қоғамдық пайдалы нәтижелерге кәдуелгі құралдардың көмегімен қол жеткізу мүмкін болмаса және материалдық шығынның алдын алу үшін барлық қол жетімді шаралар жасалса, пайда болған зиян үшін жауап бермеуі тиіс.

Материалдық жауапкершілік әдетте кінәлі әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік ретінде анықталады.

Кінә тұлғаның, өзінің заңмен қарастырылған қоғамға қарсы жасаған әрекетіне қатысты, психикалық жағдайы болып табылады. Қызметкердің келтірілген зиян үшін кінәсі екі жақты болуы мүмкін. Біріншіден, біліктілігінің жетіспеушілігі немесе қызметтік міндеттерін атқаруға немқұрайлы көзқарасы салдарынан жанама түрдегі кінә болуы мүмкін. Екіншіден, жеке мүдделілігі немесе жеке басының қамын ойлау салдарынан болуы мүмкін.

Материалдық жауапкершіліктің көлемін дұрыс анықтау үшін қызметкердің кінәлілік деңгейін анықтау қажет болады. Егер де қызметкер өзінің әрекетінің заңға қайшылық сипатын саналы түрде түсінетін, зиянды салдары болу мүмкіндігін алдын ала білетін және оның болуын қалайтын болса, бұл жағдай тікелей қасақана жасалғандығын көрсетеді. Жанама қасақаналық қызметкердің өз әрекетінің заңға қайшылығын сезінуі, зиян келтірілу мүмкіндігін болжауы салдарынан болғандығымен байланысты болады. Сонымен қатар ол зиян келтірілуін қаламайды, алайда оның пайда болуына саналы түрде жол береді немесе зиян келтірілу мүмкіндігіне қалай болса солай немқұрайлы қарайды. Байқаусызда келтірілген зиян, егер де кінәлі қызметкерден зиянның келтірілу мүмкіндігін алдын ала білуге немесе болжауға мүмкіндігі болса, бірақ ол оның алдын алу үшін тиісті шаралар қолданбаған болса, туындайды.

Зиян келтіргені үшін кінәні дәлелдеу міндеті, нормативтік құқықтық актілер негізінде өзіне сеніп тапсырылған құндылықтардың жетіспеушілігі үшін қызметкердің толық материалдық, сондай-ақ құндылықтарды бір жолға құжаттар алуға байланысты жауапкершіліктерден басқа, жұмыс берушіге жүктеледі. Мұндай қызметкерлер, керісінше, өзінің келтірілген зиян үшін кінәлі еместігін дәлелдегенге дейін, кінәлі болып есептелінеді.

Бап жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі болуы мүмкін жағдайларды анықтайды. Оның ішіне мына жағдайлар кіреді: 1) заңсыз еңбек ету мүмкіндігінен айыру салдарынан қызметкерге зиян келтірілсе; 2) қызметкердің мүлкіне зиян келтірілсе; 3) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілсе.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу мерзімін созуға, қызметкерге моралдық шығын келтіруге байланысты зиян келтірулер де орын алуы мүмкін.

Моральдық зиян – заңмен, ұжымдық еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісі арқылы бекітілген еңбек құқықтарын жұмыс берушінің заңға қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан қызметкерге адамгершілікке жатпайтын немесе дене шығыны келтірілген қайғы-қасіреттер.Жұмыс беруші қызметкерге оны еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айырған барлық жағдайларда соның салдарынан алынбаған еңбекақысының орнын толтыруға міндетті.

Қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен айыру оның еңбек ету бостандығымен байланысты конституциялық субьективті құқығын бұзу болып табылады.

Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы нақтылануы мүмкін. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауаптылықтан босатпайды.




  1. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы

122-бап. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы

1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.


  1. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы

1. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жағдайларда басталады.

2. Егер нұқсан еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, жұмыскердің жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады.

3. Жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды өтеуге міндетті.

4. Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің қолда бар мүлкінің шынайы азаюы немесе көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс беруші үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем жүргізу қажеттілігі түсініледі.

5. Жұмыскерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін нұқсан үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.

6. Жұмыс беруші жұмыскерлерге қалыпты жұмыс және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

7. Жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

8. Мынадай:

1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас) жағдайда нұқсан келтірілген;

4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген;

5) жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап бұзылған жағдайда;

6) еңбек, ұжымдық шарттарда ескерілген өзге де жағдайларда жұмыс берушіге келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге жүктеледі.




  1. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер

1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін жалақы көрсетілген міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен болмай төленеді.

3. Мерзімді әскери қызметті өткерген адамдар оны өткергеннен кейін екі ай ішінде мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады.




  1. Маусымдық жұмыс түсінігі және түрлері

134-бап. Маусымдық жұмыстар

1. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.

2. Еңбек шартында маусымдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және оларды орындаудың белгілі бір кезеңі көрсетілуге тиіс.

3. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленбейді.

4. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлермен еңбек шарты, осы Кодекстің 52-бабында көзделген негіздерден басқа:

1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатыла тұрған;

2) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

5. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскердің бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқығы бар.

6. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартының алдағы бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.

7. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төлейді.

8. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді.


  1. Вахталық жұмыс түсінігі

135-бап. Вахталық жұмыс әдісі

1. Вахталық әдіс жұмыскерлердің тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

2. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді жұмыс өндірісі объектісінде болған кезеңде тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын, жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыстарды орындау және ауысымаралық тынығу үшін жағдаймен қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық әдісті қолдану тәртібін қамтамасыз етеді.

3. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, он екі және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.

4. Объектіде жұмыстарды орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиіс.

Жұмыскердің жазбаша келісімімен вахтаның ұзақтығы ұжымдық, еңбек шарттарына сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін жұмыскердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

5. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде тоқсан ішіндегі немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді.

6. Есептік кезең шегіндегі жұмыс уақыты мен тынығу уақыты вахтадағы жұмыс кестесімен (вахталар кестесімен) бекітіледі. Есептік кезең жұмыс уақытын, тынығу уақытын, жұмыс беруші орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту жолының уақытын, сондай-ақ уақыттың осы күнтізбелік бөлігіне дәл келетін өзге де кезеңдерді қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін әрбір жұмыскердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебін жүргізуге міндетті.

Жұмыс беруші орналасқан жерден немесе жиналу пунктінен жерден жұмыс орнына дейін және одан кері қайту жолының уақыты жұмыс уақытына қосылмайды.

Жұмыс ауысымының ұзақтығы сегіз сағаттан асқан кезде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс кемінде бір сағат болып белгіленеді.

7. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысына ақы төлеу еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген жұмыс істелген айға жалақы төлеу күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.


  1. Үй жұмыскерлері және үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер

136-бап. Үй жұмыскерлері

1. Егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің пайда алуы және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса (көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) жұмыскерлер үй жұмыскерлері деп танылады.

2. Жұмыс беруші үй жұмыскерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт шығаруды және оның жұмысы туралы мәліметтерді еңбек кітапшасына енгізуді жүргізбейді.

3. Үй жұмыскерімен еңбек шартының тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудің мерзімдері, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді.

4. Үй жұмыскері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша және (немесе) сотта шешіледі.
137-бап. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер

1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі.

2. Жұмыскердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіле отырып белгіленуі мүмкін.

3. Үйде істелетін жұмысты орындау туралы еңбек шартында:

1) жұмысты жұмыскерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау;

2) жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;

3) жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.


  1. Қашықтықтан жұмыс істеу

ҚР Еңбек Кодексі 138-бап.

1. Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

2. Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.

3. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.


  1. Азаматтық қызмет түсінігі

ЕК 1-бап

азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;




  1. Еңбек даулары түсінігі

ЕК 1-бап

еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;




  1. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

ЕК 159-бап.

1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

2. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

3. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.

4. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.

Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.

5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.

6. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.

7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

8. Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті.




  1. Ұжымдық еңбек даулары түсінігі

Ұжымдық еңбек дауларында бүкіл ұжымның құқықтары, өкілеттіктері мен мүдделері дауланады және қорғалады. Мұндай дауларға бір жағынан – еңбек ұжымы немесе бірнеше ұйымдардың еңбек ұжымдары, екінші жағынан - бір немесе бірнеше ұйымдардың басшылығы қатысады. Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды:

а) еңбектің ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;

ә) кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық қатынастардан;

Сондықтан, ұжымдық еңбек дауларын еңбек ұжымының басшылықпен арасындағы және кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы еңбек даулары деп бөлуге болады.

Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:

а) еңбектің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;

ә) ұжымдық шартты, келісімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;

б) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.

Көп жағдайда ұжымдық еңбек даулары талап-арыздық емес сипатқа ие болады және ерекше тәртіпте арнайы комиссиялармен қарастырылады.


  1. Татуластыру комиссиясы

ЕК 165-бап

1. Татуластыру комиссиясы – жұмыс берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады.

Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) өз шешімін жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) назарына жеткізген не хабарламаған не ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер хаттамасын жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілдері болған кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган құрады.

2. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.

3. Татуластыру комиссиясы жұмыскерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын олар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.

4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы жұмыскерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi адамдармен консультациялар жүргiзедi.

5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады. Тараптардың біреуі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, басқа тарап хаттамада тиісті жазба жасайды.

6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.





  1. Еңбек төрелігі және еңбек делдалы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 21) тармақшасына сәйкес, Еңбек төрелігі туралы үлгілік ереже бекітілді. Еңбек төрелігінің міндеттері: 1) ұжымдық еңбек дауын сотқа дейін реттеу; 2) ұжымдық еңбек дауын қарау кезінде жұмыскерлер және жұмыс берушілердің еңбек құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек төрелігі өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды: • егер ұжымдық еңбек дауы бітімгерлік комиссия арқылы жүйелі түрде реттелмеген болса, ұжымдық еңбек дауын қарайды; • мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; • ұжымдық еңбек дауының тараптарына ұжымдық еңбек дауының туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді; • өз құзыреті шегінде қаралатын ұжымдық еңбек дауы бойынша тараптар үшін міндетті шешімдер қабылдайды. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссияның жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде құрады. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына – мемлекеттік еңбек инспекторы, Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңестің өкілі, ал қажет болғандамамандар, сарапшылар енгізіледі.

делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға


  1. Ереуіл түсінігі

Ереуіл -- Еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық еңбек дауында, өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру үшін еңбек ұжымы мүшелерінін белгілі бір мерзімге немесе жұмыс берушінің еңбек ұжымының талаптарын қанағаттандырған мерзімге дейін толық немесе ішінара жұмысты тоқтату (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттемелерін орындамау) арқылы көрінетін еңбек ұжымының күресу шарасы

Ұжымдық еңбек дауы — жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек шарттарын (жалақыны қоса) белгілеу және өзгерту, әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша ұжымдық келісімшарттарды, келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау жөніндегі реттелмеген алауыздық. Мұндай дауларды шешу тәртібі мен тәсілдері, сондай-ақ Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында ереуіл жасау құқығын іске асыру тәртібі “Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі туралы” ҚР заңында белгіленген. Заңға сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің талаптарын алғаннан кейін өздерінің шешімдерін олардың өкілдеріне үш күн ішінде хабарлауға міндетті. Жұмыскерлердің талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда алауыздықтарды шешу үшін бітістіру рәсімі қолданылады, дау бітістіру комиссиясында, сонан соң делдалдың қатысуымен немесе еңбек төрелік сотында қаралады. Бітістіру рәсімдерін ұйымдастыру үшін Ұжымдық еңбек дауын реттеу жөніндегі арнаулы қызмет құрылған. Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында тараптар қол жеткізген келісім жазбаша нысанда бекітіледі және оның тараптар үшін міндеттілік күші болады. Егер жұмыс беруші бітістіру рәсімдерінен жалтарса немесе қол жеткізілген келісімді орындаудан бас тартса, онда жұмыскерлер ереуілдермен қоса жиналыстар, митингілер, қыр көрсетулер, шерулер өткізуге құқылы.




  1. Ереуіл өткізу тәртібі

12-бап. Ереуiлдiң басталатыны туралы ескерту

1. Ереуiлдiң басталатыны және оның ықтимал ұзақтығы туралы уәкiлеттi орган жұмыс берушiнi оның жариялануына дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.

2. Ереуiл жариялау туралы шешiмде мыналар көрсетiледi:

- тараптардың ереуiл жариялауға және өткiзуге негiз болған келiспеушiлiктерiнiң тiзбесi;

- ереуiлдiң басталатын күнi мен уақыты, орны, оның ұзақтығы және қатысушылардың болжамды саны;

- ереуiлдi басқарушы органның атауы, бiтiстiру рәсiмдерiне қатысуға уәкiлдiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы;

- ереуiл өткiзу кезеңiнде атқарылатын жұмыстар (қызметтер) минимумы бойынша ұсыныстар.

3. Жұмыс берушi өнiм жеткiзушiлердi, тұтынушыларды, көлiк ұйымдарын, жұмысқа тапсырыс берушiлердi, сондай-ақ басқа да мүдделi тұлғаларды ереуiл жариялануы ықтимал екенi жайында дереу ескертуге мiндеттi.

16-бап. Ереуiлдерге шек қою

1. Ереуiлдерге:

- олар адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төндiретiн жағдайларда;

- жұмысының тоқтап қалуы ауыр да қауiптi зардаптарға әкеп соғатын темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, байланыс ұйымдарында, үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде;

- Республиканың қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын ұйымдарда;

- заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда жол берiлмейдi.

2. Халықтың өмiр сүруi қабiлетiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен басқасы, сумен, электр энергиясымен, жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететiн ұйымдарда) ереуiлдi тиiстi қызметтердiң жергiлiктi атқарушы органмен алдын-ала келiсiм негiзiнде анықталатын, халықтың өмiр сүруiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi деңгейi сақталатын жағдайда ғана өткiзуге болады.


  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

« Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы » Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып , жұмысшының қорғалу жағдайы ..
Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық , әлеуметтік - экономикалық , ұйымдастырушылық - техникалық , санитарлы - гигиеналық , емдік - профилактикалық , қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе .

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері

еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайын бақылауды жүзеге асырады ;

жұмыс орындарындағы және ұжым территориясындағы зиянды өндірістік факторлар туралы жұмысшыларға ақпарат беру ;

• Жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алып , техникалық жабдықтарды қауіпсіз етуп жаңартаып отыруы тиіс ;

• Жаңа технологияларды енгізу кездерінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясында нормативтер мен ережелерге сай оқытуды ұйымдастару ;

• Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу ; жұмысшыларды өз қаражаты есебінен арнайы киімдермен , аяқкиімдермен және өзін өзі қорғаудағы жеке жабдықтармен қамтамасыз ету ;

• өнідірістік процестер мен жұмыстардың қауіпсіздігіне байланысты жұмысшыларды арнайы сақтандыру құжаттарымен қамтамасыз ету ;

• еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы жауапты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты білімдерінөкілетті органдар бекіткен ережелерге сәйкес тексеру ;

• Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімдік бақылаулар мен медициналық тексеруден өткізу , сонымен қатар кәсіби ауырулар туындаған жағдайдағы басқа қызметке ауыстыру ;

• Жұмысшылардың санитарлы - гигиеналық жағдайын , профилактикалық жұмысқа қажетті жабдықтармен , медициналық аптечкамен , басқа да залалсыздандыру құралдарымен сонымен қатар арнайы киімдер мен аяқкиім жөндеуді қамтамасыз ету ;

• Қазақстан Республикасының заңнамасы негізіндегі тәртіп бойынша өндірісте болған қайғылы жағдайларды зерттеуді қамтамасыз ету ;

• еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы ережесі мен нормаларына сәйкес эксплуатациядағы барлық негізгі қорларды әкелу ;

• еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне келген зияндарға жауапкершілікті сақтандыру ;

• жұмысшылар мен мамандардың зиянды және қауіпті жағдайларында гигиеналық білімін арттыруды қамтамасыз ету ( жалпы және кәсіби аурулар жөніндегі санитарлық минимум );

• басқа тұлғаларды жарақаттау факторлары мен апат жағдайларын алдын алулы жүзеге асыруды қамтамасыз ету ;

• зерттеу басталғанға дейін егер ол адам өміріне қауіпсіз болса, апат болған сәтті сақтау, егер сол жағдайды сақтау мүмкіндігі болмаса, сол сәтті есте сақтау үшін сызбалар немесе фотосуреттер пайдалану


  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары

Нұсқамалар сипаты мен жүргiзiлу уақытына қарай былай бөлiнедi:

1) кiрiспе;

2) жұмыс орнындағы алғашқы;

3) қайталама;

4) жоспардан тыс

5) мақсатты.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама қызметкерлердің бiлiмiне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе және алғашқы нұсқама уақытша қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi.

Сондай-ақ кiрiспе нұсқаманы өндірістік алаңдарға барған кезде келушілерге және ұйымның қауіпті өндірістік объектісі аумағында жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымның қызметкерлеріне жүргiзедi.

Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе осы мiндеттер ұйымның бұйрығымен жүктелген адам жүргiзедi.




  1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні және реттеу әдістері

Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.

Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).

Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

• Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.

Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.




  1. Азаматтық құқық қағидалары

Азаматтық құқық қағидалары депоның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Азаматтық құқықтың қағидалары:

− азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық мәртебесінің теңдігі;

− меншікке қол сұқпаушылық;

− азаматтық-құқықтық шарттың еркіндігі;

− мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;

− азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері-кәсіпкерлер ме тұтынушыларды қорғау;

− несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

− азаматтық-құқықтардың қорғалуы.




  1. Азаматтық құқық жүйесі

азақстанның  азаматтық  құқығы  пандектілік  жүйе  моделімен құрылған 

(pandectnae – жан-жақты, ауқымды), оның негізін кезінде рим құқығы  қалаған, ал  бұл модель  бұдан бірнеше ғасыр бұрын гермен құқығында барыгша  кең  таралған. Әлбетте, бұл модель  өмірге келгеннен кейінгі көптеген  жылдар ішінде оны  қабылдаған  әр түрлі мемлекеттерде  мұндай  жүйе  белгілі  бір  дәрежеде өзінің  бастапқы үлгісінен  алшақтап кетті. Қазақстан  Республикасында жүйенің  бірінші буыны жалпы  ережелер  болып табылады, оның  қағидалары азаматтық –құқықтық нормалар  қамтитын қатынастар  шеңберін, бұл нормалардың заңдық  күші  жөнінен арақатынасын, олардың  уақыт  ішінде,  кеңістікте және  адамдар  жөнінде  әрекет  етуін,  жарамдылық  жағдайларын, түсіндірілуі  мен  жүзеге  асырылуын  анықтайды.  Азаматтық құқықтардың  барлық  түрлері  туралы, оларды  қорғау  туралы, азаматтық  құқықтағы  мерзімнің  маңызы туралы  нормалар да  осы  бөлімге енгізіледі.  Бұл  ережелер  мен  нормалардың күші  кейінгі  бөлімдер мен  институттардың  барлығына  таралып, осы  арқылы  жалпы  ережелерде  қамтылған  қағидаларды ҚР АҚ –ның айтарлықтай  жеке  заңдары  мен жеке  бөлімдеріне  енгізбеуге мүмкіндік  береді. Осымен  бірге,  азаматтық құқықтың  әрбір  бөлімінің  өзіндік  тар  шеңберінде өзіндік жалпы ережелері  болатынын  ескеру  керек. Жалпы  ережелер «Азаматтық  құқық  субьектілері», «Меншік құқығы», «Міндеттемелі құқық» бөлімдерінде  айқын  бөліп көрсетілуі мүмкін.

Азаматтық құқықтың  біртұтас  жүйесінде  жалпы  ережелерден кейін азаматтық құқықтар  мен  міндеттердің  субьектілері, олардың  құқық  қабілеттілігі  және  әрекет қабілеттілігі , құқық субьектіліктің  пайда  болу,  өзгеру  және  тоқталу  негіщдері  туралы бөлімдер  келеді. Азаматтық құқықтар мен азаматтық міндеттер субьектілерінің ж түрлерінің , негізінен алғанда , заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесін  анықтау, мұндай  субьектілердің  азаматтық-құқықтық  қатынастар  саласындағы өкілдігі  туралы мәліметтер де  осында  келтіріледі.

Меншік  құқығы  және  өзге де заттық  құқықтар  туралы  заңдық  нормаларды  біріктіру  келесі  үлкен  бөлім  болып  табылады. Бөлім  заттық  құқықтар  субьектілерінің  өкілеттігі,  олардың  пайда  болу  және  тоқтатылу негіздері, заттық  құқықтарды  бұзушылықтан  қорғаудың  ерекше  әдістері  ұғымын  қамтиды.

Нақты  тұлғалар  арасындағы құқықтық  қатынастарды  реттейтін  міндеттемелік  құқық  азаматтық  құқықтың  ең үлкен  бөлімі  болып  табылады. Мұнда  нақты тұлғалардың  біреуі екіншісінен  белгілі бір  іс-әрекеттерді  жасауды  талап етсе, екіншісі – мұндай  талапты орындауға  міндетті  болады.

Міндеттемелік құқық  жалпы  бөлімге  және  көптеген  институттарға  бөлінеді.  Жалпы  бөлімде  міндетемелердің  барлық түрлерін  реттеу  кезінде  қолдануға  тиісті  ережелер болса, институттардың әрқайсысы  міндеттемелердің  жекелеген  түрлерін ( сатып  алу-сату, мердігерлік, банктердің  клиенттермен  қатынасы,  тасымалдау және  басқалары ) реттейді.

Азаматтық  құқықтың  келесі  бөлімі шарттан тыс міндеттемелер (деликт) деп аталатын  міндеттемелерді қамтиды,  олар  азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға олармен шарттан тыс қатынастары арқылы  зиян  келтіретін  әрекеттерінен туындайды.

Бізде  қабылданған  жүйе  бойынша  деликтіден к ейін  интеллектуалдық  қызметті  қалыптастыруға  және  пайдалануға, яғни  интеллектуалдық меншік  құқығының пайда  болуына  және  жүзеге  асырылуына  байланысты  қатынастарды  реттейтін  көлемді  бөлім  орналасады. Заңдар мен  қолданыстағы  практика  бұл   бөлімді  екі  бөлімшеге – авторлық  құқыққа және патенттік  құқыққа бөледі. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер  шығармаларын  жасау  және  пайдалану  қатынастарын  реттесе,  патенттік құқық - өнеркәсіп  пен  өндірісте  шығармашылық қызметтің нәтижелерін пайдалануды  қамтиды. Бұл  бөлімше  көбіне өнеркәсіптік  құқық деп  аталады. Азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыру  құралдары  туралы  нормалар  деп  осыған қосылады./2.5., 4-5 бб./

Азаматтық  қайтыс  болуына және қайтыс  болған  адам  мүлкінің  оның мұрагерлеріне  өтуіне  байланысты мұрагерлік  қатынастарды  реттейтін мұрагерлік құқық  азаматтық  құқық жүйесінің  қорытынды  бөлімі  болады./ 2.5.,4 бет./

Шетелдік  элементтермен  күрделеніп  кеткен,  яғни  халықаралық  жеке  құқық деп  атауға  болатын бөлімді – азаматтық-құқықтық  қатынастардың барлық  түрлеріне жататын бөлімді арнайы  бөліп көрсету керек. Бұл бөлім қазақстандық  азаматтармен және заңды  тұлғалармен  алуан  түрлі  азаматтық-құқықтың қатынастарға  түсетін  шетелдік азаматтар мен шетелдік  заң  тұлғалардың заң  жүзіндегі  мәртебесін,  сондай-ақ  осы  құқықтық қатынастарға  таралатын және  олардың  ережелері  бойынша  қатысушылардың  арасындағы  даулар  шешілуге тиісті  құқықты таңдау  өлшемін  анықтайды.

Дәстүр  бойынша азаматтық құқықтың  барлық  саласын  заң  шығаратын және  зерттелетін  материалының  құрылымы бойынша екі  бөлікке  бөлу  қабылданған:  жоғарыда  баяндалған  схема  бойынша (міндеттемелік  құқықтың  жалпы  бөлімін қоса)  орналастырылған құқық  нормаларын  қамтитын жалпы  бөлім және  ерекше бөлім (жеке  міндеттемелік құқықтық  институттардан  халықаралық жеке  құқыққа дейін қоса).

Сондықтан да, Азаматтық  құқық жалпы  және ерекше  бөлімдерден тұрады. Оның өздері  алты бөлімшеден тұрады:



    1. Жалпы  ережелер;

    2. Меншік  құқығы және өзге де  заттық құқықтар;

    3. Міндеттемелік құқық;

    4. Интеллектуалдық  меншік  құқығы;

    5. Мұрагерлік құқық;

    6. Халықаралық  жеке құқық.

Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ:

     Азаматтық құқықтың  жүйесінің бірінші буыны – жалпы ережелер болып аталады. Онда азаматтық –құқық қатынастар, азаматтық  заңдардың  негізгі бастаулары, ҚР азаматтық  заңдары, олардың  уақыт  ішінде, кеңістікте  және  адамдар  жөнінде  әрекет етуін,  жарамдылық  жағдайларын, азаматтық құқықтар мен  міндеттердің  пайда  болу  негіздері, оларды  жүзеге  асырылуы, қорғауды  анықталады.

Азаматтық  құқықтың  екінші  бөлімі – Меншік құқығы.

Меншік құқығы  дегеніміз -  субьектінің  заң  құжаттары  арқылы  танылатын  және қорғалатын  өзіне тиесілі  мүлікті  өз  қалауынша  иелену,  пайдалану  және  оған  билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле  жаслған  кезде  болған  барлық жүктемелерімен басқа  адамға беріледі.

Меншік құқығы жеке меншік және  мемлекеттік меншік  құқығы болып  табылады.

  Үшінші бөлімі – Міндеттемелік  құқық болып  табылады. Мұнда міндеттеме  ұғымына тоқталсақ, міндеттемеге  сәйкес  бір  адам басқа  адамның  пайдасына  мүлік  беру,  жұмыс  орындау,  ақша  төлеу және т.б. сияқты белгілі  бір  әрекеттер  жасауға, не белгілі  бір  әрекет  жасаудан  тартынуға  міндетті , ал несие беруші борышқордан өз  міндеттерін орындауын  талап  етуге құқылы.

Азаматтық  құқықтың  төртінші  бөлімі – Инттеллектуалдық меншік  құқығы. Оған  мыналар кіреді:



      1. интеллектуалдық  шығармашылық  қызметтің  нәтижелері;

      2. азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет  көрсетулерді  дараландыру  құралдары .

      Біріншісіне   ғылым, әдебиет, өнертабыс, селекциялық   жұмыстар тағы  басқалар жатады. Ал, екіншісіне фирмалық  атаулар,  тауарлық белгілер, тауар шығаратын   жердің  атаулары жатады.

     Бесінші   бөлімі – Мұрагерлік  құқық.

Мұрагерлік – қайтыс  болған  азамат  мүлкінің  басқа  адамға – мұрагерге  ауысуы.

   Мұрагерліктің   негіздері:



  1. Мұрагерлік  өсиет  немсе заң  бойынша  жүзеге  асырылады.

  2. Өсиет қалдырылмаған не  бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, мұрагерлік  заң  бойынша  орын  алады.

     Азаматтық   құқық  жүйесінің ең  қорытынды  бөлімі  - халықаралық  жеке  құқық болып  табылады.

Шетелдік азаматтардың  немесе  заңды  тұлғалардың  қатысуымен  нем өзге  де  шетелдік  элемент  шиеленістірген  азаматтық-құқықтық  қатынастарға қолдануға  тиісті құқық ҚР Қылмыстық Кодекстің, өзге де заң  актілерінің , ҚР бекіткен  халықаралық  шарттардың  және  танылған  халықаралық ғұрыптардың негізінде  анықталады.

Бірақ та,  жоғарыда айтып кеткендей, азаматтық құқық жүйесі әдістемелік жағынан жалпы және ерекше бөлімнен  тұрады.

      Азаматтық  құқықтардың  субьектілеріне  келсек, ол  1) ҚР азаматтары  мен   және басқа  жеке  тұлғалардан; 2) заңды  тұлғалардан  тұрады. 

Жеке тұлға  ұғымы.

ҚР азаматтары,  басқа  мемлекеттердің  азаматтары, сондай-ақ  азаматтығы  жоқ адамдар  жеке  тұлғалар болып  ұғынылады./1.2., 8 бет./

Азаматтық  құқыққа  ие болып, міндет  атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп танылады.

Және де осы бөлімде  азаматтардың әрекет қабілеттігі, азаматтардың  кәсіпкерлік қыщметі, мүліктік  жауапкершілігі, азаматтарды өлді деп жариялау, хабар-ошарсыз кетті деп тану тағы басқа мәселелер оқытылады.

  Заңды тұлға ұғымы

      Меншік, шаруашылық  жүргізу немесе басқару құқығындағы  оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен өз  міндеттемелері  бойынша жауап беретін, өз  атынан мүліктік және  мүліктік емес жеке құқықтар  мен  міндеттерге ие  болып, оларды жүзеге асыра  алатын,  сотта талапкер  және  жауапкер  бере алатын ұйым  заңды тұлға болып табылады./ 1.2., 14 бет./

Заңды  тұлғаның  түрлері

Өз қызметінің  негізгі  мақсаты  ретінде  табысын  келтіруді  көздейтін (коммерциялық  ұйым) не  мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын  және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық  емес ұйым) ұйым  заңды тұлға бола  алады.

Коммерциялық  ұйым болып  табылатын заңды  тұлғаға:


  1. мемлекеттік  кәсіпорын;

  2. шаруашылық  серіктестік;

  3. толық серіктестік;

  4. сенім  серіктестік;

  5. жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік;

  6. қосымша  жауапкершілігі бар  серіктестік.

3. акционерлік  қоғам;

4.өндірістік  кооператив.

Азаматтық құқық обьектілері

Мүліктік  және  жеке  мүліктік емес  игіліктер мен  құқықтар  азаматтық құқық  обьектілері  болып  табылады.




  1. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы




  1. Құқық және заң ұқсастығы

13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі

1. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде заң ұқсастығы немесе құқық ұқсастығы қолданылуы мүмкін.


2. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, заң ұқсастығы қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде құқық ұқсастығы пайдаланылады.
4. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану процесінде жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңнамалық актілермен айқындалады.


  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы және түрлері

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларда реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Азаматтық - құқықтық қатынастар ерікті болады. әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық – құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда тауар – ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық – құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық – құқықтық реттеудің оъектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық –құқықтық қатынастарың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық –құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өқілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұынын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық - құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық - құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық – құқықтық қатынстардың мынадай түрлерін ажыратады:

  • мүліктік қатынастар;

  • мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

  • мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;

Азаматтық –құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық –құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық –құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу – сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шгығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т.с.с.), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталғвн құқықтық қатынастар мүліктік емсе болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтыр мен игіліктер – ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық – құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысыалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірегн адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолютті құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда – тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.
Азаматтық – құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық – құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы). Затық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адщамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандайда бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекетте жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен авторың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі - әдеби шығарма болады.


  1. Мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастары

Азаматтық құқық құқық саласының дербес түрі болып табылады. Бұл оның өз пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар екендігін және жалпы құқық жүйесінде арнайы қызметтерді атқаратынын білдіреді. Азаматтық құқық қоғамдық қатынастардың келесі түрлерін реттейді:

1) мүліктік қатынастар, яғни белгілі бір мүліктің нақты бір тұлғаға тиістілігімен немесе мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуымен қатысты қатынастарды реттейді;

2) мүліктік қатынастармен байланысты және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Олардың пәні тұлғадан ажырамайтын материялдық емес құндылықтар жатады(есім, ар-намыс, қызметтік репутация, ұйымның фирмалық атауы, оның өндірістік маркасы, тауар белгісі және т.б).

Бірақ бұл қатынастар теңдік, ерік автономиясы және оның қатысушыларының мүліктік дербестігі қағидаларымен негізделген жағдайда ғана азаматтың құқықтың әрекет ету аумағына жатады.

Әкімшілік немесе бір жақтың екінші жаққа бағынуымен негізделген мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен (азаматтық заңмен) реттелмейді. Олар басқа құқық салаларының реттеуіне жатады.

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушыларына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар (әртүрлі ұйымдар) жатады. Сонымен қатар, азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға мемлекет және өзін - өзі басқару органдары қатысуы мүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынастарда заңдық теңдік қатынасы сақталады. Бұл құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың бәрінен бұрын қалыпты экономикалық – қоғамдық қатынастарды реттеу ролі мен түсіндіріледі. Азаматтық құқықтың негізгі әрекет ету аумағы болып тауар айналымы, тауарлық және өндіріп алу қатынастары табылады.

Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші құқықтық нормалар жиынтығы ретінде азаматтық құқыққа азаматтық заң сәйкес келеді. Азаматтық заң ҚР ерекше дербес қызметіне жатады, яғни азаматтық құқық нормаларын құрайтын қандай да бір актілерді оның субъектілері және жергілікті өзін - өзі басқару орғандарының қабылдауына жол берілмейді. Осындай бағытпен ҚР барлық территориясында экономикалық кеңістіктің тұтастығын қамтамасыз етеді.



  1. Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері

Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Азаматтық-құқықтық қатынас - бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда, біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз керек. Құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады:

*субъектілер (қатысушылар)

*объектілер (құқықтар мен міндеттерге қатысы бар мүліктік және мүліктік емес

игіліктер)

*мазмұны (құқықтармен міндеттер)

Азаматтық құқықтық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, Әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.

Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі - мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз


  1. Азаматтық құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері

Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Азаматтық заңды фактілер – қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы. Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.

Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;

5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;

6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.




  1. Жеке тұлғалардың құқық субьектілігі (құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі)

Құқықтық қабiлеттiк бұл – құқықта танылатын азаматтардың азаматтық құқығы болуы мен азаматтық мiндеттер атқаруының мүмкіндігі. Өмiр сүрiп отырған адам, тірі болғанда, ол құқықтық қабiлеттiкке ие болады. ҚР АК 13-шi бабында азаматтың құқықтық қабiлеттiгi оның тууы кезінде пайда болатынын және өлiммен тоқтайтынын бекiткен.

Азаматтық құқық қабiлеттiк мазмұны (ҚРАК 14бабы) мына мүмкіндіктерден тұрады:

- меншiк құқығында дүниеге ие болу;

- дүниенi мұра етiп мұраға қалдыру;

- кәсiпкерлiк және басқа да заң арқылы тыйым салынбаған қызметпен шұғылдану;

- заңды тұлғаны құру;

- заңға қайшы келмейтiн кез-келген мәмiлеге келу және мiндеттемелерге қатысу;

- тұратын жерiн сайлату;

- ғылымның, әдебиет және өнердің шығармасында авторлық құқығы болу;

- басқа мүлiктiк және дербес мүлiктік емес құқықтарды алу.


Әрекет қабілеттілігі бұл – азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарын іске асыруы мен жасай алуы және өзіне азаматтық міндеттемелерді құру мен оларды орындай алу қабілеті.

Әрекетке қабілеттілік мына жағдайда толықтай пайда болады: кәмелет жасқа толғанда; 16 жасқа толған соң кәмелет жасқа толмаса да рұқсат етілген некеге тұру жағдайларында сол кезден бастап пайда болады.

Әрекетке қабiлеттiлiк мынадай элементтерден тұрады:

- адам тәуелдi құқықтарды өз алдына жүзеге асыра алатын қабiлеттiлiгi;

- келісімшарттар жасай алу қабілеті;

- сол арқылы өзіне жаңа міндеттемелер жүктеу және құқықтарға ие болу;

- заңға қайшы әрекеттерімен келтiрiлген зиянға азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi ала білу қабілеті (деликтіге қабілеттілік).

Жас критерийлеріне байланысты азаматтарды былайша бөлуге болады:

1) толығымен әрекетке қабілетті тұлғалар (жоғарыда аталған тұлғалар, яғни 18 жасқа толған, некеге тұрған азаматтар);

2) 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті емес тұлғалар;

3) 14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар.


  1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің мазмұны (ішінара)

Әрекет қабілеттілігі бұл – азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарын іске асыруы мен жасай алуы және өзіне азаматтық міндеттемелерді құру мен оларды орындай алу қабілеті. Әрекетке қабілеттілік мына жағдайда толықтай пайда болады: кәмелет жасқа толғанда; 16 жасқа толған соң кәмелет жасқа толмаса да рұқсат етілген некеге тұру жағдайларында сол кезден бастап пайда болады.

Жас критерийлеріне байланысты азаматтарды былайша бөлуге болады:

1) толығымен әрекетке қабілетті тұлғалар (жоғарыда аталған тұлғалар, яғни 18 жасқа толған, некеге тұрған азаматтар);

2) 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті емес тұлғалар;

3) 14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар.(ішінара)

Ішінара әрекет қабілеттілік. 14-18 жас дейінгі кәмелетке толмғандар мәмілелерді олардың заңды өкілдерірнің келісімімен жасайды. 14-18 жас дейінгі кәмелетке толмғандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасалған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондй-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы




  1. Азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеу тәртібі мен құқықтық салдары

Қабiлеттiлiк – тек қана заңмен белгiленген жағдайда ғана шектеліне алатын азаматтың айырылмайтын қасиетi. Қабiлеттiлiктiң көлемiне жас шамасына байланысты белгiден тысқары және тұлғаға сәйкес қабiлеттiлiкте шектелген немесе одан айырылатын дәрiгерлiк белгi де ықпал етедi

Әрекет қабілеттілікті шектеу негізі: егер iшкiлiк немесе есiрткi заттарын пайдаланып, соның салдарынан өз жанұясын ауыр материалдық жағдайға қалдырса, сот азаматты әрекетке қабілеттіліктен шектете алады (ҚР АК 27б).

Мұндай азамат майда тұрмыстық мәмiлелерiн өз алдына жасайды және өз мiндеттемелері бойынша мүлiктiк жауапкершiлiктi өз беттерiнше алып жүредi. Әрекеттік қабілетіне шектеу қойылған азаматтың басқа мәмiлелерді шешуге, сонымен бiрге еңбек ақысын, зейнетақыны және басқа табыстарды алуға және оларды иемденуге тек қана қамқоршы келiсiмiмен ғана құқығы бар.

Азаматтың әрекетке қабілетсіздігіне негіз болған жойылған кезде ғана сот оны әрекетке қабілетсіздігі шектеулі деп тануы туралы шешімін қайтарып алады.




  1. Азаматтың әрекет қабілеттілігін жоқ деп тану және оның құқықтық салдары

Азаматты әрекетке қабiлетi жоқ деп табу. психикалық бұзылу салдарынан өз әсерлерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе оған басшылық ете алмайтын азамат сотпен (ҚР АК 26-шы бап) қабiлетi жоқ деп мойындалады.

Психикалық бұзылу жан күйзелiсінің, ақылсыздықтың, есiрткi заттарын қолданудын және т.б. нәтижесі болуы мүмкін. Психикалық бұзылу туралы жеткiлiктi мәлiметтердi алу үшiн сот психиатриялық сараптама тағайындайды.

Сараптамалар қорытындысы және басқа да мәліметтер негізінде сот азаматтың өз әрекеттерін түсіну және басқара білу қабілеті туралы шешім жасайды (мысалы, нашақор нашақорлық құралдарды алу мақсатында дәріханаға келу арқылы өз әрекетінің мәнін түсінеді, бірақ оны басқара алмайды).

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат ешқандай келісімдер жасай алмайды, сонымен қатар ұсақ тұрмыстық келісімдер де жасай алмайды. Оған бақылау, қамқорлық бекітіледі және келісімдерді оның атынан қамқоршысы жасайды.

Егер де оны әрекетке қабілетсіз деп таныған негіздеме жойылса, сот оны әрекетке қабілетті деп таниды.


  1. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның құқықтық салдары

Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану

1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.

2. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.

Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн сақтау

1. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкiне сот шешiмiнiң негiзiнде қорғаншылық белгiленедi. Осы мүлiктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға мiндеттi адамдарды асырауға қаражат берiледi және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да мiндеттемелер бойынша берешегi өтеледi.

2. Мүдделi адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлiктi сақтау және басқару үшiн хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерi туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн де қорғаншы тағайындай алады.

Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнiң күшiн жою

Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам келген немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы және оның мүлкiне қорғаншылық белгiлеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.




  1. Азаматты және өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары

Азаматты өлдi деп жариялау

1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн.

2. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшi немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемiнде екi жыл өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы мүмкiн.

3. Өлдi деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күні өлдi деп жарияланған адамның өлген күнi болып есептеледi. Өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлдi деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнiн оның өлген күнi деп тануы мүмкiн.

4. Адамды өлдi деп жариялау туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелерi де нақты өлiм туралы жазбаның нәтижелерi сияқты болады.

Өлдi деп жарияланған адамның тiрi оралуынан туындайтын жағдайлар

1. Өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды.

2. Азамат өзiнiң қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн көшiп, сақталып қалған мүлкiн қайтарып берудi талап ете алады.

3. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкiн оның заңды мұрагерi үшiншi бiр адамдарға берiп, олар мүлiктiң сатып алу бағасын адам тiрi оралған кезге дейiн толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тiрi оралған адамға көшедi.

4. Өлдi деп жарияланған азаматтың мүлкi ақысы төленетiн мәмiле бойынша өзiне көшкен адамдар оған бұл мүлiктi қайтаруға, ал оларда мүлiк жоқ болған жағдайда, егер мүлiктi алған кезде олар өлдi деп жарияланған азаматтың тiрi екендiгiн бiлгенi дәлелденсе, мүлiктiң құнын өтеуге мiндеттi.

5. Мүлiктi иелiктен шығарушы адам өлдi деп жарияланған адамның мүлiктi иелiктен шығару кезiнде тiрi екендiгiн бiлген болса, мүлiктi қайтарып беру немесе оның құнын өтеу мiндетiн мүлiктi алушымен бiрге мойнына алады.

6. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп, сатылып кеткен болса, адамды өлдi деп жариялау туралы шешiмнiң күшi жойылғаннан кейiн оған мүлiктiң құн төленетiн күнгi нарықтық бағасы ескерiле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады.




  1. Азаматтық құқықтық қатынастарындағы қорғаншылар мен қамқоршылар

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация)

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.

2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.

3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi

1. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды.

2. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының кәмелетке толмағандардың мәмiле жасауына және кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле жасауға келiсiмi

Заң құжаттарында кәмелетке толмағандардың мәмiле жасауына және кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле жасауға қорғаншылық және қамқоршылық органының алдын ала келiсiмi талап етiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн.

Кәмелетке толмағандардың банкiлерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы

1. Кәмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы.

2. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.


  1. Заңды тұлға ұғымы және белгілері

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Теориялар:

Жалған теория. 19ғ пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы Савиньидің есімімен байланысты.

Савиньи тұжырымдамасы

1) Жеке тұлғалар өздігінен өмір сүрді, құқық оларды тек таниды. Ал заңды тұлғалар өмір сүрмейді, олар құқықтық жолмен өмірге келеді.

2) Заңды тұлғалар рұқсат ету тәртібімен құрылады, мемлекеттік нұсқаудың негізінде қалыптасты.

3) Заңды тұлға арнайы құқық қабілеттілікке ие.

Шыңдық теория. Негізінен қалаушы органикалық мектебінің өкілі Гирке. Заңды тұлға жеке құбылыс ретінде өмір сүрді, оны тек тіркеу жолымен тану қажет.

Заңды тұлға белгілері;

1) мүліктік оқшаулық

2) өз міндеттері бойынша жауап бере алады;

3) өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие бола алуы;

4) сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым;

5) мүліктік жауапкершілік.




  1. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.




  1. Коммерциялық заңды тұлғалардың құрамы

Өз қызметтің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін ұйым коммекрциялық заңды тұлға деп аталады.

Оның нысандары:

Мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив


  1. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құрам

Заңды тұлға: коммерциялық ұйым және коммерциялық емес ұйым болып бөлінеді.

Коммерциялық емес ұйым ұғымы- кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Ұйымның табысы осы адамдар тобының жобаларына, мақсаттары мен міндеттеріне байланысты дамуға және қажеттілікке жұмсалады.

Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:

1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысанын, қызметiнiң мәнi мен мақсатын;

2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;

3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртiбiн және құзыретiн;

4) коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мiндеттерiн;

5) коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбiн;

6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;

7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн;

8) коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату шартын;

9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тәртiбiн;

10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi көздеуге тиiс.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.



Мекеме

1. Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Мекеменiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық заңдарға сәйкес айқындалады.

2. Меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттiк және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.

Қоғамдық бiрлестiк

1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.



Тұтыну кооперативi

1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады.

2. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

3. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес акционерлiк қоғам

1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.

2. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

3. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.



Қор

1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

2. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың шешiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.

3. Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.

4. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. 5. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.

6. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тәртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен тартылады.

7. Қор өз мүлкін пайдалануы туралы есептерді жыл сайын интернет-ресурстарда орналастыруға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.

Қордың түрлерi:

Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн.

Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.

Дiни бiрлестiк

1. Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.

2. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.


  1. Заңды тұлғаларды құру тәсілдері мен тәртібі

1 Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

2. Заңды тұлға заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізілген күннен бастап құрылды деп есептеледі.

Заңды тұлғаны құру тәртібі:

 құрылтай құжаттарын жазбаша түрде дайындау;

 оларды тіркеуші органға беру;

• заңды тұлғалардың тізілімінде мемлекеттік тіркеу.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары: жарғы, құрылтай құжаттары, типтік жарғы, ұйым туралы жалпы ереже.

Заңды тұлғаларды құру тәсілдері: Өкімдік;Ерікті




  1. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі, олардың атауы мен тұрған жері

Заңды тұлға азаматтармен қатар, мүліктік қатынастардыңсубьектісі болып табылатындықтын, ол құқық қабілеттілігіне ие болуға тиіс.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілгі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады (АК-ның 42-бабының 3-тармағы). аңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

Заңды тұлғаның тұрған жерi

1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады.

2. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.

3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда заңды тұлға нақты мекенжайының Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiміне енгiзiлген мекенжайына сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқылы емес. Бұл ретте, үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға почталық және өзге де хат-хабарды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайына да жіберуге құқылы.

Заңды тұлғаның атауы

1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.

Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Заңды тұлға белгілі бір атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізіледі.

Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңнамада айқындалады.

3. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.




  1. Заңды тұлғаларды қайта құру және оның тәсілдері

1. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, төлем ұйымын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

2. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.

4. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.

Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.




  1. Заңды тұлғаларды тарату ерекшеліктері

1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.

Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;

3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;

4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:

заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;

қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;

5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.

3. Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актiлерiнде осындай талап қоюға құқық берiлген мемлекеттiк орган, ал банкрот болған жағдайда - несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн.

Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн.

4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгiленген тәртiппен таратылуға тиіс.

5. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.




  1. Акционерлік коғамның құқықтық жағдайы

ҚР АК 14 бап: АҚ құқықтық жағдайы:

1) Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;

1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;

2) дивидендтер алуға;

3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;

4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;

5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;

6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;

7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;

8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;

9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;

11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.

1-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;

егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.

2. Ірі акционердің, сондай-ақ:

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

2) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

3) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.

3. Акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

Акционерлердің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін.

4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.


  1. Мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық жағдайы

Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:

1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.

3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.

Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.




  1. Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:

1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;

2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны таза табысты бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн талаптары маңызсыз болады;

4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға.

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

2. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:

1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.




  1. Өңдірістік кооперативтердің құқықтық жағдайы

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi:

мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi;

мүлiктiк (пайлық) жарна енгізу мiндеттiлiгi;

басқарудың демократиялылығы;

өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету;

өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi.

Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.

2. Өндiрiстiк кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген жеке тұлға мүше бола алады.

3. Кооперативке мүше болып кiру үшiн негiзгi жұмыс немесе оқу орны бойынша әкiмшiлiктiң (заңды тұлға органының) келiсiмi талап етiлмейдi.

1. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң құқықтары:

1) осы Заңда және кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға;

2) Кооперативтiң басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметiн жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгiзуге;

3) кооперативтiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде кооперативтiң бухгалтерлiк және басқа құжаттамаларымен танысуға;

4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;

5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп көзделмесе, кооператив қызметiне өз еңбегiмен қатысуына сәйкес оның мүшелерi арасында бөлiнуге тиiстi таза табыстан үлесiн алуға;

6) кооперативтегi өз еңбегi үшiн жалақы түрiнде немесе кооператив белгiлеген өзге де түрде ақы алуға;

7) кооператив өзiнiң мүшелерi үшiн көздейтiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, соның iшiнде өздерi өндiрген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрiншi кезекте алуға қатысты бөлiгiнде пайдалануға, кооператив мүлкiн тұтынуға, кооперативтен әлеуметтiк көмек алуға;

8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;

9) әлеуметтiк қамсыздандыруға;

10) белгiленген тәртiппен кооперативтен шығуға құқығы бар.

Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң мiндеттерi

1. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi:

1) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;

2) жалпы жиналыстың, кооперативтiң сайланбалы басқару органдарының өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн орындауға;

3) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкiне мүлiктiк жарна енгiзуге;

4) кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуды жүзеге асыруға;

5) кооператив мiндеттемелерi бойынша мөлшерi мен тәртiбi осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiкте болуға;

6) өндiрiстiк және еңбек тәртiбiн, еңбектi қорғау ережелерi мен қауiпсiздiк техникасын сақтауға;

7) кооператив өзiнiң коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәлiметтердi таратпауға мiндеттi.




  1. Мемлекет және әкімшілк аумақтық бөліністер түсініг

Әкімшілік-аумақтық бөлініс – мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылу жүйесі. Оның негізінде мемл. өкімет пен басқару органдары құрылып, тиісті жұмыстар атқарады. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.

Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады.

Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.

Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi.

Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер; ауылдарға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.

Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.

Шағын аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады


  1. Мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністердің міндеттемелері бойынша жауаптылық

1. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.

2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарында, ережелерде немесе өзге де актілерде белгiленген өздерінің құзыретi шеңберiнде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктiң атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi иелене алады және оларды жүзеге асыра алады, сотта өкiлдiк ете алады.

Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.

3. Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады.

4. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады.

5. Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.

Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп алу

1. Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.

2. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске заңды тұлғалар туралы қалыптарды қолдану

Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады.


  1. Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы

Азаматтық құқық обьектісі дегеніміз-құқық қатынасы субьектілерінің іс әрекеттері бағытталған материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.

ҚР Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес мүліктік және мүліктік емес игіліктер азаматтық құқық обьектісі бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.

Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Мүлік –азаматтық құқықтың маңызды, назар аударарлық ұғымдаырның бірі болып табылады.

Зат ұғымы және жіктелу негіздер. Зат деп азаматтық құқық тұрғысынан қарағанда физикалық деен ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігін айтамыз.

Азаматтық құқық теориясында заттар бірнеше түрге бөлініп жіктеледі. Оған түрлі негіз

себеп бола алады. Заттарды жіктеп қарастыру терия үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибе

үшін де өте маңызды. Заттардың жіктелуі

1. қозғалатын және қозғалмайтын заттар (ҚР АК 117-бабы);

2. азаматтық айналымда бар, азаматтық айналымда шектеулі және азаматтық айналымнан алынып тастаған заттар (ҚР АК 116-бабы);

3. бөлінетін және бӛлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы); Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз - бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.

Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз - өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.

4. жай және күрделі заттар (ҚР АК 121-бабы); 1. Егер әртектi заттар оны бiрiгу мәнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат) деп қаралады. Күрделi зат жөнiнде жасалған мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.

5. басты зат және керек жарақ (ҚР АК 122-бабы); Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.

6. жеміс, азық түлік және табыстар;

7. Жекеше белгілермен және топтық белгілермен айқындалған заттар ;

8. Жаңды және жансыз заттар;

9. тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар.


  1. Мүлік азаматтық құқық объектісі ретінде
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет