, мәмілелер
«нақты» (латын сөзі rеi - зат)
«консенсуалды» (латын сөзі – consensus) келісушілік, келісім, біркелкілік) болып екіге бөлінеді.
Консенсуальдық мәміле-оның тараптары келісімге қол жеткізген сәттен бастап жасалды деп
есептеледі. Консенсуальды мәмілеге мысал
ретінде сату, сатып алу шарты жатады.
Нақты мәміледе- бір затқа сатып алушы ақшасын төлемейді бірақ ол затты алып кетпейді.
Сатушы сатып алушының затын сатып алушыға жеткізген кезде нақты мәміле орындалды деп есептеледі.
Мәмілелер басқа негіздер бойынша:
Казуальды
Абстрактілі болып екіге бөлінеді.
Казуальды мәміле оның жасалу күшінің негізіне себебіне байланысты жасалу жолының көрсетілмеуі, жасалып қойылған бір жақты мәміленің заңдық күшінен жойылуына әкеп соғады.
(Мысалы: сатыа алушы тауарды алмай алдын ала төлем ақысн төлеп қояды, бірақ сатушы тауарды жеткізген жоқ. Сатушының сатып алушының ақшасына құқығы болмайды.)
Абстрактілі мәміле керісінше оның жасалу жолымен қатар, жасап отырған тараптардың еркін білдіреді.
(Мысалы: Вексель беруші. Алынған тауардың сапасы төмен болса Вексельді қайтарып өндіріп алуға болмайды.)
Негізгі және қосымша (акцессуорлы) мәмілелер арасында өздерінің айырмашылығы болады.
Акцессорлы мәмілелер негізгі мәмілелерді толықтырады. Акцессорлы мәмілелер негізгі мәмілелерге кепіл, кепілдік және кепіл болушысын, кепіл пұл және т.б. жатады.
Кез-келген шарт – мәміле, бірақ кез-келген мәміле – шарт емес.
Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.
Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешімінде сотта дау айтылуы мүмкін.
Жасалған мәмілелердің барлығы тіркелген кезден бастап, өзінің заңды күшіне ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |