Жұмыскердің міндеттері
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
3. Жұмыскердің Еңбек кодексінде көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері
Кәсіптік одақтардың қызметі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V заңымен реттеледі.
Кәсiптiк одақ (кәсіподақ) – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады.
Кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі
3-тарау. Кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің мәртебесі
12-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі
1. Облыстар аумағының жартысынан астамында мүшелік ұйымдары бар республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады.
2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтардың қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақтар мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың іс-қимылын үйлестіруге жәрдемдеседі.
4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:
1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды;
2) республикалық кәсіподақтар бірлестігіне кіретін кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлейді және айқындайды;
3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі;
4) республикалық жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет етеді, жобаны дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады;
5) әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады;
6) мүшелік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және оларға шетелдік, халықаралық кәсіподақ бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі;
7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын бекітуге құқылы.
13-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі
1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады.
Аудан, қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі тиісті аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады.
3. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:
1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды;
2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі;
3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады;
4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның жұмысына қатысады;
5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14-бап. Салалық кәсіподақ
1. Салалық кәсіподақты сала қызметкерлерінің немесе ұйымдарының жалпы санының кемінде жартысын біріктіретін немесе облыстардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, ұйымдық мүшелері бар, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір қызмет саласының және онымен сабақтас салалардың қызметкерлері құрады.
2. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады және салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
3. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары:
1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды;
2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі;
3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады;
4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады;
5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Салалық кәсіподақ филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттігі шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
15-бап. Жергілікті кәсіподақ
1. Жергілікті кәсіподақты, әдетте, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір ұйымның қызметкерлері құрады.
Жергілікті кәсіподақ салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымы болып табылады.
2. Жергілікті кәсіподақ ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
16-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы
Кәсіподақтың бастауыш ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақтың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.
Еңбек шартының түсінігі,тараптары, мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |