Азаматтық құқық обьектісі дегеніміз-құқық қатынасы субьектілерінің іс әрекеттері бағытталған материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.
ҚР Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес мүліктік және мүліктік емес игіліктер азаматтық құқық обьектісі бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің обьектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және т.б. жатқызылады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадыр қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке ӛмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Материалдық емес игіліктер мен құқықтардың негізгі түрлері ҚР АК 115-бабының 3-тармағында қарастырылады.
Мүлік –азаматтық құқықтың маңызды, назар аударарлық ұғымдаырның бірі болып табылады.
Зат ұғымы және жіктелу негіздері
Зат ұғымы және жіктелу негіздер. Зат деп азаматтық құқық тұрғысынан қарағанда физикалық деен ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігін айтамыз.
Азаматтық құқық теориясында заттар бірнеше түрге бөлініп жіктеледі. Оған түрлі негіз
себеп бола алады. Заттарды жіктеп қарастыру терия үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибе
үшін де өте маңызды.
Заттардың жіктелуі
1. қозғалатын және қозғалмайтын заттар (ҚР АК 117-бабы);
2. азаматтық айналымда бар, азаматтық айналымда шектеулі және азаматтық айналымнан алынып тастаған заттар (ҚР АК 116-бабы);
3. бөлінетін және бӛлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы);
4. жай және күрделі заттар (ҚР АК 121-бабы);
5. басты зат және керек жарақ (ҚР АК 122-бабы);
6. жеміс, азық түлік және табыстар;
7. Жекеше белгілермен және топтық белгілермен айқындалған заттар ;
8. Жаңды және жансыз заттар;
9. тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар.
Мәміле ұғымы және белгілері, мәміленің жарамдылық шарттары
1) Азаматтық кодексің 147-бабында мәміленің ұғымы берілген. Онда – «Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.»
Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада:оны жасаудың нәтижесінде азаматтық құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және тағы басқа белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады.
Мәмілелер мәміле жасаушыға азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүктейді.
Мәмілелер саналы түрде жасалынатын азаматтардың әрекеттері болып табылады. Бұл құжатта олардың өзара мәміле жасау туралы еркілері көрсетіледі.
Мәміле дегеніміз – азаматтардың ерікті актісі болып табылады.
Мәмілелер тіркелген күннен бастап қолданылады және мәмілелер орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда ол жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы
Мәміленің түрлері және олардың жарамсыздығы.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп танылады.
Мәмілелерге екі немесе оданда көп тараптар қатысатын болса, онда ондай мәмілелерді шарттар деп атайды.
Мәміленің шарт болуы үшін тұлғаның жай келісімі ғана емес, олардың әрекеттері екі жақты келісіммен, яғни, әр тұлға өзінің жасағалы отырған келісімін түсініп, бағалап және оған риза болуы керек.
Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.
Мәміле нысанын сақталмауының құқықтық салдары
Азаматтық кодекстің 157-бабының 1-тармағында мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Осы қойылған талаптардың біреуі ғана сақталмай қалатын болса, онда мәмілелер жарамсыз болады және оның заңды күші болмайды.
Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыздығы келесідей түрлерге бөлінеді:
1) Субъектілі құрамының заңсыз мәмілелер.
2) Ерік білдіру заңсыздығы.
3) Мәмілелердің нысанының дұрыс еместігі.
4) Мәмілелердің мазмұнының заңсыздығы.
Мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер Азаматтық кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.
Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.
Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.
Мәміле түрлері
Мәмілелер:
ауызша
жазбаша нысанда жасалынады(жай немесе нотариалды).
Мәмілелер сөз жүзінде жасалынатын болса онда олар - ауызша жасалған деп есептелінеді.
Ауызша жасалған мәмілелер жасалған реттен бастап бітетін немесе аяқталатын болса ауызша жасалған деп танылады.
Үндемей қалуы сол мәміле жасауға ерік білдіру деп табылады.
Мәміленің түрлері және олардың жарамсыздығы.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп танылады.
Мәмілелерге екі немесе оданда көп тараптар қатысатын болса, онда ондай мәмілелерді шарттар деп атайды.
Мәміленің шарт болуы үшін тұлғаның жай келісімі ғана емес, олардың әрекеттері екі жақты келісіммен, яғни, әр тұлға өзінің жасағалы отырған келісімін түсініп, бағалап және оған риза болуы керек.
Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.
мәмілелер
Шарт бойынша өз қызметі үшін немесе міндеттерін орындағаны үшін, немесе бір-біріне бір нәрсе беруі керек болатын болса, сол үшін ақы алса, онда ол ақылы шарт болып табылады.
Бір тарап екінші бір тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсебермей бір нәрсе ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз болып табылады. Бұған мысалы ретінде мүліктік ақысыз пайдалану шарты жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |