Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Еңбек құқығының ерекше қайнар көзі



бет4/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Еңбек құқығының ерекше қайнар көзі:Азаматттардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі болып табылады.Еңбек кодексі 5-бөлім,23 тарау,204 баптан тұрады.


  1. Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі,түрлері

Еңбек қатынастарының субъектілері –еңбек құқықтары мен міндеттерге ие бола алатын және оларды жүзеге асыра алатын еңбек заңнамасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушылары. Осындай субъектілердің еңбек құқыққабілеттілігі бар болуы қажет, яғни еңбек заңнамасымен танылатын еңбек құқықтарын ие болу қабілеті, және еңбек әрекет қабілеттілігі, яғни заңи маңызы бар әрекеттер жасау қабілеттілігі.

Жұмыскер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.

Жұмыскердің құқықтық мәртебесінің элементтері:

 субъектінің құқық және әрекет қабілеттілігі (құқықсубъектілігі);

 заңнамамен оған берілген құқықтар мен міндеттер;

 осы құқықтар мен міндеттердің кепілдіктері;

 субъектіге жүктелген міндеттерді тиісінше орындамау үшін жауапкершілік

Деликтіқабілеттілік қызметкердің еңбек саласында құқықбұзушылықтар жасау және олар үшін заңи (тәртіптік, материалдық) жауапкершілікте болу қабілетін білдіреді.

Еңбек құқыққабілеттілігі

Туылған кезде пайда болатын азаматтық құқыққабілеттілікке қарағанда, еңбек құқыққабілеттілігі заңмен 16 жасқа толумен байланыстырылған.

Еңбек шарты:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін еңбек заңнамасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

Жұмыс беруші – жұмыскермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға

Жұмыс берушілердің еңбек құқықсубъектілігі екі белгімен анықталады: оперативті (ұйымдық) және мүліктік

Оперативті (ұйымдық) белгі ұйымның қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығаруды жүзеге асыру, олардың еңбегі ұйымдастыру, еңбектің барлық қажетті жағдайларын жасау, әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға және т.б. қабілетін сипаттайды.

Мүліктік белгі ақшалай қаражатқа билік ету (еңбекке ақы төлеу қоры, өзге де тиісті қорлар), қызметкерлермен еңбек үшін есеп айырысу, оларды көтермелеу, материалдық қамтамасыз етумен байланысты өзге де жеңілдіктер беруге мүмкіндігін айқындайды.

Кәсіптік одақтар

Кәсіптік одақтардың қызметі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V заңымен реттеледі.Кәсiптiк одақ (кәсіподақ) – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады.




  1. Жұмыс беруші –еңбек құқығының субъектісі ретінде

Жұмыс беруші – жұмыскермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға

Жұмыс берушілердің еңбек құқықсубъектілігі екі белгімен анықталады: оперативті (ұйымдық) және мүліктік

Оперативті (ұйымдық) белгі ұйымның қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығаруды жүзеге асыру, олардың еңбегі ұйымдастыру, еңбектің барлық қажетті жағдайларын жасау, әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға және т.б. қабілетін сипаттайды.

Мүліктік белгі ақшалай қаражатқа билік ету (еңбекке ақы төлеу қоры, өзге де тиісті қорлар), қызметкерлермен еңбек үшін есеп айырысу, оларды көтермелеу, материалдық қамтамасыз етумен байланысты өзге де жеңілдіктер беруге мүмкіндігін айқындайды.



Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

Жұмыс берушінің құқығы:

1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;

5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

6) еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;

7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;

8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

10) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

11) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

12) жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.

2. Жұмыс беруші міндетті:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

2) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

3) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;

5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;

7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;

8) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;

9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;

10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;

17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;

18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;

19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;

21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;

22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;

24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.



  1. Қызметкер –еңбек құқығының субъектісі ретінде



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет